Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шет елдерде денсаулық сақтау саласын қолдау

Зейнетақымен сақтандырудың түрлері | Зейнетақы қорының мәні | Индустриалды технологиялық стратегия | Азақстанның инвестициялық саясаты | Индикативтік жоспарлау түсінігі | Индикативтік жоспарлаудың мақсаттары | Стратегиялық, тактикалық және ағымдық жоспарлар | Леуметтік-экономикалық саланы 2010 жылға дейін дамытуда қойылып отырған мақсаттар | Тақырып. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қорғау шаралары | Азақстанның жағдайы төмен отбасылар мен мүгедектерді қолдау саясаты |


Читайте также:
  1. Quot;Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
  2. Азақстанның жағдайы төмен отбасылар мен мүгедектерді қолдау саясаты
  3. Бап. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру
  4. Бап. Денсаулыққа жан күйзелiсi жағдайында зиян келтiру
  5. Бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату
  6. Біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы басымдықтары
  7. Денсаулық сақтау объектілері үй-жайларын табиғи және жасанды жарықтандырылуы

Денсаулық сақтау жүйесiн реттеудiң мемлекет тарапынан басымдылығы тек Ұлыбритания мемлекетiнде кездескендiгi ақпарат көздерiнде ашылып жазылып келедi.

Денсаулық сақтау жүйесiнiң Ұлыбританияда Ұлттық денсаулық сақтау жүйесi қызмет атқарады. Денсаулық сақтау қызметiмен дәрiгерлiк көмек екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн ақысыз берiлiп отырған. Содан кейiн тiс емдеу, дәрi-дәрмек сатып алу 50% мөлшердегi жүйе енгiзiлдi. Орта есеппен алғанда емдеу құнының 10%-ын өз қаражаттары бойынша төлеген. Жүмыс iстейтiндердiң барлығы мiндеттi медициналық сақтандыруға кiредi. Сақтандыру жарналары табыстың мөлшерiне тәуелдi. 1983 жылдың сәуiр айынан бастап ауруға бөлiнетiн жәрдем ақының мөлшерi еңбек ақының 69-72%-ын құраған. Бұл мөлшер еңбек ақының мөлшерiне керi пропорционал және жұмыс берушi тарапынан бiр жылда 8 апта көлемiнде бөлiнiп отырады. Егер жұмысшының ауру күнi ұзақ болған жағдайда, бұл жәрдем ақыны жұмыс берушiнiң Ұлттық сақтандыру жүйесiне бөлген қаражаты арқылы iске асырылады. Егер қарапайым ауру кезiнде Ұлттық сақтандыру жүйесi тарапынан жұмыс берушiге артық қаражат мөлшерi қайтарылады, ал кәсiптiк ауру мен өндiрiстiк жарақат кезiнде ол қаражат қайтарылмайды. Аталған сақтандыру жүйесiнiң кейбiр жағдайлары бiздiң жеке сақтандыру компанияларымен ерiктi сақтандыру жүйесiне кiретiн ұйымдар арасында пайдалануы мүмкiн. Дегенмен денсаулық сақату жүйесiнiң мемлекет тарапынан реттелуi және басқарылуы бұрынғы КСРО-дан кейiн осы мемлекетке тән. Денсаулық саласына жұмсалынған қаражат мөлшерi мемлекеттiк бюджеттен басқару вертикалiмен таратылады. Орталықтанған қаржыландыру емдеу құнының бағасының жоғарлауына тежеушi фактор болып табылады.

Денсаулық сақтау саласының мәселелерiн шешудегi белгiлi-бiр деңгейдегi үлестi алып отыратын сақтандыру жүйесiнiң принциптерi. Ол негiзiнен бiр заңмен реттелiнетiн және әлеуметтiк сақтандырудың барлық жүйесiмен тығыз байланыста. Сақтандырушы мен сақтанушыға сақтандыру қаражатын пайдадануға байланысты бақылауға мүмкiндiк құқы берiлген. Сақтанушының құқында емдеу-сауықтыру мекемелерiн және дәрiгерлердi таңдау орын алады. Бұл жүйедегi қаражат көзiнiң құрылуы үш деңгейде қалыптасады:

1.Кәсiпкерлердiң табыстан бөлiнетiн (салық) сақтандыру жарнасы арқылы.

2. Қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбек ақысынан бөлiнген сақтандыру жарнасы арқылы.

3.Мемлекеттiк бюджет тарапынан бөлiнетiн сақтандыру жарнасы есебiнен немесе әлеуметтiк жәрдем ақы арқылы қалыптасады.

Әлеуметтiк медициналық сақтандырудың дамыған жүйесi Германияда орын алып отыр. Бұл жүйе 1883 жылы Бисмарктiң ұйымдастырылуымен құрылып, бүкiл Европаға таралған. Мiндеттi сақтандыру жүйесi өз қызметiн коммерциялық емес сақтандыру ұйымы болып табылатын - ауруханалық кассалар арқылы iске асырады. Бұл тәуелсiз өзiн-өзi басқару ұйымдарының құрылымы заңды түрде анықталынып, бiрнеше кассалардың түрiне бөлiнедi: жергiлiктi (сатанған жанұялардағы жұмыс iстемейтiндерге арналған), өндiрiстiк (жұмыс орнына байланысты), теңiз, ауылшаруашылық және эрзацкассалары (көбiне қызметкерлерге арналған). Олардың қызметiне бақылау және басқару функцияларын үкiметтiк агенттiктер жүргiзедi.

Европаның Франция, Бельгия, Нидерланды, Дания мемлекеттерiнде денсаулық сақатудың мәселелерi басым көпшiлiгi мiндеттi медициналық сақтандыру қорына және кейбiр халықтың өкiлдерiне ерiктi мемлекеттiк және жеке сақтандыру қорларының үлесiне тиiп отыр.

Сақтандыру жүйесiне үлестiк жарнаның мөлшерi еңбек ақы мөлшерiнен және еңбек ақы қорынан жұмсалынады.

Финляндия мемлекетiнiң барлық халқы медициналық сақтандыруға жұмылдырылған. Медициналық қызметтiң 60%-ын пациенттердiң өзi қаржыландырады, 75%-ы диагностикалық зерттеулер, 50%-ы дәрi-дәрмекке жұмсалынады. Жалпы медициналық қызметтiң 39%-ын мемлекет қаржыландырады, 31,5%-ын қоғамдастықтар, 95%-ын - ауруду сақтандыру қызметтерi, 19%-ын - пациенттердiң өз қаржысы арқылы төлейдi.

Мәселен Францияда 5,5-13,45%, Нидерландыда 5,35-13,51%, Бельгияда 2,90-5,55% мөлшерiнде. Аталаған барлық мемлекеттерде сақтанған халық өкiлдерi, әдетте төлейтiн сақтандыру жарнасынан тыс, кейбiр медициналық қызметтер құнының өз қаражаттары есебiнен 20-30% төлеген. Сонымен қатар бұл мемлекеттерде өндiрiсте кездейсоқ жағдайлар, яғни өндiрiстiк жарақат, кәсiптiк ауруларға ақысыз қызмет жасалынады. Ақшалай қаражат еңбекке жарамдылық деңгейiнiң әр түрлiлiгiне байланысты берiледi, ал ақшалай қаражаттың мөлшерi медициналық комиссияның жасаған қорытындысы бойынша өзгеруi мүмкiн. Ұлыбританияға қарағанда бұл мемлекеттерде денсаулықты сақтандыруға байланысты ауқымның кеңейуi көп тараған.

Денсаулық сақтау қызметiне байланысты құрылған Францияның моделiнiң медициналық сатандыру жүйесi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiмен тиiмдi байланыста қызмет атқарады. Әлеуметтiк сақтандыру қорында 20-дан аса сақтандыру түрлерi бар, ал медициналық - ауру бойынша уақытша жұмысқа қабiлетсiздiктен, бақытсыз жағдайдан, туу және т.б. жағдайлардан сақтандыру түрлерi бар. Заң жүзiнде бұл сақтандыру түрлерiмен халықтың 80%-ы қамтылған. Сақтандыру жүйесiнiң сақтандыру құрамына кiретiн 90-нан аса сақтандыру компанияларына жалпыұлттық ұйымдар арқылы бақылау жүргiзiледi. Ұлттық деңгейде құрылған әлеуметтiк сақтандыру қорлары денсаулықты мiндеттi түрде сақтандыру бағдарламаларын қаржыландырады. Қаржы қорының жиналуы, сол қордың 90% көлемiн құрайтын сақтандыру салығын енгiзу нәтижесiнен пайда болады. Осыған сәйкес сақтандыру салығы еңбек ақы қорының 60%-дық мөлшерiн құрайды.

Мiндеттi мемлекеттiк сақтандырудан тыс көптеген қосымша сақтандыру қорларымен әлеуметтiк көмектiң жергiлiктi қорлары қызметтерiн атқару үстiнде. Әлеуметтiк көмек жасайтын қор арқылы 2%-дан асатын сатанбаған халық өкiлдерi медициналық жәрдем қабылдайды.

Жапонияның қазiргi уақыттағы қоғамдық денсаулық деңгейi өте жоғарғы көрсеткiштермен сипатталады. Өмiр сүру ұзақтығы - 80 жас (Қазақстанда 63,5 жас), Балалардың қайтыс болу коэффициентi -10 000 туылған адамға 4,4 -ке тең болып дүние жүзi бойынша ең төменгi көрсеткiшке ие болып отыр. Бұл жетiстiктер Жапонияның медициналық сақтандыру жүйесiн тиiмдi ұйымдастыруының нәтижесi болып табылады. Және әлеуметтiк көмек жөнiнен қарт адамдадың үйлерiнде медициналық көмектi ұйымдастыру алға қойылғaн.

АҚШ-тың денсаулық сақтау саласына қатысты мемлекеттiк саясаты. Алып мемлекет ретiнде американдық тәжiрибеге сәйкес денсаулық сақтау саласындағы саясат жалпы әлеуметтiк көмектi ұлғайтумен барлық мәселенiң шешiлуiн қамтамасыз етпейдi. Ол үшiн денсаулық салысын ұйымдастыру саясаты қажет, яғни қажеттi медициналық қызметке нақтылы төлемдi қамтамасыз ететiн. Нақтылы баға аталған процесте қызмет атқаратын монополиялық жағдайдың тыйым салынуымен қатар, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдiгiнде бекiтiлуi тиiс. Ал, монополиялық режимнiң орын алуы қоғамның бұл әлеуметтiк көмекке жеткiлiксiздiгi байқалады.

ХХ-ғасырдың соңғы ширек ғасырынан бастап америкадағы денсаулық сақату саласы екi шешiлмеген проблемаларға кезектi- медициналық қызметтiң қымбатшылығы және жалпы кепiлденген медициналық көмектiң жоқтығы. Медициналық қызметiтң құнынан басқа тауарлармен қызметтердiң бағасынан жоғарлауы байқалды. Соның нәтижесiгде АҚШ денсаулық саласына (адам басына есептегенде) жұмсаған қаражат Батыстың дамыған мемлекеттерiмен салыстырғанда 2-3 есе көп шығындалады.

АҚШ-тың азаматтары жеке және жанұялық денсаулық сақтандыру жүйесiмен қамтамасыз етiледi. Медикейр - ұлттық сақтандыру бағдарламасымен 65 жатан жоғары зейнеткер жасына жеткен адамдарға арналған. Медикейд - балаларға және әлеуметтiк жағдайы төмен халықтың өкiлдерiне қызмет көрсетедi. Қайырымдылық қорлары мен штаттар арқылы қаржыландырылатын медициналық мекемелер ақысыз қызмет көрсетедi. Жалпы бұл мемлекет бойынша сатанушылар мен қатар зейнеткерлер арасында ұзақ және күрделi аурулардың пайда болу себебiнен толыққанды медициналы көмек алуға көптеген қиындықтар кездеседi. Зейнеткерлердiң медициналық көмекке сатанған жұмысшылармен салыстырғанда 3,5 есе жиi келедi, ал сақтанушылар медициналық көмекке сирек жүгiнгендiгiне қарамастан, медициналық көмектiң қымбатшылығына байланысты белгiлi-бiр деңгейде қаржылық қиындықтарға тап болған.

Сонымен, бiздiң елге АҚШ-тың денсаулық сақтау саласының жүйесiнiң жеке сақтандыру принципiнiң дамып тұрақты түрде қалып отырғандықтан бiздiң елге қажеттiлiгi жоғары емес.

Сонымен, қорыта келгенде принциптi түрде айырмашылықтары бар үш маңызды денсаулық сақату жүйесiн қарастырдық.

1.Мемлекет тарапынан реттеудiң басымдылығы - Ұлыбританияда орын тауып отыр.

2.Сақтандыру жүйесiнiң басымдылығы Европаның мынадай мемлекеттерiнде орын алады: Германия, Франция, голландия, Австрия, Бельгия, Швейцария, Нидерланды, Дания және Латын Америкасының бiрқатар мемлекеттерi.

3.Жеке сақтандыру қорлар жүйесiнiң басымдылығы-АқШ-қа тән.

Жоғарыда көрсетiлген денсаулық саласын реттеу принциптерiнiң аталған мемлекеттердiң еш бiреуiнде толық күйiнде сақталу механизмi кездеспейдi. Сонымен қатар, бұл принциптердiң, мәселен мемлекет тарапынан реттеудiң басымдылығы көбiрек болып немесе сақтандыру принципiнiң денсаулық мәселесiн шешуге үлкен үлесiнiң орын алуы кездеседi.

Батыс Европаның денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға байланысты ерiкшелiктерге келетiн болсақ, оның негiзгi көзi болып табылатын мемлекеттiк бюджет. 1993 жылы мемлекеттiк қаржының үлесi денсаулық сақатуға жұмсалған жалпы шығынның 4/3 бөлiгiн құраған. Бұл қаржыландырудың пропорциясы Норвегияда 93,3%-ын құраса, одан төменгi мөлшер Люксембург, Бельгия, Исландия, Бiрiккен корльдiк және Данияда 80% жалпы денсаулық сақтауға жұмсалған шығынның көлемiн мемлекеттiк бюджет қамтамасыз еткен. Одан төмен деңгейдi Португалия -55%-ық мемлекеттiк үлеске тиесiлi болған.

Бұл мемлекеттер арасында стационарлық, амбулаториялық және дәрi-дәрмекке жұмсалынған шығындардың әртүрлiлiгi ондағы ұйымдастырушылық және қаржылық механизмдердiң ерекшелiгiмен түсiндiрiледi. 1993 жылы Люксембургте амбулаториялық емдеуге денсаулық сақтау саласына жұмсалған шығынның жартыға жуық мөлшерi жұмсалынса, Бельгия, Дания, Швейцария және Франция мемлекеттерiнде аталған шығын - 30%-ды құраған, ал Испания небәрi-15%-ды жұмсаған. Дәрi-дәрмекке қажеттi шығын бұл мемлекеттерде ЖIӨ-нiң өсу қарқынынан жоғары қарқында өскен. Франция мен Германияда дәрi-дәрмекке бұл ммелекеттерде көп шығын жұмсалынады, ал Германия денсаулық сақтауға қажеттi қаражаттың 17%-ын осы дәрi-дәрмекке жұмсаған.

Орталық Шығыс Европаның (ОШЕ) денсаулық сақтауға жұмсаған шығының мөлшерi ЖIӨ-нен экономикалық жағдайлардың мүмкiндiктерiне байланысты 1994 жылғы мәлiметтерге сәйкес Албанияда 2,8%-дан Словенияда 7,2%-ға дейiнгi шығынды қамтиды (сурет 3). Бұл көрсеткiштер Батыс Европамен салыстырғанда орта есеппен алғанда төмен, бiрақ ОШЕ елдерi өздерiнiң табыс деңгейiне қарамастан ұлттық табыстарының көп бөлiгiн денсаулық сақтау салаларына жұмсайды. Ашық экономикаға көшу кезеңiнде бұл үлестiң мөлшерi өсе түскен. ЖIӨ-нiң нақтылы өсiмiн күрт төмендеуiне қарамастан 1987-1994 жылдары, денсаулық сақтауға жұмсалған нақтылы шығын мөлшерi ЖIӨ-нiң өсу қарқынын өсiп немесе одан баяу қалыпта қысқарып отырған.

Бұл мемлекеттердегi медициналық персоналдарға жұмсалған шығын мөлшерiнiң қысқартылуы жалпы денсаулық сақтауға жұмсалған шығынның қысқартылуымен байланысты емес. Медициналық персоналдарға жұмсалған нақтылы шығынның мөлшерi денсаулық сақтауға жұмсалған мемлекеттiк шығынның мөлшерiне тәуелдi болып, өзгерiп отырған. Мәселен, Венгрияда медициналық персоналдарға нақтылы мемлекеттiк шығыны медициналық сақтандыру жүйесiн енгiзгеннен кейiн 20%-ға өскен, ал бұл өз алдына дәрiгерлердiң табысын көтерудi мақсат еткен, сақтандыру жүйесi жетiстiкке жетiт десе болады. Бiрақ, кейбiр мемлекеттерде денсаулық сақтауға жұмсалған мемлекеттiк шығынның қысқаруына байланысты дәрiгерлердiң жалақысына жұмсалынатын қаражат мөлшерi де төмендеген. Кейбiр мемлекеттерде медициналық қызметкерлер, оның iшiнде фармацевттер мен тiс дәрiгерлерi жекеменшiк секорға ауысты, ол өз алдына мемлекеттiк қаражаттың қысқаруына әкелiп соқты, ал кейбiр мемлекеттердiң медицина қызметкерлерi мемлекеттiк секторда қала бередi. Бұл денсаулық сақтаудағы өзгерiстердiң себебi қызметкерлер санының жаппай қысқаруынан емес, сiрә нақтылы еңбек ақыларының төмендеуiмен байланысты болуы мүмкiн. Польша. Денсаулық сақату саласын бюджеттiк қаржыландыру принципiнен бас тартып, тек қаржыландырудың медициналық сақтандыру формасына ауысуды қалады. Яғни, әр жыл сайын мемлекеттiк бюджеттi бекiту барысында болатын бұлыңғыр саясаттың орнын, халықтың ақшалай табысынан тәуелдi қаржылардан денсаулық сақтауға қажеттi қордың құрылуына сенiм бiлдiрiлдi.


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 499 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Шет мемлекеттердің әлеуметтік саясатқа араласу дәрежесі| Шет елде білім беру саласын жетілдіру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)