|
1. 1940ж екінші жартысы мен 1960ж ортасына дейінгі аралықтағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі. Әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне адам құқықтарын аяққа басу, азаматтардың бостандықтарын шектеу оларды саясаттан, мемлекеттік басқарудан шектеу құбылыстары тән еді. Қазақстан КСРО-ның құрамына енген одақтас республика болып есептелмегенімен, Іс жүзінде ешқандай егемендігі болмады.
2. Тәуелсіздік жылдарындағы экономикалық даму:нарықтық қатынастардың орнығуы. Экономикалық реформаларды жүзеге асыруда Қазақстан үлкен қиыншылықтарға кездесті. Экономиканы күштеп басқарудан нарықтық жүйеге көшу аса қиын әрі күрделі болып шықты. Бұрыннан қалыптасқан шаруашылық, байланыстарының үзілуі, келісім тәртібінің нашарлауы салдарынан көптеген кәсіпорындардың жұмысы тоқтап қалды. Жағдайды Қазақстанның 1992 жылға дейін Ресеймен бір экономикалық кеңістікте болғаны қиындата түсті.Қағаз ақша шамадан тыс шығарылып, 1990 жылмен салыстырғанда 1991 жылы 8,7 млрд сомға жетті, ақшаның құнсыздануы күшейді. Халықтың қолында тауармен қамтамасыз етілмеген 13 миллиард сомға жуық ақша шоғырланды. Дүкен сөрелері бос қалды. Сонымен бірге өнім өндірудің барлық түрі азайды, ол өндіріс саласында да, аграрлық салада да орын алды. Өндірістік қуаттарды, құрылыс обьектілерін іске қосу күрт азайды. Тұрғын үйлер, мектептер, басқа да әлеуметтік-мәдени тұрмыс нысандары пайдалануға аз берілетін болды. Әсіресе құрылыс материалдары өндірісінің қыскаруы мен олардың өнімі құнының қымбаттауы, құрылыс мекемелерінен маманданған жұмысшылардың кетуі қатты байқалды. Темір жол көлігімен тасымал көлемі азайды. Мемлекеттің көмектесу, қарайласу саясатына қарамастан, нан өнімдері бағасы едәуір өсті. Енді түсірген пайдасына, табысына қарай адамдар бөліне бастады. Нарыққа көшу саясатының бұрмалануынан өз жағдайын алып-сатарлық, делдалдық, пара алумен түзеп алған адамдар тобы пайда болды. Жемқорлық, әсіресе шенеуніктер арасында күшейді. Байлықты негізгі өндіретін халықтың жалақысы - бір айлықтан екіншісіне дейін зорға жетті. Әсіресе, көп балалы отбасылар мен зейнеткерлер қиын жағдайда қалды. Тұрмыс жағдайының одан әрі нашарлауы тұрғындардың жаппай наразылығын тудырды. Мұғалімдер, зейнеткерлер мен дәрігерлер жалақысын көбейтуді талап етіп, ереуіл өткізді. 1992 жыл өте күрделі жағдайда өтті. Еңбекшілердің әлеуметтік жағдайының нашарлауына Ресейде жасалған реформаны сол қалпында қайталау да біршама әсер етті. Саудада, қоғамдық тамақтандыру мен қызмет көрсету саласында меншікті жекешелендіру баяу жүрді. Еңбек өнімділігі төмендеп, тәртіп едәуір нашарлады.
3. «Индустрияландыру» сипаттама бер. Индустрияландыру – 1) ірі, техникасы дамыған өнеркәсіпті, ең алдымен елдің халық шаруашылығындағы жеткеші саланың негізі ретінде өндіріс құрал жабдықтарын өндіретін салаларды құру; 2) (лат. күш салу) – өнеркәсіптегі және шаруашылықтың басқа салалрындағы өндірістік күштерді ұлғайту және экономиканы көтеру мақсатында бағытталған ірі машина жасау және өндірісін құру процессі.
Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 265 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Билет 17 | | | Билет 20 |