Читайте также:
|
|
Мақсаты: тақырыптың негізгі мәтінін терең меңгеру арқылы ондағы түсініктермен таныса отырып, нарықтағы тұтынушының таңдау ерекшеліктерін және оның тепе-теңдікке жету шарттарын қарастыру. Ол үшін сабақта мынадай сұрақтар талқылануы керек:
1. Тұтынушының талғамы және оған әсер ететін факторлар.
2. Игіліктің пайдалылығы және оның түрлері. Кардиналистік көзқарас. Шекті пайдалылықтың төмендеу заңы. Госсен заңдары.
3. Талғамсыздық қисығы. Бюджет шектеулілігі және бюджет сызығы. Ординалистік көзқарас.
4. Өзара алмастырылатын және өзара толықтырылатын игіліктер. Талғамсыздық қисықтарының түрлері.
5. Тұтынушының тепе-теңдігі. «Баға-тұтыну» және «табыс-тұтыну» қисықтары.
Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.б. тапсырмаларды орындау:
1. Айталық, сіздің бір апталық табысыңыз 400-ге тең және оны сіз барлық ақшаңызды балмұздақ пен киноға жұмсайсыз.
1 балмұздақтың бағасы 4-ке тең, ал киноның 1 билеті 10-ға тең.
а) Бюджет сызығын салыңыз. Ақшаңызды тек қана киноға жұмсасаңыз, онда қанша рет киноға барар едіңіз? Егер кинодан бас тартсаңыз, онда ақшаңыздың барлығына неше балмұздақ сатып алар едіңіз?
б) Егер сіздің апталық табысыңыз 200-ге дейін қысқарса, онда сіз тұтынатын тауарларыңыздың санына қалай әсер ететінін көрсетіңіз.
в) Егер киноға бару билетінің бағасы 20-ға өссе, онда бұл жағдай графикте қалай өзгереді.
г) Айталық, сіз балмұздақтың бағасынан жеңілдік аласыз. Баға сатып алынатын балмұздақтың санына сәйкес өзгереді. Егер сіз аптасына 20 дана балмұздақ тұтынсаңыз, онда 1 балмұздақтың бағасы 4-ке тең болады, ал егер сіз аптасына балмұздақты 20 данадан көп тұтынатын болсаңыз, онда 1 балмұздақтың бағасы
2-ге тең болады. Осы жағдайды график арқылы сипаттаңыз.
2. Кестенің бос орындарын толтырыңыз:
Тауарлар саны | Жалпы пайдалылық | Шекті пайдалылық |
3. Х және У тауарын тәуелсіз тұтынудың пайдалылығы сол игіліктердің кез-келген санына сәйкес келеді. Бұл тәуелділік кестеде көрсетілген:
Q | ||||||||||
TUx | ||||||||||
TUy |
Тұтынушының табысы 64-ке тең, Х тауарының және У тауарының бағалары сәйкесінше мынадай: Рх – 8, Ру – 3.
а) берілген табыс деңгейінде максималды пайдалылыққа ие болатын Х игілігінің санын анықтаңыз.
б) берілген табыс деңгейінде максималды пайдалылыққа ие болатын У игілігінің санын анықтаңыз.
4. Тұтынушы А және В тауарын тұтынуда пайдалылықты максималдады. В тауарының бағасы – 100 бірлік. Егер А тауарының шекті пайдалылығы В тауарының шекті пайдалылығына қарағанда екі есе кіші болса, онда А тауарының бағасы қаншаға тең?
5. Егер кестеде өнімнің саны мен оның жалпы пайдалылығы берілген болса, онда шекті пайдалылықты анықтаңыз:
Q | |||||
TU | |||||
MU |
6. Егер MUх = 20, MUу = 60; ал Рх = 4, Ру = 12 болса, онда тұтынушы тепе-теңдік жағдайда бола ма?
7. Айталық, тұтынушының табысы 400 бірлікке тең және ол тек Х және У тауарына ғана толығымен жұмсалады. Х тауарының бағасы 40 бірлікке тең, ал У тауарының бағасы 50 бірлікке тең. Осы мәліметтер негізінде тұтынушының бюджет сызығын салыңыз.
8. Айталық, тұтынушының табысы 360 бірлікке тең және ол тек Х және У тауарына ғана жұмсалады. Х тауарының бағасы 40 бірлікке тең, ал У тауарының бағасы 30 бірлікке тең. Осы мәліметтер негізінде:
а) тұтынушының бюджет сызығын салыңыз;
б) тұтынушының табысы 480 бірлікке дейін өскенде бюджет сызығы қалай өзгереді.
9. Айталық, тұтынушының табысы 150 бірлікке тең және ол тек Х және У тауарына ғана жұмсалады. Х тауарының бағасы 15 бірлікке тең, ал У тауарының бағасы 10 бірлікке тең. Осы мәліметтер негізінде:
а) тұтынушының бюджет сызығын салыңыз;
б) Х тауарының бағасы 30 бірлікке дейін өскенде бюджет сызығы қалай өзгереді;
в) Х тауарының бағасы 25 бірлікке және У тауарының бағасы 15 бірлікке өзгерді, жаңа бюджет сызығын салыңыз, жағдай қалай өзгерді?
г) егер бір тауардың бағасы өзгерсе, онда бюджет сызығы қалай өзгереді, ал екі тауардың бағасы да өзгерсе ше?
10. Айталық, тұтынушының табысы толығымен Х және У тауарын тұтынуға жұмсалады. Х тауарының тауарының бағасы жоғарылады. Үкімет халықтың бағаның өсуі салдарынан шеккен зиянын ақшалай өтеуге шешім қабылдайды:
а) бұл жағдайда тұтынушы өзінің қажеттілігін қанағаттандырудағы бұрынғы деңгейін сақтай ала ма?
б) Х тауарын тұтыну қалай өзгереді?
в) тұтыну сипаты өзгерген жағдайда қандай әсер орын алуы мүмкін?
11. Кестенің мәліметтеріне сәйкес алманы тұтынудың жалпы пайдалылығын анықтаңыз:
Q | ||||||
MU | ||||||
TU |
а) MU қисығын салыңыз;
б) TU қисығын салыңыз;
в) MU және TU қисықтарының сипатын түсіндіріңіз.
12. Тұтынушы тәртібінің теориясы тұрғысынан мына жағдайды түсіндіріңіз: 50 мың доллардан артық сома ұтып алған адамдардың ішінен 25 пайызы келесі жылы мүлдем жұмыс істемеген.
13. Айталық, ет өнімдеріне субсидия енгізудің нәтижесінде оның бағасын 4-тен 3-ке төмендетеді. Осының салдарынан сұраныс 4 бірліктен 8 бірлікке дейін өседі:
а) бұл жағдайды график арқылы сипаттаңыз;
б) тұтынушылар мен сатушылардың ұтыстарын график арқылы көрсетіңіз.
14. Болат бір айда 5 рет концертке барады деп ұйғарсақ және оның әр концертке төлей алатын бағасы төмендегідей:
Концерт саны | |||||
Шекті пайдалылық, тг. |
Бір концертке билет алу бағасы 15 теңге. Болат бір айда неше рет концертке бара алады? Оның тұтынушылық ұтымын көрсетіңіз. Болаттың концертке деген сұраныс қисығын сызыңыз.
Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 493 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориялары. Нарықтық тепе-теңдік | | | Тақырып. Өндіруші теориясы. Өндіріс функциясы |