|
1. Білім және ғылым (1920-1945). 1924ж “Сауатсыздықты жою” қоғамы ұйыидастырылды. Ол еңбекшілердің қолдауымен ерікті мүшелік негізінде жұмыс жұргізді. 1931ж желтоқсанда республиканың 15жастан 50 жасқа дейінгі сауатсыз еңбекші халқына жалпыға бірдей міндетті сауат ашу енгізілді. Қазақстанның халыққа білім беруге бөлінген қаражат мөлшері өсті. 1926ж мамырда республиканың Халық Комиссарлар Кеңесі “Қазақ АКСР бірыңғай еңбек мектептерінің жрғысын ” қабылдады. 3-4 жылдық мектептерді көбейту қолға алынды. Шымкентте, Алматыда, Түркістанда, Ордада арнаулы қыздар мектептері ашылды. 1930/31 ж оқу жылында отырықшы аудандарда, 1931ж көктемінен бастап көшпелі аудандарда жалпыға бірдей білім беру енгізілді. Интернаттар, жатақханалар желісін көбейту, оқушылырға стипендиялар беру, оларды оқулықтармен, оқу құралдарымен, киіммен, көлікпен тегін жабдықтау түрінде материалдық көмек көрсету көзделді, білікті мамандар көбейді.
1928ж-“Абай”педагогикалық институты ашылды.
1931-1932ж-Орал, Қызылордада педагогикалық институты ашылды.
1929-1931ж –Алматыда зоотехникалық малдәрігерлік мед ашылды.
1934ж- С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университет ашылды.
1920-1930жылдар Қазақстан ғылымының қалыптасқан кезеңі болды. Өлкенің тарихы, этнологиясы,экономикасы зерттеле бастады және жаратылыстану ғылымының ірі орталықтары пайда болды. Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылып, оның секцияларының жұмысына С.Асфендияров, А.В.Затаевич, Ә.Диваев, Қ.Жұбанов, А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Жолдыбаев, А.П.Чулошников, А.Ю.Якубовский және басқа көрнекті ғалымдар белсене қатысты.1932ж КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы филиалын құру жағдайы жасалды. Оның құрамында зоология және ботаника секторлары мен Алматыдағы Ботаника бағы болған еді. 1935ж Геология және тарих секторлары құрылды. Ғылым академиясының базасына құрамында қазақ тілі мен әдебиеті,халық шығармашылығы секторлары бар. Қазақ ұлттық өнер ғылыми зерттеу иституты қосылды. Кейінірек база КСРО Ғылым акадмиясының Қазақ филиалына айналды. 1935ж профессор С. Асфендияров жазған “Қазақстанның көне заманнан бергі тарихының” бірінші бөлімі жарық көрді.
2. Жоғарғы кеңес және 1993ж Конституция. Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымың құрамында демократиялық ұстанымдар үшін белсенді күрес жүргізілетін депуттар көп болды. Мұнда жылына екі рет мәжіліс өткізіліп, заң шығарумен тұрақты айналысты. Құрылымы преамбуладан, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. Конституция мемлекеттік тәуелсіздік алған күнінен бастап көптеген құқықтық нормаларды қамтыды: халық тәуелсіздігі, мемлекеттің тәуелсіздігі, билікті бөлу қағидаттары, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мойындау, Президентті мемлекет басшысы ретінде мойындау, сот органдары -Жоғары, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқалар. 1993 жылғы Конституцияның негізіне парламенттік республика моделі жатады. 1992ж маусымда тәуелсіз Қазақстанның Елтанбасы мен Туының жаңа үлгілері қабылданды.Кейінірек, осы жылдың желтоқсан айында Әнұранның жаңа мәтіні бекітілді. 1992-1993ж ішінде Жоғарғы Кеңес тағы бірқатар маңызды экономикалық және әлеуметтік заңдар қабылданды. Қазақстанныңтәуелсіз мемлекетболып жарияланып, әлемдікқауымдастыққа енуі – Республиканың сол мәртебесіне сай Конституциясын- Негізгі заңын қайта қарау мәселесін алға тартты. ҚР-ның тәуелсіз мәртебесіне сай жаңа Конституциясы 1993ж қаңтардың 28-і күні қабылданды.
3. Тұрар Рысқұлов (26 желтоқсан 1894, Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысы – 10 ақпан 1938, Мәскеу) – мемлекет қайраткері. Тұрар Меркі қаласында туыстарының қолында тұрды, орыс-қазақ мектебінде оқыды. Мектепті тәмамдаған соң ол Пишкек (қазіргі Бішкек қаласы) қаласындағы ауылшаруашылық училищесіне оқуға түсті. Училищені озат аяқтаған соң ол Ташкент мұғалімдер институтына тапсыруға бел байлайды. Ол институтты аяқтай алмайды; оны революциялық қызмет қызықтырады. Февраль төңкерісінен кейін 1917 жылы ол Әулие ата уезінде жастар ұйымын құрады және Әулие ата Кеңесімен тығыз байланыс орнатты. 1917 жылдың қараша айынан 1918 жылдың қарашасына дейін Әулиеата уезінің Кеңестік департаментінің төрағасы болады. 1918 жылдың шілдесінен желтоқсанына дейін – Түркістан АССР ұлттық комиссары. 1918 жылдың желтоқсанынан 1920 жылдың қаңтарына дейін Республикалық Ұлттық Комиссарлар Кеңесі (ҰКК) төрағасының орынбасары болып жұмыс істейді. 1921 жылы Т. Рысқұловты ұлттық мәселелер бойынша ұлттық комиссариаттың құзыретті өкілі ретінде Әзербайжанға жібереді. 1922 жылы РСФСР ұлттық ісі бойынша ұлттық комитеттің орынбасары болып тағайындалады. 1922 жылдың 6 қыркүйегінен 1924 жылдың қыркүйегіне дейін Түркістан АССР СКО төрағасы болып жұмыс істейді. 1924 жылдың сәуірінен 1926 жылдың маусымына дейін – Коминтерндегі Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1925-1926 жж. – Монғолия Коминтернінің құзыретті өкілі. 1926 жылдың наурыз-маусымында партияның қазақ аймағының баспа бөлімінің басқарады. 1926 жылдың шілдесінен 1937 жылдың шілдесіне дейін РСФСР ҰКК төрағасының орынбасары.Еш негізсіз қуғын-сүргінге ұшырап, тоталитарлыұ режимнің құрбаны болды. Қайтыс болғаннан кейін ақталды.
Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 358 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Билет 16 | | | Билет 19 |