Читайте также:
|
|
Атап айтқанда, 2010 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық саланы дамытуда мынандай негізгі мақсаттар алға қойылады:
-жекелеген секторларда орнықты әрі басқалармен бәсекелесе алатындай экономика қалыптастыруды жалғастыру;
- жалпы ішкі көлемнің кем дегенде екі есеге көбейту;
- экономиканың аса маңызды салаларында ұлттық капиталдың үлесін арттыруға қол жеткізу;
- халықтың әл-ауқатын анағұрлым арттыру.
Бұл міндеттерді орындау шартты түрде үш кезеңде жүзеге асырылады.
Бірінші кезеңде ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттар –экономиканың жоғары қарқынмен дамуын қамтамасыз ету және еліміздегі халықтың тұрмыс деңгейін арттыру көзделеді.
Екінші кезең ұзақ мерзімді мақсаттарға –экономика мен халықтың тұрмыс деңгейі құрылымдарына сапалық өзгерістер енгізуге бағытталады.
Үшінші кезеңде әлеуметтік-экономикалық мақсаттар-елімізде экономиканың,әлеуметтік саланың және экологиялық жағдайдың тұрақты дамуға көшуі белгіленеді.
Ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар бойынша елімізде бәсекелестігі зор экономика құру,соның негізінде қазақстандық үлгі (модель) қалыптастыру көзделеді. Онда мемлекет экономикалық дамуға белсенді араласып,оның «локомотиві»рөлін атқаруы тиіс.
Соның нәтижесінде:
- ірі-ірі жүйелі құрылымды компаниялар,өнеркәсіптік-қаржылық топтар құрылып,олар аймақтық,мүмкін болса,дүниежүзілік деңгейге көтеріледі;
- орталық және жергілікті басқару органдарының функциялары толық бөлініп анықталады;
- отандық кәсіпорындар бәсекелестік мүмкіндігін арттырып,шетел компанияларымен ішкі және сыртқы рыноктарға еркін араласады.
Стратегиялық жоспарда қойылған мақсаттар жан-жақты сараланып,оған әр түрлі бағыттар бойынша жету жолдары көрсетілген. Онда саяси -әлеуметтік(демографиялық даму,білім және денсаулық реформалары, жұмыспен қамту,халықты әлеуметтік қорғау),өнеркәсіптік-технологиялық және агроиндустриялық санаттар,көліктер инфрақұрылымы,табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау,ақша-несие,салық-бюджет және инвестициялық саясаттар,мемлекеттік меншікті басқару,саяси және әкімшілдік басқару жүйесін реформалау,жергілікті басқару органдарын жетілдіру мәселелері қамтылған.
Орта мерзімді (5 жылға дейінгі) индикативті жоспарлар Қазақстан республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары тұжырымдамасына сәйкес жасалады. Онда мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі тактикалық мақсаттары мен бағыттары және оларға жетуде мемлекеттің ықпал ету жолдары көрсетіледі.
Ағымдағы жоспар орта мерзімдік жоспарда көрсетілген мақсат, мүддені ағымдық макроэкономикалық тепе-теңдікке жетуге бағыштайды. Оның мақсаты-экономикалық саясаттың бұрынғы бағыттарына шаруашылықта қазіргі пайда болған жағдайға және орта мерзімді жоспардағы жағдайдың өзгерістеріне байланысты түзетулер енгізу арқылы нақты шаралар қабылдау. Өз мәнінде жылдық жоспар өндірістік-экономикалық жедел бағдарлама болып табылады. Ол қалыптасқан экономикалық және саяси жағдайларды дәл бағалауға.
Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 152 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Стратегиялық, тактикалық және ағымдық жоспарлар | | | Тақырып. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қорғау шаралары |