Читайте также:
|
|
Әдістемелік нұсқаулар. Практиға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. «Экономикалық цикл», «экономикалық цикл фазалары», «жұмыссыздық, оның түрлері», «инфляция», «инфляцияға қарсы саясат» түсініктеріне анықтама беріңдер.
СОӨЖ тапсырмалары:
1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына дайындалу
3. Тапсырмаларды орындау
4. Тест сұрақтарына жауап беру
5. «Қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді циклдар, «Ұзын толқындар» теориясы, «Қазақстан экономикасындағы жұмыссыздық мәселелері», «Өтпелі экономикадағы инфляция» тақырыптарына баяндама жасау
6. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
1. Экономикалық цикл деген не?
2. Экономикалық циклдердің себептері қандай?
3. Н.Д. Кондратьевтің «Ұзың толқындары» деген не?
4. Қазіргі таңдағы экономикалық дағдарыстардың ерекшелігі қандай?
5. Жұмыс күшінің қазіргі таңдағы салалық және кәсіби – біліктілік құрылымы қандай?
6. Сұрақты негіздеңдер: неге циклдық өрлеу кезеңінде циклдық жұмыссыздық болмайды?
7. Шығындар инфляциясы мен сұраныс инфляциясы арасындағы айырмашылықты түсіндіріңдер.
Тапсырмалар:
1. Таблицаны толтырыңыз, белгілі инфляция түрлерін
№ | Инфляцияның түрлері | Баға деңгейінің өсу қарқыны |
5-10% | ||
5-50% | ||
100% |
2. Баға индексі осы жылғы 125%, ал базалық 110%. Есептеңдер инфляция қарқынын және оның түрін көрсетіңдер.
3. Жұмыссыздық деңгейін анықтаңдар, егер жиынтық жұмыс күші белгілі болса 73 млн, ал жұмыссыздық – 8 млн.
4. Әрбір терминге өзінің анықтамасын беріңдер:
1.Еңбектеу инфляциясы | А. Инфляцияның әр түрлі қарқыны: бағаның максималдық ұлғаюы бірінші қажеттілік тауарларға және аздап көбеюі ұзақ мерзімдік пайдалану тауарларға |
2.Жасырынды инфляция | Б. Көп уақытқа созылған инфляция жоғары қарқынмен бағаның өсуі, өндірістің өсу қарқынының төмендеуі, тоқтауы |
3.Стагфляция | В. тән «спиралдық инфляция» бағаның өсуіне байланысты жұмысақының өсуін қалайды, көбею бағаның өсуіне әкеледі. |
4.Баланстанбаған инфляция | Г. инфляция бағаның секіруі арқылы, инфляцияны тосуға байланысты «бағаны шешуге» байланысты инфляция |
5.Сұраныс инфляциясы | Д. мұндай инфляцияның негізгі факторы, импорттық тауарларды пайдалану, импорттық бағаны ҰӨ бағасының шығынының өсуіне, шет ел займының, валютаның кетуіне итермелейді |
6. Гиперинфляция | Е. инфляция орта жылдық өсу қарқыны баға бойынша 5-10%, дамушы елдернге тән, экономикалық әдетті дамуы деп есептейді. |
7.Импорттық инфляция | Ж. Төмен айналымда ақша массасының артық болуы, шектеулі ұсыныс тауарларынан баға өсуі болады және ақша құнсызданады. |
8.Секіріс жасаушы | З. Белгілі инфляция формасында ақшаның саны арифметикалық пропорциямен, ал баға геометриялық өседі. |
9. Шығын инфляция | И. инфляция, сұраныс және ұсыныс инфляциясының элементтерін байланыстырады. Оның негізгі процесі сұраныс құрылымының өзгеруіне байланысты |
10.Тоспаған инфляция | К. Жылдық бағаның өсу қарқыны 10-15 % құрайды. Бұл негізінен дамушы елдерге тән. |
11.Құрылымдық инфляция | Л. Инфляцияның мұндай түрі дифициттік экономикаға сипатты, товардың сапасы төмендейді және аздап баға деңгейі өседі. |
5. Жіберілген элементтерді толтырыңдар:
6. Қалпына келтіру керек жіберілген элементтерді логикалық тізбек арқылы, циклдік фазалық ізділігімен:
Құлдырауы → …. → …. Жандануы ….
Есептер:
1. Ел халқының саны 100 млн адам. Жұмыссыздар шамамен 50% барлық халықтың құрайды. Тіркелген жұмыссыздық жұмыс істеушінің 8% құрайды. Жұмыссыздар және өндірістен қол үзгендер – 36 млн адам, жұмыс істемейтіндер және жұмыс іздеушілер 4 млн адам. Халықаралық еңбекті ұйымдастыру бойынша елдегі жұмыссыздар деңгейін анықтаңдар.
2. Қалада 5,5 мың адам жұмыссыз, олар жұмыссыздық туралы жәрдем ақы алуға құқылы. Жәрдемақы мөлшері орташа 75% еңбекақыдан, ол қала бойынша 670 теңге. Жәрдемақы төлеудің орташа уақыты 2 ай, одан кейін жұмыссыз жұмысқа орналасады не мамандық алуға оқу оқиды. Әрбір қызметкерден орташа бар жұмыс істемейтіндерге 10 % ұстайды, бұған жәрдемақыны көбейтеді. Жұмыспен қамтылу фондының қандай суммасы жәрдемақыны төлеуге қажет, анықтаңдар.
Тестілік сұрақтар:
1. Толық жұмысбастылық жағдайындағы жұмыссыздық деңгейі:
а) циклдық жұмыссыздықты есепке алады;
б) фрикционды және құрылымдық жұмыссыздықты есепке алады;
в) нөлге тең;
г) институционалды жұмыссыздықты есепке алады;
д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.
2. Экономикада толық жұмысбастылық пен жоғары инфляция байқалуда. Мемлекеттік саясаттың қандай жиыны инфляция қарқынын жылдамырақ төмендетуге әкеледі:
а) мемлекеттік шығындарды арттыру және мемлекеттік облигацияларды сатуф;
б) мемлекеттік шығындарды қысқарту және ашық нарықта мемлекеттік облигацияларды сату;
в) салықтарды төмендету және ашық нарықта мемлекеттік облигацияларды сатып алу;
г) салықтарды арттыру және ашық нарықта мемлекеттік облигацияларды сатып алу;
д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.
3. Кез – келген ел экономикасындағы инфляция түрлерінің қандай үйлесімі неғұрлым ауыр әлеуметтік – экономикалық зардаптарға ие болады:
а) баланстанған, бірқалыпты, күтілетін;
б) баланстанбаған, галопирленген, күтілетін;
в) баланстанбаған, галопирленген, күтілмейтін;
г) гиперинфляция, баланстанбаған, күтілмейтін;
д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.
4. Бір – біріне қатысты тауарлар бағасы қатты өзгеретін инфляция түрі:
а) баланстанған;
б) баланстанбаған;
в) күтілетін;
г) күтілмейтін;
д) дұрыс жауабы жоқ.
5. Төмендегі көрсеткіштердің қайсысының сандық мәні өрлеу фазасы болғанға дейін қысқармайды және құлдырау фазасы болғанға дейін артпайы?
а) ұзақ мерзім пайдаланатын заттарға жаңа тапсырыстар көлемі;
б) бөлшек сауда көлемі;
в) құнды қағаздар курсы;
г) жұмыс аптасының орташа ұзақтығы;
д) жауаптардың барлығы.
6. Төмендегі көрсеткіштердің қайсысының сандық мәні өрлеу фазасынан кейін төмендеп, құлдырау фазасынан кейін артады?
а) өңдеуші өнеркәсіптегі тауар қорларының көлемі;
б) ЖҰӨ көлемі;
в) жұмыс аптасының орташа ұзақтығы;
г) құнды қығыздар курсы;
д) өнеркәсіптік өндіріс көлемі.
7. Экономикалық цикл мыналармен байланысты:
а) тек сыртқы факторлар әрекетімен;
б) тек ішкі факторлар әрекетімен;
в) жиынтық сұраныс динамикасына ықпал ететін факторлармен;
г) ұсыныс динамикасына ықпал ететін факторлармен;
д) кездейсоқ саяси факторлармен.
8. Аталған құбылыстардың қайсысы экономикалық дағдарыс кезеңіне сәйкес келмейді?
а) ұзақ мерзім пайдаланылатын құрал – жабдықтарға инвестициялардың төмендеуі;
б) акция курсының төмендеуі, еңбекке сұраныстың төмен болуы;
в) салық түсімдерінің қысқаруы;
г) корпорация пайдаларының төмендеуі;
д) жұмыссыздық бойынша жәрдемақы көлемінің азаюы.
9. Экономикалық циклдың дамуы саяси факторлар әрекетінің ықпалымен болатын теория мынадан шығады:
а) инфляцияға қарсы шаралар үкімет деңгейінде шешіледі;
б) мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының сайлауынан кейінгі жыл қатаң экономикалық шараларды өткізумен байланысты;
в) сайлау өткізу жылдары жоғары экономикалыө өсім жиі байқалады;
г) сайлаулардың кезеңділігі экономикалық цикл кезеңділігіне ықпал етеді;
д) жауаптардың барлығы дұрыс.
Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 458 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ТАПСЫРМАЛАР | | | Тақырып. Мемлекеттік реттеу: маңызы, мақсаттары, құралдары |