Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стандарттардың құрылуы

К I Р I С П Е | Механикалық қасиеттер | ТАБИҒИ ТАС МАТЕРИАЛДАРЫ | Тау жыныстарының қасиеттерін оқып білу | КЕРАМИКА МАТЕРИАЛДАРЫ | Сыртқы байқаумен кірпіш сапасын анықтау | Кірпіштің су сіңіруін анықтау | Кірпіштің маркасын анықтау | Рылыс гипсі | Рылыс ауа ізбесі |


Читайте также:
  1. Осымша интерфейсінің құрылуы
  2. Стандарттардың міндет атқаруы

 

ҚР стандарттары және мемлекетаралық стандарттар белгілі пішін бойынша шығарылады, өзінің нөмірі, бекітілген күні және оларды әрекетке енгізу мерзімі болады. Стандарттар мен МСТ-тар жеке тараулардан тұрады, олардың тізімі мен мазмұны төменде келтірілген:

1 тарау. Анықтама. Тарауда стандартталатын материалдың аты беріледі, шикі зат көрсетіледі және қысқаша материал дайындау технологиясы келтіріледі.

11 тарау. Жіктеу. Материалдың сорты мен маркасы, пішіні мен мөлшері және өлшемдері және мүмкін ауытқулары көрсетіледі.

111 тарау. Техникалық шарттар. Сандартта көрсетілген әдістеме бойынша сыналған материал қанағаттандыратын мөлшерлер келтіріледі. Өйткенмен, егер материал стандартпен ескерілген сорттарға техникалық мөлшерлердің бір бөлімі бойынша қанағаттандырылмаса, оны шартқа сәйкес емес, яғни сортты емес деп санау керек.

Шартқа сәйкес емес материал алғанда дайындаушы зауытқа өтініштер ұсыну керек, яғни шығындардың есесін толтыру туралы талаптар, бұл оның шығаратын өнімінің сапасын көтеруге мүмкіндік туғызады.

IV тарау. Сынау әдістері. Зертханалық жұмыстар орындағанда осы тарауға ерекше назар аудару керек, өйткені онда аспаптар бейнелеуі және оларда жұмыс жүргізу ережелері беріледі. Жұмыс ережелерін сақтамау немесе жұмыстағы салақтық қате нәтижелер алуға және сынақты қайталау қажеттілігіне әкеліп соғады.

V тарау. Сынауға сынамалар іріктеу ережелері. Тек сынамалар іріктегенде субъективтік амалдық мүмкіншілігін болғызбау үшін және алынатын материалдың сапасын санамамен әбден нақты сипаттауға МСТ-да материалдың түсетін партияларынан сынамалар іріктеп алу бойынша нұсқаулар кетіріледі және іріктеп алынатын сынамалардың сандық мағыналары беріледі. Бұл сынаулар үшін материал сынамаларын іріктеу мәселесі бойынша жабдықтаушы мен тұтынушының арасындағы келіспеушілікті жояды.

VI тарау. Материалдарды буып-түю, таңбалау, сақтау және тасымалдау ережелері. Материалдарды буып-түю, тасымалдау және қоймаларда сақтау ережерелі туралы нұсқаулар оларды бұзылудан және жоғалудан қорғау мақсатын көздейді. МСТ-тар мен стандарттар зауыттарды шығаратын өнімге оның сорты мен маркасын көрсетіп паспорт беруді міндеттейді. Бұл материал сапасын төмендететін себептерді табуға мүмкіншілік береді.

Стандарттар мен МСТ-дың қабылданған құрылуы материалдың сапалы сипаттамаларын анықтауға, оларды құралымдарда пайдаланудың ұтымды жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді. Жабдықтаушы мен тұтынушы арасындғы өнім сапасы мәселелері бойынша және сонымен байланысты оның құнын төлеу туралы туатын таластарды шешеді.

Стандарттар мен МСТ-тар дайындаушыға шығаратын өнімнің сапасына, ал тұтынушыға оны құралымдарда дұрыс пайдалануына жауапкершілік артады.

 

 

1. ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ФИЗИКА-МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

 

Барлық құрылыс матералдарының өзіне тән негізгі қасиетерін келесі топтарға бөлуге болады.

1.Физикалық қасиеттері, мыналарды сипаттайды:

- хал-жайының параметрлері: шын тығыздығы, орташа тығыздығы, үйілген тығыздығы, салыстырмалы тығыздығы, кеуектігі;

- материалдың суға қатынасы (гидрофизикалық): су сіңіруі, капиляр соруы, ылғал тартқышы, дымқылдығы, су өтпеушілігі, гидрофобтығы, гидрофильдігі, дымқылдық деформациялары, аязға төзімділігі, суға төзімділігі;

- материалдың жылуға және жоғары температураларға қатынасы (жылу физикалық): жылу өткізгіштігі, жылу сыйымдылығы, отқа беріктігі.

2.Механикалық қасиаттері, материалдың сыртқы күштер әсеріне қарсы тұру қабілетін сипаттайды: серпімділікті, сынғыштықты, беріктікті, қаттылықты, уатылуды, тозуды, релаксацияны.

3.Химиялық қасиеттері, әр түрлі химиялық орталар әсер еткенде материалдың шыдамдылығын сипаттайды: атмосфераға тұрақтылықты, тұзға төзімділікті, қышқылға төзімділікті, сілтіге төзімділігін.

4.Ұзақ уақыттық, сенімділік – материалдардың пайдалану барысында өзінің физика-механикалық қасиеттерін көрсететін қабілеттілігін сипатайтын қасиеттері.

Материалдың барлық қасиеттерін оның құрамы мен құрылымымен, әсіресе кеуектің көлемі және түрімен анықталады. 1.1- кестеде кейбір құрылыс материалдарының негізгі қасиеттері келтірілген.


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 111 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стандарттардың міндет атқаруы| Физикалық қасиеттері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)