Читайте также:
|
|
Аспаптар: Ќлшеуш металл сызЉыштар, кЏрекше; диаметрi 16 мм дЌнгелек металл шыбы‹, дЌнгелетiлген Ћштары бар ЋзындыЉы 600 мм шыбы‹, стандартты конус, техникалы‹ вискозиметр.
Материалдар: цемент, ‹Ћм, қиыршықтастар (малтатастастар), су.
Бетон қоспасының 1000 литіріне (1м3) материалдардың есептік құрамын 10 литр көлеміне саналады. Компоненттердің алынған санынан сынақ илеу дайындалады және шығарылған бетон қоспасының жылжымалылығы не қаттылығы анықталады.
Араластыруды төменде келтірілген жүйелілікпен жүргізеді. Құмның өлшенген мөлшерін металл астауға жайғастырады. Астау алдын ала беттердің сулануына ылғалды жоғалтпау үшін дымқылды шүбірекпен сүртіледі. Содан кейін цементтің қажетті мөлшерін қосады, сосын біркелкі түсті қоспа болғанда араластырылады; сонан-соң ірі толтырғыш қосылады және барлық қоспаны соған дейін араластырады, қиыршықтас (малтатас) әзірше құрғақ қоспада біркелкі таратылғанға дейін; араластырылған қоспаның ортасында шұңқыр жасалынады, онда өлшенген судың жартысы құйылады, байқап араластырып материалдарды үйіндіге жинайды және судың қалған бөлігін қосады. Осыдан кейін жігермен бетон қоспасын ол біркелкілікке жеткенге дейін күректелінеді; араластыру ұзақтылығы 5 мин құрайды.
6.2.1. Бетон қоспасының жылжымалылығын анықтау
Бетон қоспасын дайындағаннан кейін өлшемі d = 100мм, Д = 200мм, Н = 300мм (6.1-сурет) стандартты конус арқылы оның жылжымалылығы анықталады.
Дымқылданған конус тегіс алаңшаға орнатылады, алқтарымен тіреулерге тұрғызылады, сосын конусты алаңшаға қысып барлық қалыңдығы бойынша әр қабаты 25 рет найзалармен тығыздалып бетон қоспасының 3 қабатымен толтырылады. Тығыздалған қоспа конустың үстінгі жиегімен күрекшемен тегістеледі, сонан-соң оны жоғары тік көтереді және 0,5см дейін дәлдікпен сызғыштың төменгі қырынан бетон қоспасының үстіне дейін аралықты өлшеп, қатар қояды, конус отыруын бетон қоспасының жылжымалылығын анықтаймыз.
Бетон қоспасының алынған жылжымалылығын берілгенмен салыстырады. Егер бетон қоспасының жылжымалылығы 2-кесте бойынша қабылданғанға сәйкес келмесе, оны дәлдеп түзетеді. Жылжымалылығы кем болғанда сынақ илеуге С/Ц қабылданған ара қатысын сақтаумен есептік мөлшерлеріне пропорционал 5-10% цемент пен су қосады.
Егер бетон қоспасының жылжымалылығы қажеттіден артық болса, онда илеуге қабылданған ара қатынасымен есептелгеннің 5-10% құм мен қиыршық тас қосады. Бірнеше әрекет жасау арқылы қажетті жылжымалылыққа жетеді; сонан-соң бетонның есептік құрамы түзетіледі және үш нұсқалар-текшелер жасау үшін жаңа илеу жасалады.
6.1- сурет. Бетон қоспасының жылжымалылығын анықтауға
арналған конус
1 - тұтқа; 2 – аспап корпусы; 3 - таяныштар; 4 – пісірілген жік
6.2.2. Бетон қоспасының қаттылығын анықтау
Бетон қоспасының қаттылығы «Қ» қаттылықты анықтауға арналған аспапта бетон қоспасының алдын ала қалыпталған конусын тегістеу және тығыздауға қажет дірілдету уақытымен (секундпен) сипатталады (6.2-сурет). Толтырғыштың ең үлкен ірілігі қоса санағанда 40 мм дейін түйірлері бар бетон қоспасының қаттылығын төменде келтірілген жүйелілікпен анықтайды. Бетон қоспасының қаттылығын төменде келтірілген жуелілікпен анықтайды.
Аспап діріл алаңшасында орнатылады және келесі тәртіппен жиналады: орнатылады және аспаптың цилиндрлік шығыршығы 1 қатты бекітіледі, онда конус 2 қондырылады және оны тұтқалармен 3, оларды шығыршықтың ойықтарына енгізе бекітеді 4, сонан-соң құйғышты орнатады.
Бетон қоспасымен аспап конусын толтыру, оны тығыздау және пішінделген қоспадан конусты алу жылжымалылықты анықтауға ұқсас өндіріледі. Штатив 5 бұрумен диск 8 бетон қоспасының пішінделген конусының үстіне орнатылады және оны қоспа бұрандамен белгілейтін төлкеге 7 бекітіледі.
6.2- сурет. Бетон қоспасының қаттылығын анықтауға
арналған аспап
1 – негізінде фланеці бар цилиндрлік шығыршық; 2 - конус; 3 – тұтқалары бар ұстағыш сақина; 4 – жүктейтін құйғыш; 5 - штатив; 6 – бағыттаушы төлке;
7 – қыспа бұрандасы бар белгілейтін төлке; 8 – алты тесіктері бар диск;
9 – болат тығырық; 10 - штанга.
Сонан-соң бірмезгілде діріл аланшасы мен секундамерді косады және бетон қоспасының тегістелу мен тығыздауын бақлайды. Дірілдету соңан дейін өндірілінеді, әзірге дисктің екі тесігінең қайсысынан болсада цемент қамырының шыгуы басталғанға дейін. Осы кезенде секундомер мен дірілдеткіш сөндіріледі. Алынған уақыт секундпен бетон қоспасының қаттылығын сипаттайды.
Бетон қоспасының қаттылығы екi қайтара анықталады. Бiрiншi анықтағанда орнатылған аспапта бетон қоспасымен конусты толтырудан бастап және екiншi анықтауда қаттылықты анықтау аяқталғанға дейiн сынаудың жалпы уақыты 15 мин аспау керек.
Бетон қоспасының қаттылығы өзара айырмашылығы 20 % аспайтын қоспаның бiр сынамасынан жасалған қаттылықты екi анықтауларының орташа арифметикалық нәтижелерi ретiнде 1 с дейiн айналдырып есептеледi. Нәтиженiң айырмашылығы көбiрек болғанда анықтауды МСТ 10181.0-81 бойынша таңдап алынған жаңа сынамада қайталайды.
Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 176 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бетон қоспасының 1 м3 судың ұйғарында шығыны | | | Бетонның берiктiгiн анықтау |