Читайте также:
|
|
Әдістемелік нұсқаулар. Практикаға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. Дайындалу барысында ең алдымен, «бәсеке», «жетілген және жетілмеген бәсеке» түсініктеріне назар аударып, монополияның түрлерін талдау керек. Ең алдымен, «жетілмеген бәсеке», жетілмеген бәсеке түрлері, экономикалық категорияларды зерттеңдер. Содан кейін экономикалық категория ретіндегі капиталды қарастырып, капитал айналымын, негізгі және айналым капиталын зерттеу керек. «Тозу түрлері. Негізгі капитал амортизациясы» сұрақтарын презентация түрінде қарастыру.
СОӨЖ тапсырмалары:
1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындау.
2. Өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
3. Тақырыпта берілген тапсырманы орындау
4. Тақырыптағы презентацияға дайындалу: «Бәсеке және оның түрлері», «Тозу түрлері», «Негізгі капиталдың амортизациясы», «Еңбек өндіріс факторы ретінде және еңбекақы еңбек бағасы ретінде», «Капитал өндіріс факторы ретінде және пайыз капитал меншік иесінің факторлық табысы ретінде», «Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде, оның мәні, түрлері және функциялары»
5. Тақырыптағы рефератты жазу «Инвестиция және оның түрлері», «ҚР инвестициялық саясат», «Жер және ҚР-ғы жер қатынастары».
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Бәсеке дегеніміз не?
2. Жетілген және жетілмеген бәсекенің айырмашылығын көрсетіңіз? білесіз?
3. Маркстің «капитал» туралы түйіндісінің басқа теорияға қарағандағы түбегейлі айырмашылығы
4. «Адам капиталын» қалай түсінесіз?
5. Маркстік емес капитал анықтамасының жалпылығы неде?
6. Капитал өзінің қозғалысында капиталдың негізгі функционалдық формалары қандай?
7. «Капитал айналымы» дегеніміз не?
8. Өндіруші капиталдың қандай бөлімі негізгі және айналыс капиталы болып есептеледі?
9. Моральдық тозудың І-түріне әсер ететін себептері қандай?
10. Амортизацияны түзетуді қалай түсінесіз.
11. Фирмаға орташа шығындарды не үшін есептеу керек?
12. Еңбекақының негізгі формаларын атаңдар. Олардың қайсысы сіздің ойыңызша неғұрлым прогрессивті болып табылады?
13. Өндіріс факторы ретіндегі жердің ерекше қасиеттерін анықтаңдар.
Тапсырма:
1. Жіберілген элементтерді толтырыңдар:
..... Т - ӨҚ, ЖК... Ө...Т' -....
2. Кестедегі жіберілген ұяларды толтырыңыз:
Негізгі және айналым капиталының негізгі айырмашылығы қандай?
Негізгі капитал | Айналыс капиталы | |
Нені қосады? | Еңбек құралдарын (станоктар, машиналар, өндірістік ғимараттар, құрылыстар) | |
Қалай қатысады? | Бірнеше рет |
3. Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының орташа жылдық құны 40-тан 45 млн. теңгеге дейін ұлғайды, ал осы уақыттағы өнім шығару 42-ден 50 млн. теңгеге дейін өсті. Қор қайтарымдылығы мен қор сыйымдылығының көрсеткіштері қалай өзгерді?
Тестілік сұрақтар:
1. Белгілі игілікті не капитал қылады:
а) сыртқы бейнесі, осы игіліктің физикалық табиғаты;
б) осы игілік құндылығына деген біздің субъективті қатынасымыз;
в) осы игіліктің объективті нарықтық құны;
г) осы игілікті пайдалану тәсілі.
2. Негізгі капитал түсінігіне не кіреді:
а) станок, машиналар, құрал – жабдықтар; ғимарат, құрылыстар;
б) дайын өнім;
в) еңбекақы, құнды қағаздар;
г) шикізат, материалдар.
3. Негізгі капитал элементтерінің тұтыну құнын жоғалтуы – бұл:
а) материалдық тозу;
б) 1-тектегі моралдық тозу;
в) 2-тектегі моралдық тозу;
г) жауаптардың барлығы дұрыс.
4. Өндірістік капитал функциясы мынадан тұрады:
а) фирма үшін пайда табу;
б) тауар өткізу және пайда алу;
в) фирма іс - әрекетін болжамдау;
г) пайда табу үшін жағдай жасау.
5.Өндірістің ерекше факторы, ынталандыруды пайдалану, тапқырлық және тәуекелге бару өндірісті ұйымдастыру – бұл:
а) еңбек
б) жер
в) капитал
г) кәсіпкерліктің іскерлігі
6.Мерзімдік жалақының ерекшелігі мына жағдайда болады.
а) ол өндірістегі жұмыс уақытының мөлшерімен анықталады, себебі ол еңбектің күндік ақысы бойынша анықталады.
б) жұмысшының жалақысы өндірілген өнімнің көлемі арқылы анықталады.
в) Еңбектің саны мен сапасы өндірілген өнім арқылы анықталады
г) ол ынталандырады, еңбектің өнімділігімен және интенсивтігімен, жұмысшылар арасындағы айырмашылыққа тереңдетеді еңбекақыны төлеуде
7.Төменде көрсетілгеннің қайсысы ерекше қажетті өндірістік фактор негізінде дұрыс емес:
а) жер қабілеті табиғи және жасанды құнарлығы жағынан
б) Жер учаскелерінің құнарлығы жағынан айырмашылығы
в) Жер - өндіріс құралы, еркін өндіруге болады
г) адамдардың әсері жер құнарлығына шексіз емес
8. Рентаның пайда болуы жер ресурстарының қандай шектеу түрімен байланысты? Сонымен бірге жер учаскесінің тұрған орнымен ауылшаруашылық айналымына кіргізу тек қана жақсы, не орташа және нашарлығына байланысты ма?
а) дифференциалдық рента І
б) дифференциалдық рента ІІ
в) абсолюттік ренталар
г) монополиялық ренталар
Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 237 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тақырып. Сұраныс пен ұсыныс | | | Тапсырма |