Читайте также:
|
|
Мақсаты: тақырыптың негізгі теориялық мән-мәтінін қарастыра отырып, жетілмеген бәсеке жағдайындағы фирманың қабылдайтын шешімдері туралы мәселелерді әріқарай қарастыра отырып монополистік бәсекенің негізгі сұрақтарын зерттеу және олар туралы терең түсінік қалыптастыру. Ол үшін мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:
1. Монополистік бәсекенің пайда болу шарттары
2. Монополистік бәсеке жағдайындағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді тепе - теңдік және оның ерекшеліктері
3. Монополистік бәсекенің тиімсіздігі мен экономикалық тиімділігі
Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.б. тапсырмаларды орындау:
1. Ұзақ мерзімдегі монополистік бәсеке нарығындағы фирманың орташа жалпы шығындарының өнім көлеміне тәуелділігі төмендегі функция түрінде берілген:
АС = Q + 10. Фирманың тауарына деген сұраныс: P = 150 – 3Q.
Тепе-теңдік параметрлерін (баға мен сату көлемін) тауып, фирманың қысқа мерзімдік немесе ұзақ мерзімдік тепе-теңдік жағдайында тұр ма, қорытынды жасаңыздар. График сызыңыздар.
2. Келесі тұжырымдар дұрыс берілген бе?
— Монополистік бәсеке кезінде фирманың сұраныс қисығы (басқа факторлар тұрақты деп есептегенде) монополиямен салыстырғанда жатыңқы болып келеді.
— Монополистік бәсеке нарығындағы фирмалар ұзақ мерзімді кезеңде нөлдік экономикалық пайда алады.
— Монополистік бәсеке нарығындағы фирмалар ұзақ мерзімдік тепе-теңдік жағдайында өнім өндіргенде, олардың орташа шығындары минималды деңгейден жоғары болады.
— Патенттер мен лицензиялар – салаға кіруге қойылатын тосқауылдар ретінде қолданылуы мүмкін.
— Қолданылатын капитал көлемі салаға кіруге қойылатын тосқауыл ретінде қолданылуы мүмкін.
— Монополистік бәсеке нарықтарында ресурстарды тиімді пайдалануға қол жеткізілмейді.
— Монополистік бәсеке кезінде өндіріс саласындағы әрбір фирманың өнімі ерекше болады, оны ауыстыратын басқа өнім болмайды.
— Монополистік бәсеке жағдайында жұмыс істейтін фирма өз тауарына баға белгілегенде өзінің бәсекелестерінің ықтимал реакцияларын ескерулері қажет.
— Жетілген бәсеке нарығы жағдайында жұмыс істейтін фирма монополистік бәсекемен салыстырғанда әртүрлі тауарларды сатады.
— Монополистік бәсекемен салыстырғанда жетілген бәсеке жағдайындағы фирмалардың өнім шығару көлемі көп, ал тауарларының бағасы жоғары болады.
Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 622 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Таза монополия нарығы және монополиялық билік | | | Тақырып. Олигополия нарығы және оның модельдері |