Читайте также: |
|
1.2.1. Сығуда және иілісте беріктікті анықтау
Материал беріктігі беріктік шегімен – нұсқаның қыйрауына қозғайтын тиісті күштің ең үлкен кернеуімен сипатталады.
Аспаптар: гидравликалық пресс, сызғыш.
Материалдар: дұрыс пішінді нұсқалар түріндегі бетон, ерітінді (текше, цилиндр, параллелепипед) – беріктікті сығуға анықтау үшін;
4х4х16 см арқалықтар - беріктікті иіліске анықтау үшін.
1.2.1.1. Сығуға беріктік шегін анықтау
Анықтау әдістемесі: нұсқаның көлденең өлшемдерін өлшейді, сосын оны қысатын күштер әсерінің астында пресспен қыйрауға ұшыратады.
Сығуға беріктік шегінің шамасы Rсығ, кгс/см2 не МПа, мына формула арқылы есептелінеді
Rсығ = P / F = n . Fп / F,
мұндағы P – қыйрату жүгінің шамасы, кгк;
F – көлденең қиманың ауданы, см2;
n – манометр көрсетулері, кгк;
Fп – поршень ауданы, см2 .
Сынау нәтижелері 1.6- кестеге енгізіледі.
1.6-кесте
Беріктік көрсеткіштері
Мате- риал | Нұсқа өлшемдері, см | Көл-денең, қима-сының ауданы, см2 | Мано-метр көрсе-тулері | Пор-шень ауданы, см2 | Қира-ту жүгі, кгк | Сығуға беріктік шегі, кгк/см2 (МПа) | ||
1 жа-ғы | жа-ғы | диа-метрі | ||||||
1.2.1.2. Иіліске беріктік шегін анықтау
Иіліске беріктік шегі Rиіл – екі тіректегі арқалық түріндегі материал нұсқасын сынау арқылы анықталады
Rиіл= 3 Р l1/ 2 b h2,
мұндағы Р - қирату жүгі, кгк;
l 1 - тіректер арасындағы арқалық = 20 см;
b - ені, см;
h - биіктігі, см;
R – иіліске беріктік шегі, кгк/см 2; МПа.
1.2.3. Уатылуды анықтау
Уатылу деп материалдың майдалайтын күш әсерінен көлемі мен массасының кішірею қабілетін атайды.
Аспаптар: ЛКИ майдалау шеңбері, техникалық таразы, салмағы әр түрлі гирлер, сызғыш.
Сыналатын материалдың нұсқасын 0,01 г деінгі дәлдікпен таразыда өлшейді. Өлшенген нұсқаны шеңбер құрсауына орнатады және шеңбер бетіне қысады (1.6-сурет). Уатылуға тартылатын нұсқаның ауданы шеңбердің көлденең бетімен толық беттесу керек. Сосын аспап шеңбері қозғалысқа келтіріледі. Шеңбер айналу кезінде нұсқа астына мезгіл-мезгіл ұсақ кварц құмын салып отырады.
Уатылу бір циклі жолдың 150 метріне тең.
Материал уатылуының дәрежесі мына формула бойнша анықтлады
У = m – m1 / F,
мұндағы m - уатылуға дейінгі нұсқа массасы, г;
m1 - уатылудан кейінгі нұсқа массасы, г;
F - уатылу ауданы, см2;
У - уатылу, г/см2.
Сынау нәтижелері 1.7 -кестеге енгізіледі
1.7-кесте
Уатылу дәрежесін анықтау нәтижелері
№ | Материал аты | Айналым саны, n не өту жолы, м | Уатылу-ға дейінгі мате- риал массасы, г | Уатыл-ғаннан кейінгі мате-риал массасы, г | Уатылу ауданы, см2 | Уаты-луы, г/см2 |
Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 221 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Физикалық қасиеттері | | | ТАБИҒИ ТАС МАТЕРИАЛДАРЫ |