Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Технологиялық сұлбаның сипаттамасы

ТАПСЫРМА №_____ | Астық жинағаннан кейін өңдеу” пәні бойынша курстық жұмысты орындаудың күнтізбелік жоспары | Автокөлік транспорт көмегімен астықты қабылдау және жіберу | Теміржол транспортын қолдана отырып астықты қабылдау және жіберу | Теміржол вагондарына астықты жіберетін құрылғылардың есебі | Транспорттан дәнді түсіру жабдықтарының есебі | Астықты тазалауға арналған жабдықтарды таңдау және есептеу | Алдықтарды өңдеу және сақтау | Астық кептіргіштерді таңдау және есептеу | Астықты су жағалауынан қабылдау және жөнелту |


Читайте также:
  1. Тақырып № 7: Жеке ішкі сөлініс бездерінің жалпы сипаттамасы.

Порт 5х350 элеваторының жұмыс схемасы келесідігідей болып келеді. Ең алдымен астық 12 автотранспорттан астық қабылдау бункерлері көмегімен астық қабылданып 1 нориялары есебінен жоғары көтеріледі. Келіп түскен астық партиясына байланысты бұру құбырларына жіберіледі, яғни ылғалдылығы жоғары астықты кептіруге, қалдықтары көп астықты тазалауға және т.с.с. Нориядан төмен түсе бастағанда астық ең алдымен автоматты тарзыларда 3 өлшенеді, ағын біртекті болу үшін астықты таразы үстілік бункерлерге 2 орналастырады. Таразы үстілік бункерлер астында шөмішті таразылар 3 орналасады олар партия типіне байланысты өздігінен ағатын құбырларға 4 партия бойынша жіберіп отырады. Тазаланып болған астық силостық корпусқа сақталуға жөнелтеді.

Элеваторға астық автомобильді және теміржолдардың ағымымен келіп түседі. Автокөліктен түсіру универсалды автотүсіргіштер көмегімен іске асады, ал вагоннан түсіру өздігінен түсіргіш астық тасымалдағыштар қолданылады. Түсіру транспортерларында бірқалыпты астық беруді қамтамасыз ету үшін сыйымдылығы жоғары жинау бункерімен қамтамасыз етілгеді, бункер арқылы бірқалыпты астық ағыны түсіру транспортерлеріне түседі. Барлық транспортерлер бүкіл технологиялық сұлба уақытындажұмыс атқарады.Автотүсіргіштерден кейін астық нориялардың шөміштеріне түседі. Нориялар астықты жұмыс ғимаратының ең жоғарғы бөлігіне көтереді, ал жерден астық өздігінен ағу құбырымен бункер үсті таразыларға беріледі, үздіксіз жұмыстарды қамтамасыз етеді, олар әр нориялардың басының астында орналасады. Астық өлшеуден өткеннен кейін өздігінен ағу құбыры арқылы бөлгіш шеңберіне келіп түседі, содан кейін алдымызға қойған мақсатқа байланысты төменде келтірілген бағыттарға жібереді.

Астықты тазарту

Бөлгіш шеңберден астықты орналастырғанда сепаратор үстінгі, оперативті бункерлерге түседі. Кез келген бірінші үш бөлгіш шеңберінен астық осы бункерлерге түсуі мүмкін. Сепаратор үсті бункерлері кем дегенде 4 сағат бойы үздіксіз жұмысты қамтамасыз етуі керек.

Сепаратор үсті бункерлерінен астық сепараторға түседі. Бұл астықты бірінші орында (негізгі қоспалардан ұзындығы немесе ені бойынша ерекшеленетін) мұқият тазартады, содан кейін арнайы аспирациялық колонкаларда жеңіл емес қоспалардан тазартылады. Тағы да осылай астықты триерлерге алып беретін сепаратор үсті бункерлеріне жібереді. Ол триерге жібереді, ол астықты ұзындығы бойынша ерекшеленетін қоспалардан тазартады.

Тазартудан кейін анализдің лабораториялық әдісімен анықталады.

Тазартудан өткен астық сепаоатор асты бункерлеріне түседі, ол жерден бірқалыпты ағынмен өздігінен ағу құбыры арқылы норияның шөміштеріне түседі.

Астықты темір жол және автокөлікке жіберу

Бұл элеваторда бірқалыпты партияларды құрастырғаннан кейін астық темір жол вагондарына тиеу қою керек. Нориялардың көмегімен іске асуы мүмкін. Астықты жіберу көп жағдайда 3-4 арту ағымы бойынша жүргізеді.

Астықты автокөлікке тиеу бір ағыммен силосты корпустың тесіктерінен үздіксіз жүргізіледі.

Астықты сақтау үшін силосты корпустарға орналастыру

Бұл операция екі норияның көмегімен бөлгіш шеңбердің есебімен іске асады, олар астықты силос үсті тасымалдағыштарына жібереді, қалғандарын кезі келгенде силосты корпустарға тасымалдайды.

Астықты силостан түсіру силосты қабатының өздігінен ағу құбыры арқылы жүзеге асады және оның астық нориялардың шөміштеріне түсіру үшін ол силос асты тасымалдағыштарға түсу керек. Осы процесстер төмендегі 1-суретте көрсетілген.

 

 


 


Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 265 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Кіріспе| Таразы қондырғыларының есебі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)