Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Астық кептіргіштерді таңдау және есептеу

ТАПСЫРМА №_____ | Астық жинағаннан кейін өңдеу” пәні бойынша курстық жұмысты орындаудың күнтізбелік жоспары | Кіріспе | Технологиялық сұлбаның сипаттамасы | Таразы қондырғыларының есебі. | Автокөлік транспорт көмегімен астықты қабылдау және жіберу | Теміржол транспортын қолдана отырып астықты қабылдау және жіберу | Теміржол вагондарына астықты жіберетін құрылғылардың есебі | Транспорттан дәнді түсіру жабдықтарының есебі | Астықты тазалауға арналған жабдықтарды таңдау және есептеу |


Читайте также:
  1. Автокөлік транспорт көмегімен астықты қабылдау және жіберу
  2. Азақстанда оқитын жастар мен балаларды тәрбиелеудің негізгі мәселелері және тенденциялары
  3. Алдықтарды өңдеу және сақтау
  4. Антик философиясындағы әлем бейнесі және адам мәселесі
  5. Астық жинағаннан кейін өңдеу” пәні бойынша курстық жұмысты орындаудың күнтізбелік жоспары
  6. Астықты жинағаннан кейін жүргізілетін операциялар үшін қауіпсіздік техникасы

Астықты сақтау және өңдеу кәсіпорындарының реконструкциясы және жаңа жобалау кезінде анағұрлым прогрессивті жоғары тиімді астық кептіргіштер қолданылады.

Астық кептірудің көлемі Ас өндіріске арналған жоспарлы тоннада жалпы келесі формула бойынша анықталады

 

(27)

Мұндағы Аавт – дайындау периоды кезіндегі нан тапсырушылардан келіп түсетін астық көлемі;

Кв – кептірудің физикалық тоннасын жоспарлы тоннаға ауыстыру коэффициенті. Дайындаудың жалпы көлемінде ылғал және дымқыл дәннің көлемі бойынша 18 - кестеден [1] таңдайды.

18 – кесте. [1] Физикалық тоннаны жоспарлық тоннаға көшіру коэффициенті. Кв = 1,2

Типтік жобалар үшін Кв: құрғақ астықты аудандар үшін – 0,6; орташа ылғалдылықтағы астықты аудандар үшін – 0,8; ылғал және дымқыл астықты аудандар үшін – 1,2.

Кк.ср – кептірілетін дақыл түріне байланысты кептіргіштің өнімділігінің өзгеруін ескеретін коэффициент (орташа өлшенген).

Кн – астықтың тағайындалуын анықтайтын коэффициент. Азық – түліктік және фуражды астық үшін Кн= 1; дәнді дақылдар үшін Кн= 2; сыра дайындауға арналған арпа үшін Кн= 1,7.

Типтік жобалауға арналған кептіруді қажет ететін ылғал және дымқыл партия санын 19 – кесте [1] арқылы анықтайды.

19 – кесте. [1] Кептіруді қажет ететін ылғал және дымқыл астық партияларының саны Пр= 18.

Әр түрлі дақылдардың астық партияларының көлемін 9 – кестеден [1] таңдайды.

Дайындау периоды кезіндегі кептіруді талап ететін партиялардың көлеміне байланысты астық кептіргіштердің ұсынылатын өнімділігін 20 – кесте [1] бойынша қабылдайды.

20 – кесте. [1] Астық кептіргіштердің ұсынылатын өнімділіктері, 100 т/сағ.

Кәсіпорындағы астық кептіргіштердің типті өлшемдерінің саны 3-тен жоғары болмауы тиіс. Дайындау периодында бір астық кептіргіштің кептіретін астықтың көлемі Qт келесі формула арқылы анықталады

 

(28)

Мұндағы – астық кептіргіштің паспорттық өнімділігі, пл.тонна.

Kпер – астық кептіргішке бағытталатын партиялардың санына байланысты оның өнімділігінің төмендеуін көрсететін коэффициент, 21 - кесте [1] бойынша таңдалады.

Kд – жұмыс кезіндегі астық кептіргіштің өнімділігінің төмендеуін көрсететін коэффициент. Элеваторлар үшін Kд 1,0-ге тең;

Пр – дайындау периоды, тәул.

21 – кесте. [1] Астық кептіргіштің өнімділігінің төмендеуін көрсететін коэффициенттің мәні Kпер= 5.

Астық кептіргіштердің қажетті санын анықтауды 22 - кесте [1] бойынша жүргізеді. Мұнда әр түрлі партияларды кептіру кезіндегі әр түрлі өнімділіктегі астық кептіргіштерді кептірілетін астықтың көлемі келтірілген.

Астық кептіргіштерді жинақтағыш және оперативті сыйымдылықтармен бірге жобалайды. Жинақтағыш сыйымдылықтың көлемін астық кептіргіштің 3 тәуліктен кем емес жұмысын қамтамасыз етуіне байланысты анықтайды. Ылғал және құрғақ дәндер үшін оперативті сыйымдылықтардың көлемі астық кептіргіштің 8 сағаттық үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.

22 – кесте. [1] Астық кептіргіштерде кептірілетін астықтың көлемі, пл.т. Пр= 24,3.

Бір астық кептіргіштің ылғал және құрғақ дәнге арналған оперативті және жинақтағыш сыйымдылықтарының ұсынылатын көлемін 23 - кестеден [1] таңдайды.

23 – кесте. [1] Астық кептіргіштерге арналған сыйымдылықтардың ұсынылатын көлемі. Оперативті сыйымдылық – 800 т;

Жинақтағыш сыйымдылық – 10000 т.

Астық кептіргіш топтарының көлемдік сыйымдылығын әрбір астық кептіргішке арналған көлемдік сыйымдылықтарының қосындысы арқылы есептейді.

Период бойы астық кептіретін астық кептіргішітің үздіксіз жұмысы үшін қажетті сұйық отынның мөлшері, Ет төмендегі формула арқылы анықталады:

 

(29)

 

Мұндағы Т – бір жоспарлы кептірілген астыққа қажет шартты отын шығынының нормасы;

Ас – дайындаудың барлық периодындағы кептірілетін астықтың жалпы көлемі;

КН.Т – табиғи отынды шарттыға қайта есептегендегі коэффициент. Солярлы май үшін КН.Т = 1,15-ке тең.

 


Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 444 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Алдықтарды өңдеу және сақтау| Астықты су жағалауынан қабылдау және жөнелту

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)