Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Индикативтік жоспарлаудың мақсаттары

Мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу қызметі | Экономикалық-саяси принциптер | Леуметтік қорғау жүйесінің түсінігі | Леуметтік қорғау жүйесінің бағыттары | Зейнетақы түсінігі, зейнетақылық қамсыздандыру | Зейнетақылық қамсыздандыру принциптері | Зейнетақымен сақтандырудың түрлері | Зейнетақы қорының мәні | Индустриалды технологиялық стратегия | Азақстанның инвестициялық саясаты |


Читайте также:
  1. I-Бөлім.Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны
  2. Индикативтік жоспарлау түсінігі
  3. Стратегиялық жоспарлаудың мәні және құрылымы

- ішкі және әлемдік (дүниежүзілік) нарық коньюнктурасы,инвестиция не басқа шаралардың қожалық етуші субьектілердің экономикалық тетігіне әсер етуі,бюджеттік ассигновениенің мемлекет ұсынған бағыттары туралы ақпарат жүйесін қалыптастыру;

- мемлекеттік (ұлттық) бағдарламалар негізін құрайтын көрсеткіштерді нарық субьектілеріне ұсыну. Бұл көрсеткіштер субьектілерге өз шаруашылық әрекеттерін іске асырғанда қажет болуы мүмкін;

-тауар өндірушілерді жаңа техника мен технологияны дамыту, басқа да ғылыми-техникалық прогресс табыстарын пайдалану мәселелеріне бейімдеу(бағдар беру)

Индикативтік жоспарды қалыптастыру кері байланыс принципімен жүзеге асады:

-үкімет экономикалық саясаттың бас стратегиясы мен негізгі бағыттарын жасайды, макроэкономикалық көрсеткіштер түрінде индикаторлар құрамын (экономика тетіктерін) нақтылайды,олар келешекте субьектілердің шаруашылық әрекеттерін дамытуда есепке алынады, өз кезегінде шаруашылық субьектілерінің талап-тілектері мен көрсеткіштері республиканың (облыс,аудан) әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарын жасауда ескеріледі.

Әлеуметтік-экономикалық даму процесінің бірлігі мен мақсаттылығын қолдау үшін жоспарлаудың жаңа жүйесі мына негізгі талаптарды қанағаттандыруы керек:

-экономиканы басқаруда шаруашылық салалары мен секторларын мүмкіндігінше толық қамтамасыз ету, оларды қойған мақсаттарға жетуге бағыттау;

-нарық механизмін негізге ала отырып,шаруашылықтың өз қарекетін күнделікті реттеп отыруын жоғары дәрежеде қамтамсыз ету; шаруашылық салаларының экономикалық бастамаларын көрсетуге қажетті мүмкіндіктер беру;

-нарық механизмін баса пайдалануды үдемелі өндіріс процесіне саналы әсер етумен бірге қолдану,әрине,мұнда экономиканың жалпы тепе-теңдігі бұзылмауы керек;

- реттеу әсерлерінің әдістерін әр түрлі жағдайларға бейімдеу,яғни басқару нысанының сипатын меншік түріне және өндірістің маңызына қарай таңдап ала білу.

Дамудың индикативтік жоспары мына негізгі принциптерге сүйенеді:

-жоспардың стратегиялық мақсат пен ағымдағы даму міндеттерін жүзеге асыруға бағытталуы;

-жоспардың үздіксіздігі,яғни ағымдағы,орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлардың өз мезгілінде жасалуы;

-макроэкономикалық тепе –теңдікті қамтамасыз ету,жоспардың өндірістегі шығындарды азайтуға бағышталуы;

- жоспар шешімдерін қабылдауға кешенді сипат беру;

- жоспарлаудың икемділігі және ыңғайлылығы,ол үдемелі,ұдайы өндіріс жағдайларының өзгеруін уақытында реттеп отыруға мүмкіндік береді;

- халық шаруашылығының басты,басым салаларын бақылауды қамтамасыз ету;

-қабылданған шешімдердің (көрсеткіштердің) ғылыми негізде дұрыстығын ескеру.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың әртүрлі бағыттары бойынша стратегиялық мәні бар және мемлекеттің қуатты әсерін талап ететін жоспарлар жасағанда,оны қалыптастыруда және оны орындауда қатаң талаптар жоққа шығарылмайды. Олар әсіресе ұлттық бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты кез келген индикативтік жоспар мына бөлімдерді қамтиды: тұжырымдамалық бөлім(әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) және жоспарлы реттеуші бөлім(экономикалық реттеушілер жүйесі мен мемлекеттік мақсатты кешенді бағдарламалар). Мұнда алғашқы

Екеуі ұсыныс сипатында,ал үшіншісі –міндетті талап болып табылады.

 


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 205 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Индикативтік жоспарлау түсінігі| Стратегиялық, тактикалық және ағымдық жоспарлар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)