Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Билет 24

Билет 12 | Билет 13 | Билет 14 | Билет 15 | Билет 16 | Билет 17 | Билет 19 | Билет 20 | Билет 21 | Билет 22 |


1. 1940 ж ІІ жартысы- 1950 ж аралығында мәдениеттің дамуы. Ғылым және өнер. Бұл кезде мәдениеттің базасы әлсіз болды. Тек 1950 ж ішінде мәдениетті дамыту жағдайы біртіндеп түзеле бастады. 1946 Қаз КСР ғылыми академиясы құрылды. С.И. Вавилов, И.П. Бардин, А.М. Панкратов және тб ұйымдастырушылыққа көмектесті. Академия президенті болып Қ.И. Сатбаев сайланды. 1950 ж ішінде қоғамдық ғылымдарды зерттеу ауқымы кеңейтілді. Ш. Уәлхановтың, Ы.Алтынсаринның шығармаларын жарыққа шығару қолға алында. ҚазМУ-де философия факультеті ашылды. 1958ж ҚазКСР ҒА-ның философия факультеті ашылды. 1961 тіл білімі, әдебиет және өнер институттары шаңырақ көтерді. Тарихшылар 1957-59 ж “Қазақ КСР тарихының” екі томдығы жарияланды. Көркем өнер: 1947 ж М. Әуезов “Абай” романының екі кітабын жазып бітірді. 1955-“Абай жолы эпопеясы” жарық көрді. Ғ. Мүсірепов “Оянған өлке ” романы 1950. С. Мұқанов “Сырдаия” романы. Ғ. Мұстафин “Шығанақ”,“Миллионер” повестері, “Қарағанды”,“Дауылдан кейін” романдары. 1950 ж қазақ поэзиясы неғұрлым байып, алуан түрлі сипат ала бастады. Ә.Тәжібаевтің, Х.Ерғалиевтің, Т. Жароковтың, Қ.Бекқожиннің шығармалары қазақ кеңес поэзиясының алтын қорына кірді. КОКП ХХ съезінен кейін әділетсіз жазаға ұшыраған С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров есімдері ақталды. Бірақ А. Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М. Дулатұлы секілді әдебиетшілер ақталмады. Өнер даму үстінде болды. 1952 ж В. Голубович Қазақ драма театрында М. Әуезовтың “Абай” драмасын қойды. Қойылым КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылды. Ә.Әбішевтің “Достық пен махаббат”, Ш.Хұсайыновтың “Кеше мен бүгін”, Ә. Тәжібаевтің “Жалғыз ағаш орман емес” пьесалары сол жылдардың сахнасынан беерік орын алды. Қ-ның музыка мәдениеті елеулі табыстарға жетті.

 

2. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы (1992 қыркүйек-қазан айлары). 1992 ж құркүйек, қазан айларында дүниежүзі қазақтары құрылтайы өтті. Оған Африка, Азия, Еуропа және американың 40-қа жуық елдеріндегі 3 млн 200 мың қазақ диаспорасының (дүниежүзіндегі бар қазақтың 32 пайызы) өкілдері қатысты. Жиында тәуелсіз, жас қазақ мемлекетін нығайту, республикада тұратын түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы татулықты сақтау, қазақ халқының бірлігін күшейту, келешек ұрпақ өкілдерін имандылық, мәдениеттілік, инабаттылыққа баулу сияқты келелі де игі мәселелер қозғалды. 1992 ж 19 қыркүйегінде Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында құрылтайдың мәнді оқиғасы өтті. ДҚҚ-бүкіл әлемдегі отандастарын интеллектуалдық мүмкіндігін молайтуға, кіндік кескен қасиетті топырақта бас қосқан осынау тарихи шақта, бар қабілеті мен еңбегін туған елдің игілігіне жұмсауға шақырды.

3. Депортация анықтама бер. Депортация- лат. қуу- 1920-40 ж жаппай қуғын-сүргін кезеңінде КСРО-ның бірқатар халықтарын тарихи мекендеген жерлерінен қуу. Депортация ауыр қылмыстардың қатарына жатады.


Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 264 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Билет 23| Билет 25

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)