Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Билет 14

Билет 1 | Билет 2 | Билет 5 | Азақстан Кеңес билігі орнағанда. Большевиктердің алғашқы шаралары. | Билет 7 | Билет 8 | Билет 9 | Билет 10 | Билет 11 | Билет 12 |


1. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы. Егемендік - мемлекеттің сыртқы саясатта толық тәуелсіздік болуы және елдің ішкі саясатында мемлекеттік биліктің бәрінен жоғары тұруы.Қоғамдық қозғалыстар 1990ж қазан айында айрықша белсенділік танытты. Күнде Жоғарғы Кеңес үйінің алдында танертеннен кешке дейін саяси минигтер өтіп жатты. Мемлекеттік егемендік туралы декларация - 1990ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша қабылданды.Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды.Президент - Республиканың басшысы, ең жоғарғы әкімшілік-атқарушылық биліктің иесі ретінде танылды. Жер, оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, бүкіл экономикалық, ғылыми-техникалық әлеует Республика егемендігінің негізін құрай отырып, оның ерекше меншігінде болатыны көрсетілді.

2. Егемендік жағдайындағы саяси даму. 1991ж жазына қарай егеменді республикалар енді Одақтық шарт қабылдау мәселесіне көшті. 20шілдеде Казақстан Компартиясы Орталық Коммитетінің еңейтілген 4 пленумы өтті. Н.Назарбаев Казақстан Компартиясы Орталық Коммитетінің Одақтық шарттың жобасы жөніндегі баяндамасын жасады. Пленум жаңа одақтық шарттың жасалуын жақтаған баламасыз шешім қабылдады. Тамыз бүлігін ұйымдастырған “Кеңес басшылығы”КСРО-ны кайта құруды мақсат етті.

3. Азық-түлік салғырты. Азамат соғысы кезінде Кеңес үкіметі қолданған ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудың төтенше жүйесі, “соғыс коммунизмі” саясатының негізгі белгілерінің бірі (11.1.1919 — 03.1921). Азық-түлік салғырты бойынша шаруалар өзінде өлместің күніндей ғана азық қалдырып, қалғанының бәрін мемлекетке міндетті түрде тұрақты бағамен сатуға тиіс болды. Еркін сатуға, базарға шығаруға тиым салынды. Барлық ауыл шаруашылық өнімдері қатаң есепке алынып, оларды бөлуге бақылау қойылды. Оны жергілікті кеңестер мен ревкомдардың қатысуымен Азық-түлік отрядтары жинады. Бұл шын мәнінде шаруаларды тонау еді. Мемлекеттің төлейтін де айырбастайтын да түгі жоқ болғандықтан шаруалардың өнімі тегін әрі еріксіз тартып алынды. Ақша құнсызданып, өз мәнін жойды. Қазақтар бұл кезде көп малынан айрылды. Азық- түлік салғырты артық өнімді ғана емес, қарудың күшімен шаруалардың соңғы үнеміне дейін сыпырып алды. Мұның өзі шаруалардың қарулыларға қарсылығын тудырды. Азамат соғысынан кейін Азық-түлік салғырты саясатының жүргізілуі шаруалар көтерілісіне әкеліп соқтырды. Мұндай көтерілістер Орал, Ақмола облысы Ақмола және Семей облыстарында болып өтті. Бәрібір тартып алатын болғандықтан шаруалар артық өнім өндіруге ынталанбады. Азық-түлік салғырты ауыл шаруашылығын дамуын тежеді, егістің көлемі мен өнімділігі төмендеді, мал саны азайды. 1921 жылғы наурызда басталған жаңа экономикалық саясатқа байланысты Азық-түлік салғырты Азық-түлік салығымен алмастырылды.


Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 420 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Билет 13| Билет 15

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)