Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бірінші күн.

Психологиялық тренинг жетекшісі іс-әрекетінің этикалық аспектілері. | Практикалық сабақ 4 сағ. | Тұлғалық өсу тренингі. | Тұлға және тұлғалық өсу. | Тұлғалық өсу түсінігі | Тренингтік тәжірибедегі тұлғалық өсу | Леуметтік психологиялық тренинг. | Тақырыбы: Тренингтікті талдау схемасы. | БӨЖ үшін тапсырмалар | Емтихан сұрақтары |


Читайте также:
  1. Бірінші. Жаңа қазақстандық патриотизм.
  1. Танысу.

Тренинг қатысушылары шеңбер бойынша кезекпен аттарын (есімдерін) айтады және есімінің бірінші әрпінен басталатын өзінің бір тұлғалық ерекшелігін атауы тиіс.

 

  1. «Тапқын» жаттығуы.

Қатысушылардың бәрі тұрып, иықтарынан ұстайды. Жағымды әуен ырғағымен бір жаққа қарай ырғалады. Осы кезде тренер тренингтің идеясын түсіндіреді.

Тренинг идеясы – жеке адамның өмірін көз алдына келтіру, қазіргі өтіп жатқан өмір ағысын және өзінің қалайтын өмір ағысын.

Әрбірі бәрін басынан бастауға құқылы.

Тренинг – үлкен стол, одан әркім өзіне қажеттісін алады. Әлемді өзгерткің келсе - өзіңнен баста. ‡лкен нәрсекні қаласаң – үлкен біреу болуың қажет.

Ал, енді әркім өздеріңізше ойластырыңыздар, өзіңізге және өз өміріңізге не қажет етесіздер.

 

  1. «Сен істей аласың» жаттығуы.

Санау арқылы жұпқа бөліну қажет, жұп табылмаған қатысушылар үшеулеп. Әрбір жұптың біреуі бір қимыл ойлап табуы тиіс, соны екіншісі қайталайды. Бұл жай қимыл немесе бір қызықты, қиын орындалатын қимыл болуы мүмкін. Сізге 1 минут беріледі, жұптасыңызға қимылыңызды көрсету үшін. Және ол сізге өз қимылын көрсетіп, сіз оны қайталауыңыз керек, ол үшін де 1 минут беріледі. Осылай тағы бір жаңа жұптас тауып, сіз оған, ол сізге көрсетіп, қайталауларыңыз керек. Осылайша сіз 3-4 жұппен қимыл жасауыңыз керек.

 

  1. «Мен реалды, мен - идеалды» жаттығуы.

Қатысушыларға 1 ақ парақ беріледі. Оны екі бағанаға бөліп, өзінің реалды қандай екенін, қандай болғысы келетінін жазуы тиіс. 5 минут беріледі.

 

  1. «өмірдің қожайыны» жаттығуы.

өмірдегі адамдардың екі категориясы бар. Бәрә «жағдайдың құрбандары», екіншісі «өмірдің қожайыны». Жағдайдың құрбаны болу өте оңай, себебі өміріңдегі ештеңені өзгертудің қажеті жоқ, өзіңмен жұмыс істеудің де қажеті шамалы. Жағдайдың құрбаны – кері эмоцияның коиплексі, ол эмоция жағдай менен күшті деушілерге болады. Мұндай адамдар өмірінде не болып жатқанын бақыламайды. Сонымен сіздер өмірдің қожайыны қандай мінезбен ерекшеленеді. Топты өзара екі топқа бөлеміз. Тапсырма ақылдасып өмірдің қожайыны қандай мінезбен және жағдайдың құрбаны қандай мінезбен ерекшеленетін плакатқа маркермен жазыңыздар. Екеуін салыстырып, осы туралы ойлаңыздар. 10 минут беріледі.

 

  1. «Менің өмірім» жаттығуы.

өзінің ісіне жауапкершілікпен қарау. Әрбір қатысушыға шеңбер түріндегі гистограмма беріледі. Сіздердің әрбіреулеріңіздің өмірлеріңізде жағымды жіне жағымсыз сәттер болады. өзіңізге қатты әсер еткен сол сәттерді есіңізге түсіріңіз. Гистограмманы «менің өмірім» деп толтырып, оған маңызды деген 6 сәтті жазыңыз. 3-і жағымды, 3-і жағымсыз. Әрбір секторда сол сәттің көлемін, әсерін, қорытындысын жазу керек. Осыны талқылаудағы қорытынды әрбір адам ісіне жауап беруі керек, осы сәттерді құрастырушы адамның өзі болып табылады және өзіне байланысты.

 

  1. «Артқа ілінген қағаз» жаттығуы.

Топта эмпатияны қалыптастыру, түсіну және басқа адамның өзі туралы пікірін қабылдай білу.

Жаттығуды өткізу үшін қағаз, түйреуіш және барлық қатысушыға қалам керек. Қатысушыларға қағаз ілінеді. Қатысушылар жүріп, оны қызықтырған адамның қасына тоқтап, бір-біріне қарағаннан кейінгі әсерлерін кейін өздерңндегі жапсырулы қағазға жазады не бейнелейді. Орындау – шынайылықты талап етеді. Ал жазылғандарды адам қабылдай білуі керек. Жаттығу 10 минут созылады. Қағаздың артына да жазуға болады. Ойын аяқталысымен ойыншылар орындарына жайғасады. Қағаздарды алмас бұрын ойыннан алған әсерлерімен бөліседі. Кейін қағазды алып, әркім өзі туралы жазылғанды оқиды.

 

Бірінші күннің қорытындысы. Сабақ барысында: - сіз нені білдіңіз, қандай сезімде кетіп бара жатырсыз?-деп сұрау керек.

‡й тапсырмасы: Бір жақсы іс жасау.

 


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 69 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі| Шеңберден қашып шық» жаттығу.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)