Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Өндіріс шығындары және пайда

Дәріске арналған әдістемелік нұсқаулар. | Тақырыптың мазмұны. | Тақырыптың мазмұны. | Тақырыптың қысқаша мазмұны. | Тақырыптың қысқаша мазмұны. | Орытынды | Дәріске арналған әдістемелік нұсқаулар. | Тақырып. Микроэкономиканың пәні және методологиясы | Тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориялары. Нарықтық тепе-теңдік | Тақырып. Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері |


Читайте также:
  1. A) Құқықтық позициясын ұстануға тараптардың мүмкіндігі және міндеті
  2. Android ОЖ және Android қосымшалардың жұмыс істеу приципі
  3. Android ОЖ-нің пайда болуы
  4. B) дәлелдеу құралдары мен тәсілдерін таңдаудағы еріктілігі және өзіндігі
  5. B) Талапкер және оның өкілі
  6. C) егерде іс бойынша талапкер бірнеше рет сот мәжілісіне келмеген жағдайда және жауапкер іс бойнша қарастыруды оған қарсылық білдірмесе
  7. C) сот және іске қатысушы тұлғалар

 

Мақсаты: тақырыптың негізгі теориялық мән-мәтінін қарастыра отырып, өндіріс шығындарының қысқа және ұзақ мерзімдегі түрлерін талқылап, өндірушінің теңдестігін қалыптастыру жағдайындағы мәселелерді зерттеу сұрақтарына жауап беру және олар туралы терең түсінік қалыптастыру. Ол үшін семинар сабағында тақырып бойынша мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:

 

1. Өндіріс шығындары және олардың түрлері.

2. Қысқа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі өндіріс шығындарының қисығы. Изокосталар.

3. Пайда және оның түрлері.

Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.б. тапсырмаларды орындау:

1. Кестені толтырыңыз.

Табу керек:

а) жалпы, орташа тұрақты, орташа өзгермелі, орташа жалпы және шекті шығындарды анықтаңыз;

ә) орташа және шекті шығындардың қисығын салыңыз;

б) графиктің көмегімен шығындардың динамикасын түсіндіріңіз.

Шығарылым көлемі Тұрақты шығындар Өзгермелі шығындар Жалпы шығындар Орташа шығындар Шекті шығындар
тұрақты өзгермелі жалпы
               
               
               
               
               
               
               

2. Кестенің бос орындарын толтырыңыз.

Шығарылым көлемі Тұрақты шығындар Өзгермелі шығындар Жалпы шығындар Орташа шығындар Шекті шығындар
тұрақты өзгермелі жалпы
               
               
               
               
               
               
               

3. Жоғарыдағы кестенің мәліметтеріне сәйкес орташа және жалпы шығындардың графигін салыңыз және мынадай сұрақтарға жауап беріңіз:

а) фирмаға өндірістің қандай көлемін таңдау қажет;

ә) қандай фигураның кеңістігі жалпы шығындармен сәйкес келеді;

б) қандай фигураның кеңістігі өзгермелі және тұрақты шығындармен сәйкес келеді.

4. Кестенің бос орындарын толтырыңыз.

Шығарылым көлемі Тұрақты шығындар Өзгермелі шығындар Жалпы шығындар Орташа шығындар Шекті шығындар
тұрақты өзгермелі жалпы
               
               
               
               
               
               
               

5. Жоғарыдағы кестенің мәліметтеріне сәйкес орташа өзгермелі, орташа жалпы және шекті шығындардың графигін салыңыз және мынадай сұрақтарға жауап беріңіз:

а) фирмаға өндірістің қандай көлемін таңдау қажет;

ә) қандай фигураның кеңістігі жалпы шығындармен сәйкес келеді;

б) қандай фигураның кеңістігі өзгермелі және тұрақты шығындармен сәйкес келеді.

6. Кестені толтырыңыз және жалпы, орташа және шекті табыстардың қисықтарын салыңыз:

Баға Р Шығарылым көлемі Q Жалпы табыс TR Орташа табыс AR Шекті табыс MR
         
         
         
         
         

7. Кестенің бос орындарын толтырыңыз:

Баға Р Шығарылым көлемі Q Жалпы табыс TR Орташа табыс AR Шекті табыс MR
         
         
         
         
        -8

8. Сіз өзіңіздің жеке ісіңізді ашқыңыз келеді. Бұл жерде ғимаратты жалға алу құны жылына 500 долларға тең. Бұдан басқа сіз айына 50 долларды құрайтын жалақы алудан бас тартуыңыз керек. Өзгермелі шығындар айына 80 долларға тең. Сізге мыналарды анықтау керек:

а) жалпы шығындар жылына қаншаға тең?

ә) экономикалық шығындар қаншаға тең?

б) егер сіздің болжанған табысыңыз бір жылда 2000 долларға тең болса, онда бұл іспен айналысуға бола ма?

9. Сіз нан пісіріп сатқыңыз келеді. Нанды сатуға арналған дүңгіршек (ларек) 200 долларға тең. Нанның бір данасын пісіруге кететін шығын 0,2 долларға тең. Табу керек:

а) сіздің бизнесіңіздің тұрақты және өзгермелі шығындары қаншаға тең?

ә) кесте құрыңыз және 100, 200, 300, 400, 500 дана нан пісірудің жалпы, орташа жалпы, орташа өзгермелі және шекті шығындарын анықтаңыз;

б) аталған шығындардың қисықтарын салыңыз.

10. Белгілі бір компания жаңадан әлсіз алкогольді ішімдік шығарады. Ішімдіктің құрамына минералды су (80%) және шарап (20%) кіреді. Компания минералды судың литрін 4 теңгеден, ал шараптың литрін 100 теңгеден сатып алады. Фирма осы аталған компоненттерден басқа ресурстарды қолданбайды.

а) күніне 500 литр шарап пен 1000 литр минералды су қолданғандағы фирманың өндіріс көлемі мен шығындарын анықтаңыз;

б) өндірісті қайта ұйымдастырудың нәтижесінде шығындар төмендеді, бірақ өндіріс көлемі бұрынғы қалпында қалды. Енді жалпы және орташа шығындар қалай өзгереді? Шекті шығындар қандай?

 


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 360 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып. Өндіруші теориясы. Өндіріс функциясы| Тақырып. Нарықтық құрылымдар. Жетілген бәсеке жағдайындағы ұсыныс және пайданы мейлінше арттыру мәселесі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)