|
ХАМЗИН С.Қ. АБДУШКУРОВ Ф.Б.
РЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША
ЗЕРТХАНАЛЫҚ – ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
Колледждер мен бакалавриаттар құрылыс
Мамандықтарының студентеріне арналған
А С Т А Н А 2 0 0 4
К I Р I С П Е
Құрылыс материалдарының өнеркәсібі өзімен оның дамуына Республикмыздың экономикалық потенциалы байланысты орасан зор саланы көрсетеді. Материалдарға жұмсалатын шығындар құрылыс-құрастыру жұмыстарының жалпы құнының жартысынан астамын құрайды. Құрылыс материалдарының өндірісі толып жатқан шикі заттар шығару және өндірумен байланысты. Құрылыс кешенінде күн сайын жаңа технологиялар, материалдар мен бұйымдар пайда болады, олар Қазақстан Республикасының Стандарттының (ҚР СТ) және Мемлекетаралық Стандарттарының (МСТ) талаптарын қанағаттандыру керек.
Құрылыс материалдарына ҚР стандарттары және МСТ-тар дайындаушыларға заң болып саналады, олардың талаптарын барлық көрсеткіштер бойынша қатал орындауды ескереді. Материалдардың зертханалық санауларында сандық сипаттамалары сынау әдістеріне байланысты болғандықтан, студенттермен оларды оқып білу және көрсеткіштерді бағалау негізіне Қазақстан Республикасының стандарттарына және мемлекетаралық стандарттарына сәйкес біріңғай әдістеме қабылданған.
“Құрылыс материалдары мен бұйымдары” пәнін оқып білу студенттерге іс жүзінде негізгі құрылыс материалдарымен, олардың қасиеттерімен, осы қасиетерді анықтау әдістерімен, оларды құрылыста дұрыс бағалап пайдалну мақсатымен танысуға мүмкіндік беретін зертжханалық жұмыстар орындаумен қоса жүреді.
Оқу құралын жасағанда Қазақстан Республикасының стандарттары (ҚР СТ), мемлекетаралық стандарттар (МСТ) және құрылыс мөлшерлері мен ережелері (ҚМЕ) пайдаланылған.
“Жаттықтыру” құрылыс материалдары бойынша негізгі оқылыққа оқу құралы болғандықтан, мұнда студенттер оқитын көп жалпы мағлұматтар жоқ.
Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 206 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Какие выводы следуют? | | | Стандарттардың міндет атқаруы |