Читайте также:
|
|
Мақсаты: тақырыптың негізгі теориялық мән-мәтінін қарастыра отырып, капитал мен жер нарықтарының негізгі ерекшеліктерін толық талқылау. Ол үшін семинар сабағында тақырып бойынша мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:
1. Капитал түсінігі және формалары.
2. Капиталды инвестициялау. Дисконтталған құн.
3. Капитал нарығындағы тепе-теңдік. Пайыз және оның мөлшерлемесі.
4. Жер нарығының ерекшеліктері және оның тепе-теңдігі.
5. Рента және оның түрлері.
Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.б. тапсырмаларды орындау:
1. Қойманың иесі қойманың жылдық рентасын 110 мың теңге деп белгілеп, оны мерзімсіз жалға береді. Пайыз мөлшерлемесі i=10%. Дисконтталған табыс қандай шамаға тең болады?
2. Жеке индивидтің алдында өзінің 100 мың теңгесін жинақтау немесе қазір шығындау сияқты таңдау тұрады. Егер ол ақшасын банкке салса, онда бір жылдан кейін 114 мың теңге алады. Инфляция жылына 12%-ды құрайды. Табу керек:
а) Атаулы пайыз мөлшерлемесі қандай?
ә) Нақты пайыз мөлшерлемесі қандай?
3. Келесі тұжырымдамалардың дұрыс немесе дұрыс еместігіне көз жеткізіңіз:
— Капиталдың жерден айырмашылығы – ол қайта өндірілу қасиетіне ие бола алады.
— Адам капиталы – еңбек ресурстарының ерекше сипаттамасы.
— Капиталдың бүгінгі құндылығы осы капиталдың болашақта не өндіре алатынына байланысты.
— Таза инвестициялар – бұл капиталдың ағымдағы жылғы жалпы құйылымы.
— Коммерциялық фирма шикізат пен өндіріс машиналарын жылдың басында сатып алып, жылдың аяғында табысқа ие болды. Табыс пен шығынның (ақшалай сипаттағы) айырмашылығы фирманың экономикалық пайдасы болып табылады.
— Жетілген бәсеке жағдайында несие пайызының бірыңғай мөлшерлемесін белгілеу тенденциясы орын алады.
— Уақытаралық таңдаудың шекті нормасы – бұл болашақта төленетін капиталдың құны.
— Жердің ұсынысына әсер ететін факторларға оның орналасу территориясы мен құнарлығы жатады.
— Жалдамалы жұмысшылар фермерлерге қарағанда қозғалуы жағынан төмен жұмыс күші болып есептеледі.
— Жерге деген сұраныс ауыл шаруашылықтық және ауыл шаруашылықтық емес болып бөлінеді.
— Ауыл шаруашылық өндірісіне қарағанда өнеркәсіп өндірісін алдын ала болжауға болады.
— Жер иесі жер сапасы жақсарды немесе инфрақұрылым дамыды деген себептермен жалгерлік төлемақыны көбейте алады.
Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 333 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тақырып. Өндіріс факторларының нарықтары. Еңбек нарығы | | | Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру. |