|
1. Қазақстандықтар Мәскеу, Ленинград үшін ұрыстарда. Қазақстандықтар Мәскеу, Ленинград үшін үұрыстарда. Соғыстың алғашқы кезінде Қазақ КСР-інде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып майданға аттандырылды. Брест қамалың қорғаушылар арасында Қазақстандықтар А.Нағанов, В.Фрусов, Қ.Тұрдиев, Ш.Шолтыров және т.б.болды. Дивизия комиссары, Оңтустік батыс майдан Әскери Кеңесінің мушесі Е.П.Рыков басқарған 800 жауынгер 1941 жылғы 20 қыркүйекте үш тәулік бойы күші басым жаумен соғысып қаза тапты. Мәскеу тубінде генерал майор И.В.Панфилов басқарған 316атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты. 1941 жылғы қарашада Дубосеково түбінде 1075 атқыштар полкінің танк жоюшылары ерекше ерлік көрсетті. Осы топта ротаның саяси жетекшісі В.Г.Клочковтың:”Рессей кең байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Мәскеу” деген сөзі ұранға айналды. Мәскеу үшін шайқаста И.В.Карпов қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен аға лейтенант Б.Момышұлы басқарған батальонның жауынгерлері ерекше ерлік көрсетті. Мәскеу түбіндегі ерлігі үшін 316 атқыштар дивизиясы 8-гвардиялық дивизия болып қайта құрылып, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Жауынгерлердің өтініші бойынша дивизия И.В.Панфилов есімімен аталатын болды. Мәскеу ушін шайқаста ротаның саяси жетекшісі Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Бородино селосында көрсеткен ерлігі ушін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген Төлеген Тоқтаров. Ұлы Отан соғысының аты аңызы айналған қаhарманы, белгілі жазушы Б.Момышұлы. Соғыстың алғашқы күндерінде бірінші болып таран жасаған А.Масловтың экипажы. Оның құрамында жерлесіміз Бақтыораз Бейсекбаевта бар еді. Оған 1998 жылы Халық Қаhарманы атағы берілді. Балтық флотында қызыл тулы бір ғана “Киров” крейсерінеде 156 қазақстандақ жауынгерлік сапта тұрды.Ленинград ушін шайқаста Сұлтан Баймағамбетов жаудың қорғаныс ұясының аузын жауып қаза тапты. Сол ушін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Ориенбаум алғы шебінде 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені Дуйсенбай Шыныбеков шайқасты. 1941 жылғы қыркуйектің ауыр күндерінде қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаев Ленинградтықтарға Ленинградтық өрендерім деген жырын арнады. 1942 жылдың күзінде ауқымы адамзат тарихында болып көрмеген Сталинград тубінде ұрыс жүріп жатты.Каспий өніріне соғыс жағдайы енгізілді. Қазақстан Сталинград облысымен 500 шақырым бойына шекаралас еді. Сондықтан Сталинград майданына Батыс Қазақстанның ресурстары кен ауқымда тартылды. Қазақстанның Еділ бойындағы қахарман қаланы қорғаушыларға жолдаған үндеуінде: < Сталинград -Шығыстың кілті>, деп көрсетілді. Батысқазақстандықтар Сайхан мен Ордада әскери әуежайлар құрылысына жұмылдырылды. Ақтөбе облысының кейбір аудандарында қорғаныс құрылыстары салынды. Полковник Ғани Сафиуллин басқарған 73-гвардиялық дивизияның өзі ғана жаудың 120 танкісі мен 800 автомашинасын жойды.Сталинград майданында шайқасқан 29-шы және Алматының 38 атқыштар дивизияларының даңқы шықты, екеуі кейін 72-ші, 73 гвардиялық дивизиялыққа айналды. Ерлігі ушін 73-гвардиялық дивизия <Сталинградтық> деген құрмет атақ алды. Қарағандының өкілі, ұшқыш Нуркен Әбдіров 1942 жылғы 19 желтоқсанда Боковская Пономоревка ауданында таран жасап ерлікпен қаза тапты. Атақты <Павлов үйі> үшін соғыстың бір мүшесі Толыбай Мырзаев еді. Еділ бойындағы қаһарман қала түбінде минометші Қарсыбай Сыпатаев өшпес ерлік жасады. 300 фашистің тегеуріне 11 қаһарман төтеп берді. Ержурек жауынгерлер қорғаған төбе <Шығыстың 11 батырының төбесі> деп аталады. Дон мен Еділ бойында Қазакстандықподполковник Т.С.Позолотин басқарған 17-гврадиялық танк полкі ерекше көзге түсті. Днепр үшін ұрыста 18 жасар Ж.Елеусізов қазақтар арасыындағы ең жас Кеңес Одағының Батыры атанды.Қазақстандық партизадардың жалпы саны 3,5 мың адамнан асып түсті. Шетелдердегі Қарсыласу қозғалысына қатысқан қазақстандықтар, солардың ішінде Кеңес Одағының батыры А.С Егоров, З.Х Құсайынов. 2-ші дүние жүзілік соғысындағы ірі операциялардың бірі – берлин операциясы 1945 жылы 16 сәуір-2 мамырда кеңес Армиясы Берлинді толық билігіне алды.Берлин үшін ұрыстарға қатысқан Кеңес Одағының Батыры С.Нұрмағамбетов. Жас офицер Р.Қошқарбаев өзінің досы Г.Булатовпен бірге Рейхстаг терезелерінің біріне алғашқылардың бірі болып жеңіс туын қадады.Жеке өзі жаудың 37 ұшағын атып түсірген екі мәрте кеңес одағының батыры Сергей Луганский. Екі мәрте Кеңес одағының батыры атағын алған жерлес ұшқыштарымыз Леонид Беда және Иван Павлов. Кеңес одағының батыры атағын әйелдер арасында 100-ші қазақ ұлттық атқыштар бригадасының пулиметшісі Мәншүк Маметова және 54 атқыштар бригадасының мергені Әлия Молдағұлова болды. 500-ге жуық қазақстандықтар Кеңес одағының батыры атағын алды.
2. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы және ТМД құрылуы. 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні. Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінең басшысы Президент болып табылады. 1991 ж. 8 желтоқсаида Белорусь, РСФСР жэне Украина республикаларының басшылары Минск қаласында (Беловеж нуы) кездесіп, мэлімдеме қабылдады. Онда саяси одақ түйыққа тірелді, сондықтан республикалардыңОдақтаншығуыобъективтікпроцессжәнетәуелсіз жеке мемлекет құру шынайы факті болып отыр деп көрсетілді. Себебі, орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты елді терең экономикалық жэне саяси дағдарысқа алып келді, халықтың түрмыс деңгейі төмендеп кетті, қоғамда әлеуметтік шиеленіс, үлттар мен халықтар арасындагы қайшылықтар мен қақтығыстар күшейді деп атап өтілді. Мүның өзі бүрынғы Одаққа кірген мемлекеттердің жаңа одағын — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) қүруға жол ашты. Бүл қүрылым бүрынғы Одақ бойынша осы кезге дейін алынған халықаралық міндеттердің орындалуына кепілдеме бере- ді, ядролық қарудың таралуына жол бермейді жэне оған бірыңғай бақылау орнатуды қамтамасыз етеді,— деп атап көрсетілді. Бұл шешім әуелгі кезде басқа республикалар тарапынан қарсы көзқарастар туғызды. Өйткені, заң бойынша Одаққа кірген Қазақстан, Орта Азия, Закавказье республикаларының келісімінсіз бүл үш республика егемендік туралы күрделі мәселені жеке дара шешуге тиіс емес еді. Міне, осыған байланысты 1991 ж. 12 желтоқсанында Ашхабад қаласында Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының кездесуі болып өтті. Онда ТМД-ға тек барлық республикалардың тең қүқықтық негізінде қүрылушылық жағдайын мойындағанда ғана қосылуға болатындығы ерекше атап көрсетілді. 1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілдері қатынасқан кездесу болды. Олар тең қүқықтық жағдайдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қүрылғандығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алматыда қабылданған декларацияда Минскідегі айтылған жалпы принциптік мэселелердің барлығы мақүлданды. Жаңадан қүрылған Достастық мемлекет басшылары және үкімет басшыларының Кеңесі деген жетекші органдар құрды. Онда жалпы бағыттағы көкейтесті саяси жэне әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу көзделді. Достық Одаққа кірген мемлекет басшылары Біріккен ¥лттар ¥йымы алдында бұл тәуелсіз мемлекеттердің барлығын осы халықаралық ұйымға толыққанды мүше етіп алу туралы өтініш жасады. Сонымен қатар бұрынғы КСРО-да жасалған ядролық қаруды жэне оған эскери басшылық жасауды бірігіп іске асырып отыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы осы кезге дейін Кеңестер Одағы қол қойып, халықаралық дәрежедегі жасаған келісімдердің орындалуын өз мойындарына алады деп көрсетті. Сөйтіп, 1991 жылғы желтоқсандағы Алматы қаласында бас қосқан тәуелсіз елдер басшыларының келісімі КСРО-ның өмір сүруін тоқтатумен аяқталды.
3. Әміре Қашаубаев. Туған жері Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданына қарасты Дегелең тауынң алабы. Алматы қаласынан топырақ бұйырған. Шыққан тегіОрта жүз ішіндегі Тарақты руы. Кедей шаруа жанұясында туып өскен. Жастайынан әншілік өнерпаздығымен жұрт аузына ілігіп, ел аралап ән салып, қараөткелдік Сәтмағамбет, Ғазиз, баянауылдық Жаяу Мұса, Қали Байжанов, керекулік Майра Уәлиқызы сияқты арқалы әншілермен танысып, өнерін одан әрі шыңдай түседі. 1924 жылы Семейде өткен өнерпаздар байқауында Қалимен бірге бас жүлдеге ие болды. Мұнан кейін әншілік даңқы алысқа жайылып, 1925 жылы Парижде өткен Дүниежізілік көрмеде болған этнографиялық концерттерге қатысып, ерекше көзге түседі, қазақтың өресі биік әншілік өнеріне әлем тыңдаушыларының көзін жеткізеді.Әміре 1925 жылы Қызылордада ашылған жаңа театр труппасына қабылданады. Өмірінің соңына дейін театрда әнші артист болған. Әміре «Еңлік Кебекте» Жапалдың, «Айман Шолпанда» Жарастың рөлін ойнайды. Концерттік қойылымдарға жиі жиі шығып, халықтың ән өнерін насихаттауға айрықша үлес қосады. Әміренің әншілік өнері А.В.Луначарский, А.В.Затаевич, Г.Любимов сияқты өнердің парқын терең білетін мамандар тарапынан жоғары баға алған.Қазақтың «Ағаш аяқ», «Үш дос», «Қос барабан», «Қызыл бидай», «Смет», «Жалғыз арша» сияқты классикалық әндері Әміре айтқан үлгі өнегемен орнығып, кейінгі әншілердің репертуарларында жалғасын тауып келеді. Бұл ретте, Ж. Елебеков, М. Ержанов, Ж. Кәрменов, Қ.Байбосынов, М.Ешекеев, Б.Тілеуханов сияқты жез таңдай әншілердің Әміре өнерін жалғастырушы лайықты ізбасар болғанын атап айтқан жөн.
Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 474 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Билет 15 | | | Билет 17 |