Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шеңберден қашып шық» жаттығу.

Практикалық сабақ 4 сағ. | Тұлғалық өсу тренингі. | Тұлға және тұлғалық өсу. | Тұлғалық өсу түсінігі | Тренингтік тәжірибедегі тұлғалық өсу | Леуметтік психологиялық тренинг. | Тақырыбы: Тренингтікті талдау схемасы. | БӨЖ үшін тапсырмалар | Емтихан сұрақтары | Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |


Бұл жаттығуда шеңбердің ортасына «Мен қожайынмын» ойынында пассивті позиция алған қатысушылар тұрады. Айып ретінде-ондағы тренингтің мақсаты –белсенді болу. Барлығы шеңбер құрып қолдарынан ұстайды. Шеңбер ішіндегі адам 2-3минут ішінде қолдарын үзіп шеңберден шығуы тиіс. Ол шеңберден шығуға ұмтылуы тиіс, себебі өмір сүргісі келетін адам, өзін-өзі сыйлайтын, өзіне сенетін, мықты адам ғана шеңберден шығады. Шеңберден шығарып алған адам айып ретінде топтың қалауын орындайды. Жаттығу 10минут алады.

3. «Поза» жаттығуы. Зейінді дамытуға арналған. Қатысушылардың арасынан қалағандары келіп тренердің алдындағы карточканы таңдап алады. Онда жазылған эмоционалды қалыпты поза арқылы көрсетуі тиіс. Мимикамен көрсетуге болмайды. Поза қимылмен көрсету керек. Ал, қалағандары оны табуы қажет(қандай эмоционалды қалыпқа жататынын) Бұнда жауаптың көп болғаны дұрыс, ішінен формальды жауапты алуға болады. Мұндағы эмоционалды қалыптар: ашықтық,сену, сенбеу, қайғы т.б болуы мүмкін.

4. «Мен саған сыйлаймын» жаттығуы. Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Бір-біріне өзінің пікірі бойынша адамның өмірінде жақсылыққа апаратын қандай сапа жетіспейді деп есептесе, соны, ол сол кісіге сыйлайды. Сыйлықты алушы қорытынды жасайды. Сыйлық беріп жатқан кезде оған жақындау маңызды. Ойын барысында ырғақты ақырын музыка қойып қоюға болады.

5. «Мен өмірімнің қожайынымын» визуализация. Бұнда қатысушылар визуализацияның барысында өз өмірінде жауапкершілігін сезінеді. Жаттығуды орындау үшін қатысушылар ыңғайлы орынға жайғасуы қажет. Отырып, жатып, жартылай жатып. Жүргізуші ақырын музыка қосады. Инструкцияны түсіндіреді. Қатысушыларға сыртқы әлемді ұмытып, өзі қалайтын өмірді ішінде құруы керек, өз өмірінің өзі авторы ретінде сезінуі қажет. Бұл жаттығу кейбір «жағдайдың құрбаны» болып жүрген жасөспірімге өз өмірінің авторы ретіндегі образына енуге көмектеседі. Қатысушылар ойынша өз өмірінің қожайыны ретінде сезініп, қайта оралады.

Тренингтің аяқталуы.

Тренер тренинг барысында жаңа алған білімдер, қандай сезімде болғаны, пайдасын сұрайды. Тренингтің басталуындағыдай бәрі қолдарымен иықтарынан ұстап, ақырын музыка ырғағымен ырғалып әрбіреуі осы сабақтардан алған әсері, 2күн ішінде жан дүниесіндегі сезімі, енді қандай екенін айтып береді. Тренер барлық қатысушыны құттықтап, салған күштері мен көрсеткен шыдамдылықтарына рахмет айтады.


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 77 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бірінші күн.| Тақырыбы: Топтық динамиканы және ұйымшылдықты жоғарылату тренингі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)