Читайте также: |
|
Кірпіш маркасы сығуға және иіліске беріктік шегі мағыналарының орташа және ең аз нәтижесі бойынша анықталады.
Аспаптар: сфералық шыны аяқ, қалақша, әйнек пластиналар, жапырақ қағаз, күрекше, металл сызғыштар, суы бар сыйымдылық, өлшеуіш цилиндр, техникалық таразы және гидравликалық пресс.
Материалдар: маркасы 300 кем емес портландцемент.
а) Сығуға беріктікті анықтау
Портландцементтен болат аяқта су–цемент қатынасы 0,24- 0,30 шектеріндегі қамыр дайындалады.
Сынауға таңдап алынған кірпіштер арамен кесетін станокта дөңгелек арамен екі тең бөлікке кесіледі.
Нұсқалар дайындау алдында кірпішті 5 минуттан кем емес уақытқа суға батырылады.
Әйнек табағына суланған қағаз жапырағын төсейді, оған қалығдығы 4 мм жуық цемент қамырын жағады және кірпіштің жартысын салады. Кірпіштің осы жартысының үстінгі бетіне тағы цемент қамырын жағады және үстіне кірпіштің екінші жартысын төсейді, қағаздағы және жіктегі цемент қамырының артығын пышақпен кесіп алады. Нұсқаның үстінгі бетін тегістеу үшін қайтадан қағазы және қамыры бар әйнек табағын алады және нұсқаны аударып осы қамырға жатқызады. Жіктердің және тегістегіш қабаттардың қалыңдығы нұсқалардың үстінгі және астыңғы беттерінде 3мм- ден 5мм дейін болу керек. Дайындалған нұсқаларда өзара параллелъ және бүйір қырларына перпендикулярлы беттер болуы керек (3.2-сурет).
Бүтін кірпіштен желімделген нұсқаларды сынауға рұқсат етіледі.
Дайындалған нұсқаулар теипературасы 20+30 С және салыстырмалы ылғалдылығы 90-95% үш тәуліктен кем емес әдеттегі қатыру камерасында ұсталады. Сызғышпен нұсқаның әр төсемінің ені мен ұзындығын 1мм дейінгі дәлдікпен өлшейді және екі бет өлшемдерінің орташа арифметикалық нәтижелері ретінде ауданы есептелінеді. Нұсқалар престің тіреу тақтасының ортасына орналастырылады. Сынағанда жүктеме үздіксіз 0,15 МПа/с жылдамдықпен өсу керек.
Нұсқаның сығуға беріктік шегі, Rс, кгк/см2, мына формула бойынша есептелінеді
Rсж = Р / F,
мұндағы Р -нұсқаны сынағанда белгіленген ең үлкен жүктеме, кгк;
F -нұсқаның үстінгі және астыңғы аудандарының орташа арифметикалық мағынасы ретінде есептелінген көлденең қимасының ауданы, см2.
3.5-сурет. Сығуға сынау үшін кірпіштен жасалған текше
Нұсқалардың сығуға беріктігінің орташа шегін сығуға беріктік шегі бойынша орташа арифметикалық мағынасы ретінде 1 кгк/см2 дәлдікпен есептейді. Сынау нәтижелері 3.3-кестесіне жазылады.
3.3-кесте
Сығуға беріктігін анықтау
№ | Қима өлшемдері, см2 | Қима ауданы, см2 | Пресс манометр көрсету-лері | Қирататынжүктеме, кгк | Сығуға беріктігі, кгк / см2 | |
а | в | |||||
б) Иіліске беріктікті анықтау
Аспаптар мен материалдар: дәл кірпіштің сығуға беріктігін анықтауға қолданғандардай.
5 минут бойы кірпішті сумен шылықтырады, осыдан соң үстіңгі төсемде, жүктеме беретін жерде және астыңғы төсемде, кірпіштің тіреуге тірелетін жеріне ені 2-3 см және қалыңдығы 3-5 мм жуық цемент қамырынан жасалған белдеулер қондырылады. Белдеулер металл сызғыштар не үлгілер көмегімен жасалады. Қуыс денелі кірпіште қуыстары тіреулерге ілігетіндерді оларға белдеулер қондыру алдында цемент ертіндісімен толтырылады. Белдеулердің орнына нұсқау бетін тегістеуге рұқсат етіледі.
Нұсқаулар сынауға дейін температурасы +20 0С бөлмеде 3 тәуліктен кем емес ұсталынады.
Нұсқаның биіктігі бүйір қырларының екі өлшемдерінің орташа арифметикалық мағынасы ретінде (тегістегіш қабаттың қалыңдығын қоспағанда) және ені – үстіңгі және астыңғы қырларының екі өлшемдерінің орташа арифметикалық мағынасы ретінде анықталады. Кірпіш орталарының аралық қашықтығы 20см диаметрі 10-15 мм екі цилиндр тіреулеріне орнатылады және аралық ортасына шоғырланған жүктеме орнатылады (3.6-сурет). Сынағанда қуыс денелі кірпіш қуыстарымен төмен қарай төселеді.
Нұсқаның иіліске беріктік шегі Rиіл, кгк/см2, мына формула бойынша есептеледі
Rиіл = 3Р l1 /2b h2,
мұндағы Р - нұсқаны сынағанда белгіленген ең үлкен жүктеме, кгк;
l1 — тіреулер өстерінің арасындағы аралық, см;
b — нұсқа ені, см;
h— тегістегіш қабатысыз аралық ортасы бойынша нұсқа биіктігі, см.
3.6-сурет. Кірпішті иіліске сынау үлгісі
Партиядағы нұсқалардың иіліске беріктік шегі нұсқалардың белгіленген санын сынау нәтижелерінің орташа арифметикалық мағынасы ретінде 0,5 кгк/см2 дейінгі дәлдікпен есептелінеді.
Партияда нұсқалардың иіліске беріктік шегін есептегенде беріктік шегі барлық нұсқалардың беріктік шегінің орташа мағынасынан 50 % астам ауытқуы бар және әр жағына бір нұсқа бойынша астам емес нұсқалар есепке алынбайды. Иіліске беріктік шегінің орталанған мағынасы бойынша кірпіш маркасы анықталады. Сынау нәтижелері 3.4- кестеге жазылады.
3.4- кесте
Иілісте беріктік шегін анықтау
№ | Тіреулерарасындағы аралық, см | Кірпіш ені, см | Кірпіш қалыңды-ғы, см | Мано-метр көрсетулері | Қирату жүкте-месі, кгк | Иіліске берік-тігі, кгк/см2 |
Кірпіш маркасы туралы жалпы қорытындыны (3.5- кесте) марканың орташа және ең аз көрсеткіші бойынша қабылдай отыра сығуға және иіліске сынау нәтижелері бойынша жасау керек.
3.5- кесте
Сығуға және иіліске беріктігі бойынша МСТ530–95
талаптары,МПа (кгк/ см2)
Бұйым маркасы | Сығуда | Иілісте | ||||
бұйымдардың барлық түрлері | пластикалы қалыпталған толық денелі кірпіштің | жартылай тайланған кірпіштің және қуыс денелі кірпіштің | ||||
нұсқа-лар үшін орташа-сы | айы- рым нұсқа үшін ең азы | нұсқа-лар үшін орташа-сы | айы-рым нұсқа үшін ең азы | нұсқа-лар үшін орташа-сы | айы-рым нұсқа үшін ең азы | |
30,0 (300) 25,0 (250) 20,0 (200) 17,5 (175) 15,0 (150) 12,5 (125) 10,0 (100) 7,5 (75) | 25,0 (250) 20,0 (200) 17,5 (175) 15,0 (150) 12,5 (125) 10,0 (100) 7,5 (75) 5,0 (50) | 4,4 (44) 3,9 (39) 3,4 (34) 3,1 (31) 2,8 (28) 2,5 (25) 2,2 (22) 1,8 (18) | 2,2 (22) 2,0 (20) 1,7 (17) 1,5 (15) 1,4 (14) 12 (12) 1,1 (11) 0,9 (9) | 3,4 (34) 2,9 (29) 2,5 (25) 2,3 (23) 2,1 (21) 1,9 (19) 1,6 (16) 1,4 (14) | 1,7 (17) 1,5 (15) 1,3 (13) 1,1 (11) 1,0 (10) 0,9 (9) 0,8 (8) 0,7 (7) |
Өзін- өзі әзірлеуге арналған сұрақтар
1. Керамика кірпішіне өлшемдері және сыртқы белгілері қойылатын талаптар қандай?
2. Кірпіштің орташа тығыздығын қалай анықтау керек?
3. Кірпіштің «күймегені» деген не, кірпіштің механикалық қасиеттеріне «күймегені» болуы қандай әсер етеді?
4. Кірпіш сапасына ізбес қосылыстары қандай әсер етеді,кірпіште ізбес қосылыстарының болуы қалай анықталады?
5. Механикалық сипаттамалары бойынша кірпішке қойылатын негізгі талаптар қандай? Кірпіш маркалары. Кірпіштің механикалық қасиеттерін анықтау әдістері.
6. Кәдімгі керамика кірпіштің орташа тығыздығы, су сіңіруі және аязға төзімділігі
7. Кәдімгі керамика кірпіштің жылу физикалық сипаттамалары (жылу өткізгіштігі, отқа беріктігі, отқа төзімділігі).
8. Снитарлық- техникалық керамиканың түрлері.
9. Қыш тақтайшалар түрлері.
10. Күйдірумен жасалған жеңіл кеуекті толтырғыштардың түрлері.
Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 419 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Кірпіштің су сіңіруін анықтау | | | Рылыс гипсі |