Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Өндіріс факторларының нарықтары. Еңбек нарығы

Орытынды | Дәріске арналған әдістемелік нұсқаулар. | Тақырып. Микроэкономиканың пәні және методологиясы | Тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориялары. Нарықтық тепе-теңдік | Тақырып. Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері | Тақырып. Өндіруші теориясы. Өндіріс функциясы | Тақырып. Өндіріс шығындары және пайда | Тақырып. Нарықтық құрылымдар. Жетілген бәсеке жағдайындағы ұсыныс және пайданы мейлінше арттыру мәселесі | Таза монополия нарығы және монополиялық билік | Тақырып. Монополистік бәсеке нарығы |


Читайте также:
  1. Aлымдaр мен тәжiрибешiлер еңбектерiндегi жетiлдiру жолдaры
  2. Антропосоциогенез және оның сипаты. Еңбек-антропосоциогенездің негізгі факторы.
  3. Бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу
  4. Бап. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау
  5. Еңбек ресурстарын басқару келесі кезеңдерден тұрады.
  6. Жетілмеген бәсеке нарықтары. таза монополия нарығы және монополиялық билік
  7. Лттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің роліміз

 

Мақсаты: тақырыптың негізгі теориялық мән-мәтінін қарастыра отырып, еңбек рыногының негізгі ерекшеліктерін толық талқылау. Ол үшін мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:

 

1. Өндіріс факторларының нарықтарына жалпы сипаттама. Туынды сұраныс және олардың ұсынысы. Ресурстар нарығының ерекшеліктері мен түрлері.

2. Еңбек нарығы. Еңбекке деген сұраныс пен ұсыныс.

3. Еңбек нарығының жетілген бәсеке жағдайындағы моделі.

4. Еңбек нарығының жетілмеген бәсеке жағдайындағы моделі.

5. Монопсония. Кәсіподақтар. Монополия. Екі жақты монополия.

6. Еңбек нарығындағы еңбекақының ерекшеліктері. Экономикалық рента. Трансферттік табыс. Орташа және ең төменгі жалақы мөлшерлемесі.

7. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу.

Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.б. тапсырмаларды орындау:

1. Төмендегі 1-ші кестеде жеке фирманың ақшалай нысандағы шекті өнімінің (MRPL) шамасы туралы мәліметтер берілген.

кесте 1

Еңбек бірлігінің саны MRPL (теңгемен)
   
   
   
   
   
   
   
   

кесте 2

Еңбекке деген сұраныс көлемі (адам) Еңбекақы мөлшерлемесі (теңгемен) Еңбек ұсынысының көлемі (адам)
     
     
     
     
     
     
     
     

а) Айталық, нарықта берілген еңбек ресурсының осындай шамасына ие 100 фирма бар. Еңбектің осы түріне деген жалпы нарықтық сұраныс көлемінің шамасын анықтап, алынған нәтижелерді 2-ші кестеге енгізіңіз.

ә) 2-ші кестенің мәліметтері негізінде еңбекақының тепе-теңдік мөлшерлемесін анықтаңыз.

б) Жалданған жұмысшылардың жалпы санын анықтаңыз.

в) Жеке фирма үшін еңбекақыға кеткен шекті шығындарды, жалданған жұмысшылар санын, еңбекақы мөлшерін анықтаңыз.

г) 12 теңге деңгейінде еңбекақының минималды мөлшері белгіленген болса, онда жалданған жұмысшылардың жалпы саны қалай өзгереді.

2. Келесі тұжырымдар дұрыс па?

— Жеке фирма тұрғысынан алып қарағанда жетілген бәсеке нарығындағы еңбектің ұсыныс қисығы оң көлбеулі болады.

— Бәсекелес саладағы фирманың еңбекке деген сұранысы еңбектің шекті өнімінің ақшалай шамасының қисығымен беріледі.

— Бәсекелес фирма үшін еңбектің ұсынысы абсолютті икемсіз болады.

— Монопсонист-фирманың еңбекке деген сұраныс қисығы еңбектің шекті өнімінің ақшалай шамасының қисығымен дәлме-дәл түспейді.

— Жетілген бәсекелес еңбек нарығындағы тепе-теңдік еңбекақымен салыстырғанда еңбек нарығындағы монопсонист-фирма төменірек еңбекақы төлейді.

— Монопсония да, кәсіподақ та жетілген бәсекелес еңбек нарығымен салыстырғанда жұмысбастылықты қысқартуға ынталы болады.

— Технологиядағы өзгерістер еңбектің шекті өнімінің жоғарылауына алып келеді.

— Егер фирма өз өнімін бәсекесіз нарықта сататын болса, онда еңбекті төлеуге жұмсалатын шекті шығындар әрдайым еңбекақы мөлшерлемесінің шамасынан жоғары болады.

— Әрбір еңбек факторының шекті өнімі оның бағасына тең болған жағдайда, фирма шығындарын ең төменгі деңгейге жеткізеді.

— Егер тауарлар мен қызметтердің бөлшек бағалары атаулы еңбекақының мөлшерлемесінен тезірек өсетін болса, онда нақты еңбекақы төмендейді.

 


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 211 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып. Олигополия нарығы және оның модельдері| Тақырып. Капитал және жер нарықтары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)