Читайте также: |
|
Аспаптар: өлшеуіш сызғыш немесе штангенциркуль, үшбұрышты сызғыш.
Әр партиядан (көлемі мекеменің тәуліктік өнімнің мөлшерінде белгіленеді) 0,5% мөлшерінде,бірақ 100данадан кем емес нұсқаулар таңдап алынады.
Таңдап алынған нұсқаулардың санынан 10 данасы сығуға беріктігін, 5 данасы аязға төзімділікті, 5 данасы су сіңіруін және орташа тығыздығын, 5 данасы ізбес қосылыстары болуын анықтау үшін пайдаланылады.
Астам дымқылды күйде таңдап алынған кірпіш сынау алдында зертхана бөлмесінде 3 тәуліктен кем емес не кептіргіш шкафта +1050С температурада 4 тәулік бойы ұсталады.
Кірпіштің МСТ талаптарына сәйкестілігін анықтау үшін оны байқайды және ары көрсетілген көрсеткіштер бойынша тексереді:
а) ұзындығы, ені, қалыңдығы бойынша ұзындық өлшемдері үш жерде – қырлары және қырының ортасы бойынша металл сызғышпен не арнайы үлгімен 1 мм дейін қателікпен өлшенеді (мм). Ақырғы нәтижеге үш өлшеудің орташа арифметикалық мағынасы қабылданады;
б) төсемі мен бүйір қыры бойынша қырлар мен қабырғалардың тура сызықты еместігі кірпіш пен үшбұрышты сызғыш бұрышының арасындағы ең үлкен саңылау шамасын өлшеп (3.3- сурет) 1 мм дейінгі дәлдікпен анықталады және журналға барлық нәтижелер жазылады;
в) бүйір және үшкір қырларында сызаттар бар болуы анықталады. Сызаттар бір төсемнен басталып, бүйір не ұшты кесіп өтіп басқа төсемге ауысады. Ең үлкен ұзындық бүйір не ұшқа перпендикулярлы төсемдердің біреуі бойынша сызғыш пен үшбұрышты сызғыш көмегімен өлшенеді. Журналға барлық сызаттардың ұзындығы жазылады.
Жарым деп екі қос жартыдан тұратын не толық денелі кірпіштің төсемі бойынша ұзындығы 30 мм астам, қуыс денелерде- кірпіштің барлық қалыңдығы бойынша қуыстардың бірінші қатарына дейін артық бұйымдар саналады;
3.3-сурет. Қырлар мен қабырғалардың тура сызықты еместігін
және бұрыштар мен қырлардың сынықтары
мен жапырылуын анықтау
г) бұрыштар мен қырлардың сынуы мен жапырылуы (қыры бойынша) сынудың жапырылудың ең үлкен ұзындығы мен 1 мм дейінгі дәлдікпен (3.3-сурет) үшбұрышты сызғыш және сызғыш арқылы анықталады. Журналға ең үлкен мағынасы бойынша барлық бұрыштар сынықтарының нәтижелері жазылады, мысалы, L1 > L2 сондықтан L1 = … мм жазылады;
д) «күймеген» және «артық күйгені» бар болуын зерттейтін нұсқаны эталонмен салыстыра отырып түсі және дыбысы бойынша анықтайды. Эталоннан тым ақшыл кірпіш және балғамен соққанда керең дыбыс – күймеудің белгілері. Тұтынушыға «күймеген» және
«артық күйген» кірпішті жеткізіп беру рұқсат етілмейді, өйткені ол жарамсыз деп саналады;
е) ізбес қосылыстарының бар болуын анықтау үшін кірпішті суы бар сауыттың торына орналастырады және бір сағат бойы қайнатады. Қайнату процесінде ізбес қосылыстарының көлемі ұлғайып сөнеді (СаО + Н2О = Са(ОН)2 және кірпіш бетінде сызаттар, сынықтар және жарықтар пайда болуына әкеліп соғады. Ізбес қосылыстары кірпіш бетінде ақ түйірлер түрінде көрінеді.
Сыртқы бақылау бойынша алынған нәтижелерді 3.1- кестеде келтірілген МСТ талаптарымен салыстыру керек және осы партия кірпішінің сапасы туралы қорытынды жасау керек
Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 506 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
КЕРАМИКА МАТЕРИАЛДАРЫ | | | Кірпіштің су сіңіруін анықтау |