|
1. 58. 1940 ж. ІІ жартысы-1960 ж. ортасына дейінгі аралықтағы саяси қысымның көрінісі. 1946ж БК(б)П ОК “Звезда”, “Ленинград” журналдары туралы қаулылары шығып, бірқатар көркемөнер қайраткерлерінің соққыға ұшырауы Қ-дағы ұлт зиялыларын қуадалаудың жаңа толқынына жол ашты. Республиканың партия комитеттері өз жұмыстарын БК(б)П ОК аталған қаулыларының бағытында ғана жүргізетін болды. Бұл шаралар адамдарды тағы да өз араларынан жау іздеуге итермеледі. Әдебиет, өнер және ғылым қайраткерлеріне негізсіз саяси айып тағу басталды. Мәскеуде “Дәрігерлер ісі”, Ленинградта “Ленинград ісі” деп аталған саяси күйрету шаралары жүріп жатқан кезде, Қ-да “Бекмаханов ісі” қолға алынды. Сынаушылар Е. Бекмахановтың еңбектерін орысқа қарсы жазылған және онда Ресейге қарсы ұлттық көтерілістер дәріптелген деп айыпталды. Авторға буржуазияшыл- ұлтшыл идеологияны дәріптеді деген кінә тағылды. Ол кісіге 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, ірі лагерлердің біріне жіберілді. 1954 ж ақталып шықты. 1940 -50 ж басында әділетсіз саяси айыптауға ұшырамаған қазақ зиялылары кемде-кем. Олардың қатарында респубикаға белгілі қоғамтанушы ғалымдар, жазушылар, мәдениет қайраткерлері – А. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Е. Ысмайылов, І. Кеңесбаев, С. Мұқанов, тб болды. Биология, медицина және геология ғылымдары салалрында жемісті еңбек етіп жүрген көптеген ғалымдарға “космополит(өз отанына, халқына жат адам)” деген айып тағылды. 1950 ж бастап жазалау әдістері біраз өзгерді: бұл кезде партия қатарынан шығарып, қызметтен қуу, оған бой бермегендерді жындыханаларға тығу етек ала бастады. КСРО денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, осы жылдары 90 мыңнан астам “өзгеше ойлайтын ” кеңес азаматтары жаза тартқан.
2. Жекешелендіру үрдісі және оның әлеуметтік салдары. 1993 ж соңына қарай Республика өкіметінің бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан жекешелендірудің І кезеңі аяқталды. Ондаған мың қазақстандық өздерінің жеке меншік шаруашылықтарын жүргізді: шағын кәсіпорындардың, дүкендердің, қызмет көрсету мекемелерінің иесіне айналды, фермерлік іспен айналыса бастады. 1993 ж қазан 3,5 мың астам кооператив, 15 мыңнан астам шағын кәсіпорын және 11 мың жеке кәсіпорын жұмыс істеді. Ауылдарда 15 мыңға жуық фермерлік және шруа қожалықтары құрылды. Комерциялық банктер 160-қа, түрлі биржалар саны 37-ге жетті. 7000 кәсіпорын жекешелендірілді. 5 мыңы сауда және қызмет көрсету, 35 пайызы ауыл шаруашылық секторы. 1994 ж жекешелдірудәі ІІ кезеңі: купонмен орта және ірі кәсіпорындар иелену. 2000 ж бастап ел экономикасы бірден жаақсара бастады. Қ экономиасы экспортқа бағытталған түпкілікті өнім өндіруге кірісті. Табыстары өмір сүру деңгейінен төмен түрғындардың үлесі азайды. Тұрғын үй мәселесі және жылжымайтын мүлік нарығын дамыту қолға алынды. Жалпы Қ бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуына қажетті жағдайлар жасады.
Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 272 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Билет 19 | | | Билет 21 |