|
1. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы. Қазақстандықтар Мәскеу, Ленинград үшін ұрыстарда. Соғыстың алғашқы кезінде Қазақ КСР-інде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып майданға аттандырылды. Брест қамалың қорғаушылар арасында Қазақстандықтар А.Нағанов, В.Фрусов, Қ.Тұрдиев, Ш.Шолтыров және т.б.болды. Дивизия комиссары, Оңтустік батыс майдан Әскери Кеңесінің мушесі Е.П.Рыков басқарған 800 жауынгер 1941 жылғы 20 қыркүйекте үш тәулік бойы күші басым жаумен соғысып қаза тапты. Мәскеу тубінде генерал майор И.В.Панфилов басқарған 316атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты. 1941 жылғы қарашада Дубосеково түбінде 1075 атқыштар полкінің танк жоюшылары ерекше ерлік көрсетті. Осы топта ротаның саяси жетекшісі В.Г.Клочковтың:”Рессей кең байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Мәскеу” деген сөзі ұранға айналды. Мәскеу үшін шайқаста И.В.Карпов қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен аға лейтенант Б.Момышұлы басқарған батальонның жауынгерлері ерекше ерлік көрсетті. Мәскеу түбіндегі ерлігі үшін 316 атқыштар дивизиясы 8-гвардиялық дивизия болып қайта құрылып, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Жауынгерлердің өтініші бойынша дивизия И.В.Панфилов есімімен аталатын болды. Мәскеу ушін шайқаста ротаның саяси жетекшісі Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Бородино селосында көрсеткен ерлігі ушін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген Төлеген Тоқтаров. Ұлы Отан соғысының аты аңызы айналған қаhарманы, белгілі жазушы Б.Момышұлы. Соғыстың алғашқы күндерінде бірінші болып таран жасаған А.Масловтың экипажы. Оның құрамында жерлесіміз Бақтыораз Бейсекбаевта бар еді. Оған 1998 жылы Халық Қаhарманы атағы берілді. Балтық флотында қызыл тулы бір ғана “Киров” крейсерінеде 156 қазақстандақ жауынгерлік сапта тұрды. Ленинград ушін шайқаста Сұлтан Баймағамбетов жаудың қорғаныс ұясының аузын жауып қаза тапты. Сол ушін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Ориенбаум алғы шебінде 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені Дуйсенбай Шыныбеков шайқасты. 1941 жылғы қыркуйектің ауыр күндерінде қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаев Ленинградтықтарға Ленинградтық өрендерім деген жырын арнады. 1942 жылдың күзінде ауқымы адамзат тарихында болып көрмеген Сталинград тубінде ұрыс жүріп жатты.Каспий өніріне соғыс жағдайы енгізілді. Қазақстан Сталинград облысымен 500 шақырым бойына шекаралас еді. Сондықтан Сталинград майданына Батыс Қазақстанның ресурстары кен ауқымда тартылды.Қазақстанның Еділ бойындағы қахарман қаланы қорғаушыларға жолдаған үндеуінде: < Сталинград -Шығыстың кілті>, деп көрсетілді. Батысқазақстандықтар Сайхан мен Ордада әскери әуежайлар құрылысына жұмылдырылды. Ақтөбе облысының кейбір аудандарында қорғаныс құрылыстары салынды. Полковник Ғани Сафиуллин басқарған 73-гвардиялық дивизияның өзі ғана жаудың 120 танкісі мен 800 автомашинасын жойды. Сталинград майданында шайқасқан 29-шы және Алматының 38 атқыштар дивизияларының даңқы шықты, екеуі кейін 72-ші, 73 гвардиялық дивизиялыққа айналды. Ерлігі ушін 73-гвардиялық дивизия <Сталинградтық> деген құрмет атақ алды. Қарағандының өкілі, ұшқыш Нуркен Әбдіров 1942 жылғы 19 желтоқсанда Боковская Пономоревка ауданында таран жасап ерлікпен қаза тапты. Атақты <Павлов үйі> үшін соғыстың бір мүшесі Толыбай Мырзаев еді. Еділ бойындағы қаһарман қала түбінде минометші Қарсыбай Сыпатаев өшпес ерлік жасады. 300 фашистің тегеуріне 11 қаһарман төтеп берді. Ержурек жауынгерлер қорғаған төбе <Шығыстың 11 батырының төбесі> деп аталады. Дон мен Еділ бойында Қазакстандықподполковник Т.С.Позолотин басқарған 17-гврадиялық танк полкі ерекше көзге түсті. Днепр үшін ұрыста 18 жасар Ж.Елеусізов қазақтар арасыындағы ең жас Кеңес Одағының Батыры атанды.Қазақстандық партизадардың жалпы саны 3,5 мың адамнан асып түсті. Шетелдердегі Қарсыласу қозғалысына қатысқан қазақстандықтар, солардың ішінде Кеңес Одағының батыры А.С Егоров, З.Х Құсайынов. 2-ші дүние жүзілік соғысындағы ірі операциялардың бірі – берлин операциясы 1945 жылы 16 сәуір-2 мамырда кеңес Армиясы Берлинді толық билігіне алды.Берлин үшін ұрыстарға қатысқан Кеңес Одағының Батыры С.Нұрмағамбетов. Жас офицер Р.Қошқарбаев өзінің досы Г.Булатовпен бірге Рейхстаг терезелерінің біріне алғашқылардың бірі болып жеңіс туын қадады.Жеке өзі жаудың 37 ұшағын атып түсірген екі мәрте кеңес одағының батыры Сергей Луганский. Екі мәрте Кеңес одағының батыры атағын алған жерлес ұшқыштарымыз Леонид Беда және Иван Павлов. Кеңес одағының батыры атағын әйелдер арасында 100-ші қазақ ұлттық атқыштар бригадасының пулиметшісі Мәншүк Маметова және 54 атқыштар бригадасының мергені Әлия Молдағұлова болды.500-ге жуық қазақстандықтар Кеңес одағының батыры атағын алды.
2. Тәуелсіздіктің жариялануы алдында. КСРО 1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшилары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО құру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады.1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты. 1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні. Республика тұрғындарының ішінде сайлауға сайлау құқығы барлардың 88,23%-ы қатысып, олардың 98,78%-ы Н.Назарбаевқа дауыс берді. Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді.
3. Декларация - қандай да болсын қағидаларды немесе ұстанымдарды ресми түрде немесе салтанатты түрде жариялау; белгілі бір ақпарат(мәлімет) баяндалатын кейбір ресми құжаттардың атауы
Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 311 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Билет 14 | | | Билет 16 |