Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Билет 10

Билет 1 | Билет 2 | Билет 5 | Азақстан Кеңес билігі орнағанда. Большевиктердің алғашқы шаралары. | Билет 7 | Билет 8 | Билет 12 | Билет 13 | Билет 14 | Билет 15 |


1. ЖЭС-тің қиыншылықтары мен табыстары. ЖЭС белгілі бір шамада капитализмге уақытша жол беру арқылы мемлекет қолында халық шаруашылығының әміршіл тұтқаларын сақтап қалуға есептелген пролетарлық мемлекеттің ерекше саясаты болуға тиіс еді. ЖЭС-тің негізгі мәні- елдің экон. жағынан артта қалу проблемасын шеше алатын жұмысшылар мен шаруалардың одағын жасау болды. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығынаң бір біріне көмектесуі мен бір мезгілде қатар дамуы мына жүйе бойынша жүруге тиіс еді: ауыл шаруашылығын өндіріс құрал жабд. Қамтамасыз етуге бейімделген ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіру, селолық ұсақ тауар өндірушілерді көтермелеу ауыл шаруашылық техникасын кеңес өкіметі өңдей алмай отырған шикізатқа айырбастау жолымен сырттан алу. ЖЭС-қа бағыт алу РКП 10 съезінде қабылданды. 1921ж 20 наурызда компартияның 10 съезінің күн тәртібіне ең маңызды мәселе қойылды: берінші- партияның ішіндегі фракцияларға тыйым салу,екіншісі- шаруаларға 3 жыл бойы ауыр салмақ болған азық-тулік салғыртын азық-тулік салығымен ауыстыру. Азық-түлік салығына көшу шаруаларға өз шаруашылығын жоспарлау мен ауыл шаруашылық өнімдерінің артығын өз бетінше пайдалануға мүмкіндік берді. ЖЭС-қа көшу Қазақстанда орасан зор ауыртпашылығымен қоса жүрді. Республиканың басым бөлігінде 1921 жылы қуаншылық орын алып, қатты жұт жайылды- жұттың кесірінен малдың 80 пайызына дейін қырылып қалды.1921 жылдың қарашасында елдегі ашығушылар саны бүкіл респ. халқының 1\3 бөлігін қурап, 2млн 300мың адамнан асып түсті Батыс Қазақстан өзінде ғана ашығушылар саны 1922 ж. Маусым айында барлық тұрғындардың 82 пайызына жетті. Ашығушылар қатарына Орал,Орынбор,Омбы,Ақтөбе,Бөкей,Қостанай губерн.жатқызылды. Аштықтың Солтүстік Батыс Қазақстанның аудандарына таралуына табиғат апаттары ғана емес, орталықтан жасақталған азық- түлік отрядтарының ауыл шаруашылық өнімдерін зорлықпен тартып алулары себеп болды. Ленин 1921ж 14 маусымда «нақты ет салығы туралы» декретке қол қойып, ол бойынша көшпелі ж\е жартылай көшпелі шаруаларының ет салғығынан босатты. Аштықтан тұтас ауылдар қырылып қалды,халықтың саны азайды.700 мыңнан астам Қазақстаннан тыс қары аймақтағы көшіп кетті.

2. 1986ж. Демократияшыл жастар қозғалысының себептері мен басталуы, оқиғаның сипаты. КОКП орталық комитетінің нұсқауымен 1986ж. Желтоқсанның 16 күні Қазақстан кп отралық комитетінің пленумы болды. Жиналысты КОКП ОК-нің хатшысы Разумовский жүргізді. Күн тәртібінде бір ғана ұйымдастыру мәселесі тұрды. Қонаевтің орнына орталықтың шешімі бойынша Г.Колбинді қою ұсынды. Сипаты: Республиканың бірінші басшысының ауыстырылуы пісіп жетіліп тұрған жаппай наразылышықтың ашық қарсылық түрінде көрініс беруіне түрткі болды. Келесі күні таңертеннен бастап Брежнев атындағ алаңға адамдар жинала бастады. Олардың дені студенттер мен жұмысшы жастар еді. Лениндік ұлт саясатының өмірлік іс жүзінде дұрыс жүргізілуін, республиканың егемендігін сайлауды ұлттық тіл мен мәдениеттің дамуын қамтамасыз етуді, жергілікті халық арасынан саяси қайраткерлердің шығуына кедергі келтірмеудің кадр саясатын әділ жүргізуді т.б талап еткен дауыстар естіліп, транспаранттар көтерілді. Митинг бір қалыпты тәртіппен өтіп жатты. Әскери бөлімшелер әкелінді. Желтоқсанның 18-і күні сағат 13-те алаңға әскери училищенің жеке құрамасы еңгізіліп, Орталық Комитет үйі қоршауға алынды. Ереуілшілерді ұстап, жазалау басталды. Олардың қолға түскендері арнайы қабылдау орындарына тергеу аластағыштарына, ақпаратты есептеу жүйесіне үйлеріне орналастырды. Шерушілерге қарсы сапер күректері, үйретілген иттер, өрт сөндіруші машиналар, бронды транспортерлер жүргізілді. Қолға түскен жігіттер мен қыздар қақаған аязда бірнеше сағат бойы зорлықпен қар үстіне жатқызылды, қаладан алысқа апарылып, жұқа ж\е су киімдерімен түнгі аяз ызғарында ұсталды.

3. Ақ гвардия ұығымын бер. Ақ гвардия – қазан революциясынан кейін Кеңес Республикасына большевиктерге қарсы күштердің әскери құрамалары. Ақтар қозғалысының әскери күші- Кеңес тәртібіне(қызыл гвардияға) қарсылардың қарулы бірлестігі.

 


Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 1457 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Билет 9| Билет 11

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)