|
1. Қазақстан қазан төңкерісі кезінде. Уақытша үкімет ұлт және аграрлық мәселелерді түбегейлі шешіп бере алмады. Елге ашаршылық қаупі төнді. Қазақ еңбекшілерінің уақытша үкімет саясатына наразылығы күн сайын күшейе түсті. Өндіріс тоқырап, егіс көлемі азайды. Жұттан мал қырылды. Өнімнің бағасы қымбаттады.
2. Алашорда үкіметінің құрылуы. 1917 жылдың шілдеде Орынборда бірінші жалпықазақ съезі шақырылды. «Алаш» партиясының басшылары Бөкейханов, Байтұрсынов т.б. сияқты либерал демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының өкілдері еді. «Алаш» басшылары мен бүкіл партия Қазан революциясын қолдаған жоқ. Партияның негізгі бағдарламалық міндеттері: а) отарлықты жою; ә) қазақтарды мәдениетті елдер қатарына қосу; б) түбірлі өзгерістерді жүзеге асыру. 1917 жылдың желтьоқсанында Орынборда «Алаш» партиясының Екінші жалпықазақ съезі болып өтті. Съезд «Алаш» атауымен қазақ автономиясының құрылғаны жөнінде мәлімдеді.
3. А.Байтұрсынов(1873-1938) - қазақ халқының жиырмасыншы ғасырдың басындағы ұлт азаттық қозғалыс жетекшілірінің бірі, ақын, түркітанушы ғалым, аудармашы, педагог, публицист, қоғамтанушы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы. Ахмет Байтұрсынов «Алаш» партиясы басшыларының бірі болды, Қырғыз өлкесі әскери революциялық комитетінің мүшесі болып сайланды. Ленин қол қойған мандат алып комитет құрамында жұмыс істеді, қазақ АКСРін құруға үлес қосты. 1929-37 жылдары ешбір негізсіз тұтқындалып, ату жазасына бұйырылды. 1988 жылы ақталды.
Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 267 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Билет 2 | | | Азақстан Кеңес билігі орнағанда. Большевиктердің алғашқы шаралары. |