|
1. 1940ж ІІжартысы -1960 ж ортасындағы республика өнеркәсібін қайта құру және одан әрі дамыту. Бұл кезеңде Қ. өнеркәсібінің отын-энергетика саласы жақсы дамыды. Қарағанды көмір бассейнінде ондаған ірі шахталар мен байыту фабрикалары іске қосылды. Екібастұз ашық әдіспен көмір өндірудің көлемі күрт ұлғайды. 1950 ж қарсаңында көмір шабу, қопару және оны вагонға тиеу жұмыстары механикаландырылды. 1950 17,4 млн тонна ал 1960ж 32,3 млн тоннаға жетті. Бұл жылдары Алматыда, Құлсарыда, Өскеменде су электр станциялары, Жезқазғанда жылу электр орталығы салынды. Р-ның батысына (Ембі, Жетібай, Өзен) шоғырланған мұнай өндіру кәсіпорындарының өнімі аталған кезең ішінде 2,5 есе ұлғайды. Теміртауда Қазақ металлургия зауыты іске қосылып, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қуаты ұлғайтылды. 1947 ж Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы мырышын берді. Балқаш мыс қорыту зауытының, Текелі қорғасын-мырыш комбинаттарының қуаттары арттырылды, шикізат базасы ұлғайтылды. Шымкент, Лениногор қорғасын зауыттары қайта құрылып, кеңейтілді. 1950 ж ІІ жартысында республика бойынша жылсайын жүздеген өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылып отырды. Соғыс жылдары пайда болған машина жасау өнеркәсібі (Алматы ауыр машина жасау зауыты, Шымкентте пресс-автомат, Көкшетаудағы механикалық зауыттар) өзге қалалрдағы жаға өнеркәсіп орындарымен толықты. Хими өнеркәсібі дамыды. Сол жылдары атом полигондары ашылды. Соғыстан кейінгі онжылдықтарда Қ. экономикасы жедел қарқынмен өсуі құрылыс индустриясының ауқымын кеңейтуге септігін тигізді. Көлік және байланыс дамытылды. Жалпы Қазақстан өнеркәсібі бір жақты – шикізаттық және өндірушілік бағытта дамыды. Өнеркәсіптің сапалық түрленуіне, тауар ассортиментінің күрделіленуі жеткілікті ескерілмеді. Отын-энергетикалық, металлургия салалары тәуір дамығанымен, өңдеуші өнеркәсіп орындары аз болды.
2. Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық жағдайы. 1991ж аяғына дейінгі екі аптаның ішінде Қ-ның тәуелсіздігін 18 ел таныды. (Түркия, АҚШ, Қытай Германия, Пәкістан тб.) 1992ж БҰҰ толыққанды мүше болып қабылданды. Қ. халықаралық қайта құру және өркендеу банкіне, Еуропалық валюта қорына және өркендеу банкіне, Халықаралық валюта қорына, ЮНЕСКО-ға мүше болып кірді. Қ. Еуропа Азия – Тынықмұхит өңірімен баланыстыратын сыртқы саяси және стратегиялық тиімді кеңістікті алып жатыр. 1992 ж 25 мамырында Мәскеуде Ресеймен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойылды. Бұл құжатта екі жақты ынтымақтастыратын, экономикадан бастап әскери-саяси шараларға дейінгі күллі мәселелер қамтылған. Қ-ның ҚХР мен қатынастарында да қомақты халықаралық құқықтық негіз қаланды. Бұл елмен екә арада елу шақты келісімдер мен хаттамалар жасалды. 1996ж 26 сәуірде Қытайдың Шанхай қаласында ҚР, Қырғыз Р, ҚХР, РФ мен Тәжікстан Р-ы басшыларының алғашқы кездесуі өтті. Кейін олар Мәскеуде (1997ж), Алматыда (1998ж), Бішкекте (1999ж) кездесті. Шанхайда- сенім мәселелері, Мәскеуде- қарулы күштерді қысқарту құжаты, Алматыда- сауда-экономикалық теңдік және өзара тиімділік негізнде дамыту мәселелрі талқыланды. Ал Бішкекте- өздері қол жеткізген келісімдердің орындалу барысы жөнінде пікір алысылды, өңірдегі қауіпсіздік пен қарым-қатынас мәселелері талқыланды және “Бішкек декларациясы ” деген маңызды құжат қабылданды. Түркиямен өте жақсы қарым-қатынаста. Қ-ның дамыған Батыс державаларымен жақсы қарым-қатынастар орнатуда. Қазақстан НАТО-мен байланысты кеңейту шараларына ден қоюда.
3. Репрессия ұғымына анықтама бер. Репрессия- мемлекет органдары қолданатын азматтардың құқықтарына нұқсан келтіру, жазалау.
Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 354 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Билет 20 | | | Билет 22 |