Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қорғау шаралары

Леуметтік қорғау жүйесінің бағыттары | Зейнетақы түсінігі, зейнетақылық қамсыздандыру | Зейнетақылық қамсыздандыру принциптері | Зейнетақымен сақтандырудың түрлері | Зейнетақы қорының мәні | Индустриалды технологиялық стратегия | Азақстанның инвестициялық саясаты | Индикативтік жоспарлау түсінігі | Индикативтік жоспарлаудың мақсаттары | Стратегиялық, тактикалық және ағымдық жоспарлар |


Читайте также:
  1. Quot;Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
  2. Алтыншы. ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін
  3. Ананы қорғау. Әйелдерге үндеу
  4. Бүкіл Қазақстан, Орта Азия, Сібірдің бір бөлігі және Кавказды қамтыған қозғалыс болды:1916 ж.
  5. Б.з.д. YII-I ғғ. Орталық Қазақстан территориясында басым болды: Тасмола мәдениеті
  6. Баланы қорғау
  7. Бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қастандық жасау

 

Дәріс жоспары:

1. Жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі

2. Қазақстанның жағдайы төмен отбасылар мен мүгедектерді қолдау саясаты

 

Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу "Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" және "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес жүзеге асырылады.
Жәрдемақылар тұрақты немесе біржолғы төлем түрінде беріледі. Тұрақты негізде төленетін жәрдемақыға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы жатады. Үстіміздегі жылдың 1 каңтарындағы жағдай бойынша, елімізде 645 мыңнан астам адам, оның ішінде 389,6 мың адам мүгедектігі бойынша, 15,5 мың адам жасына байланысты және 24,6 мын адам асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады. 2003 жылы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлемдеріне республикалық бюджет қаражатынан 34 миллиард теңге жұмсалды.

Елбасының 2004 жылдың 19 наурызындағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2005 жылы мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін, оның ішінде бірінші топтағы мүгедектердің жәрдемақысын — 3 айлық, есептік көрсеткіш (АЕК), екінші топтағы мүгедектердің жәрдемақысын 2,5 АЕК, үшінші топтағы мүгедектердің жәрдемақысын — 2 АЕК арттыру көзделіп отыр. Ал 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін жәрдемақыны — 3 АЕК, отбасындағы еңбекке жарамсыз әр адамға асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін жәрдемақыны 0,5 айлық есептік көрсеткіштен 1 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру көзделуде.
1999 жылы әлеуметтік кепілдіктер берудің атаулылығы мен халықтың әлеуметтік осал буындарының мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыруға теңдей қол жеткізуі, мемлекеттік бюджеттің орындалуын бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатымен заңдардың жеңілдіктер беру бөлігінде реформалау жүргізілді, осыған сәйкес заттай жеңілдіктер арнаулы мемлекеттік жәрдемақылармен ауыстырылды.

Мұнда жәрдемақылар әлеуметтік түрғыдан осал азаматтардың 16 санатына төленеді. Олардың ішінде соғыс ардагерлері мен мүгедектері, оларға теңестірілген адамдар, Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, Даңқ және III дәрежелі Еңбек даңқы орденінің иегерлері, "Алтын алқа", "Күміс алқа" немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған төрт немесе одан да көп баласы бар аналар мен басқа да санаттағы азаматтар бар. 2004 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатыңдардың саны 995 мыңнан астам адам болып отыр. 2003 жылы мемлекеттік бюджеттен осы төлемдерге 17 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.
Ана мен баланы әлеуметтік колдау шаралары ерекше маңызға ие болып келеді, Осы мақсатта 2003 жылдың 1 қаңтарынан отбасының табысына қарамастан, бала туған кезде берілетін атаулы әлеуметтік көмекті есептеу кезінде отбасының табысына есептелмейтін, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде республикалық бюджеттен біржолғы жәрдемақы төлемдері енгізілді.


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 128 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Леуметтік-экономикалық саланы 2010 жылға дейін дамытуда қойылып отырған мақсаттар| Азақстанның жағдайы төмен отбасылар мен мүгедектерді қолдау саясаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)