|
АЗАҚСТАН ТАРИХЫ БИЛЕТТЕР
1. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыстың басталуы және сипаты. 1916 жылы 25 маусым күні орыс емес «бұратана» халықтардың 19-43 жас аралығындағы ер азаматтары соғысып жатқан армия шебінде қорғаныс құрылыстарын салу мен тыл жұмыстарына алу жөніндегі патша жарлығы жарияланды. Байырғы халықты тыл жұмыстарына шақыру халықтың ашу ызасын тудырып, Орталық Азия халықтарының Ресей отаршылдығына қарсы қуатты көтерілісінің басталуына себепші болды. Көтерілістің негізгі әлеуметтік экономикалық және саяси себептері бар еді. Олар – отарлық езгінің күшеюі, жерді тартып алу, салықтар, еңбекшілерді аяусыз қанау, орыстандыру саясаты. Стихиялы түрде басталған қозғалыс біртіндеп ұйымдасқан сипат ала бастады. Оны Торғай даласында Жангелдин мен Иманов, Орал мен Бөкейде Меңдешев пен Әйтиев және т.б. басқарды.
2. Тоқырау жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық саяси дамуындағы қайшылықтар. Қазақстан компартиясы. Кеңес Одағының әрбір жаңа басшысының өкімет билігіне келуі олардың өздерінің алдындағы кезеңде жіберілген қателіктер мен бұра тартушылықты жою жөніндегі белсенді «реформаторлық» қызметімен қатар жүрді. Алайда қоғам дамуының барлық кезеңдері үшін ортақ белгі жүйенің өз ішіндегі қалыптасқан әлдеқандай белгісіз резервтерді анықтап, ашуға негізделген «социализмді жетілдіру» әрекеті болды. Ұлт саясатының (сталиндік режимнің) ұлттық мәдениетттің мүдделері мен мақсаттарын елемеу, жоққа шығару дүстүрлерін өздеріне мұра етті. Депортацияға ұшырағандардың өкілдеріне ресми өкімет орындарының тарапынан бұрынғы жылдардағыдай кемсітушіліктің бүркемелі түрлерін қолдану жалғаса берді. Цензура қайтадан өнер адамдарының шығармашылық өміріне баса көктеп ене бастады. Олжас Сүлейменов «Аз и Я».
3. Монархия – жоғарғы өкімет билігі жеке дара (мұрагерлік жолмен) билеушінің қолындағы басқару түрі, сонымен бірге осындай билеуші басқаратын мемлекет.
Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 390 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Appearances - How to describe someone in English | | | Билет 2 |