Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстанның жағдайы төмен отбасылар мен мүгедектерді қолдау саясаты

Зейнетақы түсінігі, зейнетақылық қамсыздандыру | Зейнетақылық қамсыздандыру принциптері | Зейнетақымен сақтандырудың түрлері | Зейнетақы қорының мәні | Индустриалды технологиялық стратегия | Азақстанның инвестициялық саясаты | Индикативтік жоспарлау түсінігі | Индикативтік жоспарлаудың мақсаттары | Стратегиялық, тактикалық және ағымдық жоспарлар | Леуметтік-экономикалық саланы 2010 жылға дейін дамытуда қойылып отырған мақсаттар |


Читайте также:
  1. Азақстанның болашағы - қазақ тілінде.
  2. Азақстанның инвестициялық саясаты
  3. Бап. Денсаулыққа жан күйзелiсi жағдайында зиян келтiру
  4. Денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайларындағы инфрадыбыс және жиілігі төмен шудың рұқсат етілетін деңгейі
  5. Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақмерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысады.
  6. Нысана құрамындағы қоспаны төмендету және оны тазалау әдістері

Қазіргі кезде Үкіметте балалы отбасыларды қолдаудың қосымша шараларын енгізу туралы ұсыныстар әзірленуде. Бұл жәрдемақы төлемдерінен басқа, егер табысы белгіленген кедейлік шегінен аспайтын болса, отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Бұл отбасын әлеуметтік қорғауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік жәрдемакыларды тағайындаудың қолданыстағы жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің келешектегі 2008 жылға дейінгі қызметінің ең басты басымдықтарының біреуі мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды жетілдіру болып табылады. Осы мақсатта алдымызда ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтау әдістемесіне өзгерістер енгізу шаралары тұр. 2005 жылдан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізіледі, ол заңды сектор қызметкерлерін әлеуметтік қорғаудың косымша нысаны болып табылады. Жеңілдіктерге қатысты айтатын болсақ, заттай жеңілдіктердің арнаулы мемлекеттік жәрдемақылармен ауыстырылғанына қарамастан, азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына берілетін жеңілдіктердің жекелеген түрлері сақталды. Мүгедектер мен ардагерлерді сауықтыру үшін мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде жыл сайын республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді. Оларды сауықтыру жөніндегі қызметтер көрсетуді Алматы қаласындағы "Ардагер" республикалық пансионаты мен Бурабай курорттық аймағындағы "Жеке батыр" шипажайы жүзеге асырады.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын тойлау шенберінде соғыс мүгедектері мен қатысушыларының ТМД елдері аумағында (келісім бойынша) темір жол көлігімен жылына бір рет жеңілдікпен жүруін белгілеу жөніндегі мәселе қаралуда. Сондай-ақ, соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне берілетін жәрдемақы 15 айлық есептік керсеткішке дейін көбейетін болады.

Әкімдер мен кез келген меншік нысанындағы ұйым басшыларына Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға,сондай-ак, олардың жесірлеріне соғыста қаза тапқан әскери кызметшілердің отбасына, тылда еңбек еткен және әскери қызметін өтеген еңбекшілер мен азаматтарға тиісті бюджеттер мен қайырымдылық қорларының қаражаты есебінен әлеуметтік қорғаудың қосымша шараларын және емделуге барып-қайту, сондай-ақ көмектің материалдық және басқа да түрлерін көрсету жөнінде жеңілдіктер белгілеуге құқық берілген.
Сонымен қатар, бала кезінен және аурудан болған мүгедектерге белгілі бір жеңілдіктер беріледі олар компенсаторлық-техникалық жабдықтармен — протездермен, сурдо және тифлотехникамен, мүгедектер арбасымен қамтамасыз етіледі.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласына қатысты заңнама жетілдірілуде. "Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасына" сәйкес "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобасы әзірленді.
Заң жобасында осы күні қолданылып жүрген нормалардан басқа, алғаш рет мүгедектерді оналту жабдықтарымен қамтамасыз ету және мүгедектердің жоғары және орта кәсіптік оқу орындарына түсуі үшін квота бөлу мәселесі көзделген. Мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатыңда жұмыс орындарын квоталау, шағын және орта бизнесті, жеке кәсіпкерлікті дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын, арнаулы жұмыс орындарын кұру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және мүгедектерді қорғайтын басқа да әлеуметтік шаралар белгіленетін болады. Сондай-ак, жобада жұмыс берушілердің мүгедектерді әлеуметтік қорғауға қатысуы, жұмыспен қамту және кәсіби оңалту саласындағы міндеттері мен жауапкершіліктері айқындалады. Жұмыс берушінің жеке қаражаты есебінен мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың қосымша шараларын қабылдау құқығы көзделеді.

 


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 125 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қорғау шаралары| Шет мемлекеттердің әлеуметтік саясатқа араласу дәрежесі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)