|
1. 1940 ж ІІ жартысы- 1950 ж аралығында мәдениеттің дамуы. Ғылым және өнер. Бұл кезде мәдениеттің базасы әлсіз болды. Тек 1950 ж ішінде мәдениетті дамыту жағдайы біртіндеп түзеле бастады. 1946 Қаз КСР ғылыми академиясы құрылды. С.И. Вавилов, И.П. Бардин, А.М. Панкратов және тб ұйымдастырушылыққа көмектесті. Академия президенті болып Қ.И. Сатбаев сайланды. 1950 ж ішінде қоғамдық ғылымдарды зерттеу ауқымы кеңейтілді. Ш. Уәлхановтың, Ы.Алтынсаринның шығармаларын жарыққа шығару қолға алында. ҚазМУ-де философия факультеті ашылды. 1958ж ҚазКСР ҒА-ның философия факультеті ашылды. 1961 тіл білімі, әдебиет және өнер институттары шаңырақ көтерді. Тарихшылар 1957-59 ж “Қазақ КСР тарихының” екі томдығы жарияланды. Көркем өнер: 1947 ж М. Әуезов “Абай” романының екі кітабын жазып бітірді. 1955-“Абай жолы эпопеясы” жарық көрді. Ғ. Мүсірепов “Оянған өлке ” романы 1950. С. Мұқанов “Сырдаия” романы. Ғ. Мұстафин “Шығанақ”,“Миллионер” повестері, “Қарағанды”,“Дауылдан кейін” романдары. 1950 ж қазақ поэзиясы неғұрлым байып, алуан түрлі сипат ала бастады. Ә.Тәжібаевтің, Х.Ерғалиевтің, Т. Жароковтың, Қ.Бекқожиннің шығармалары қазақ кеңес поэзиясының алтын қорына кірді. КОКП ХХ съезінен кейін әділетсіз жазаға ұшыраған С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров есімдері ақталды. Бірақ А. Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М. Дулатұлы секілді әдебиетшілер ақталмады. Өнер даму үстінде болды. 1952 ж В. Голубович Қазақ драма театрында М. Әуезовтың “Абай” драмасын қойды. Қойылым КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылды. Ә.Әбішевтің “Достық пен махаббат”, Ш.Хұсайыновтың “Кеше мен бүгін”, Ә. Тәжібаевтің “Жалғыз ағаш орман емес” пьесалары сол жылдардың сахнасынан беерік орын алды. Қ-ның музыка мәдениеті елеулі табыстарға жетті.
2. Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық жағдайы. 1991ж аяғына дейінгі екі аптаның ішінде Қ-ның тәуелсіздігін 18 ел таныды. (Түркия, АҚШ, Қытай Германия, Пәкістан тб.) 1992ж БҰҰ толыққанды мүше болып қабылданды. Қ. халықаралық қайта құру және өркендеу банкіне, Еуропалық валюта қорына және өркендеу банкіне, Халықаралық валюта қорына, ЮНЕСКО-ға мүше болып кірді. Қ. Еуропа Азия – Тынықмұхит өңірімен баланыстыратын сыртқы саяси және стратегиялық тиімді кеңістікті алып жатыр. 1992 ж 25 мамырында Мәскеуде Ресеймен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойылды. Бұл құжатта екі жақты ынтымақтастыратын, экономикадан бастап әскери-саяси шараларға дейінгі күллі мәселелер қамтылған. Қ-ның ҚХР мен қатынастарында да қомақты халықаралық құқықтық негіз қаланды. Бұл елмен екә арада елу шақты келісімдер мен хаттамалар жасалды. 1996ж 26 сәуірде Қытайдың Шанхай қаласында ҚР, Қырғыз Р, ҚХР, РФ мен Тәжікстан Р-ы басшыларының алғашқы кездесуі өтті. Кейін олар Мәскеуде (1997ж), Алматыда (1998ж), Бішкекте (1999ж) кездесті. Шанхайда- сенім мәселелері, Мәскеуде- қарулы күштерді қысқарту құжаты, Алматыда- сауда-экономикалық теңдік және өзара тиімділік негізнде дамыту мәселелрі талқыланды. Ал Бішкекте- өздері қол жеткізген келісімдердің орындалу барысы жөнінде пікір алысылды, өңірдегі қауіпсіздік пен қарым-қатынас мәселелері талқыланды және “Бішкек декларациясы ” деген маңызды құжат қабылданды. Түркиямен өте жақсы қарым-қатынаста. Қ-ның дамыған Батыс державаларымен жақсы қарым-қатынастар орнатуда. Қазақстан НАТО-мен байланысты кеңейту шараларына ден қоюда.
3. “ГУЛАГ” дегеніміз не? ГУЛАГ-лагерьлердің Бас басқармасы (Главное управление лагарей).
Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 234 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Билет 21 | | | Билет 23 |