Читайте также: |
|
Әдістемелік нұсқаулар. Дайындықты ұсынылатын әдебиеттерді оқудан бастап, сұраным және ұсыным заңдарына түсінік беріп, сұраным және ұсыным қисығын салыңыз, сонымен бірге, «кәсіпкерлік» және «бизнес» түсініктеріне ерекше назар аудару керек. Нарық тепе- теңдігін зерттеңіз. «Икемділік» оны баға және кіріс бойынша меңгеріңіз. «Тұтынушылық таңдау теориясы», «Тұтынушылық пайдалылықты ұлғайту туралы кардиналистік және ординалистік көзқарастар» сұрақтарын презентация формасында талқылаған дұрыс.
СОӨЖ тапсырмалары:
1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындық.
2. Өзіндік бақылау сұрақтарына жауап беру.
3. Берілген тапсырмаларды орындау.
4. Есептер шығару
5. Тестілік сұрақтарға жауап беру.
6. «Тұтынушы талғамының теориясы» және «Пайдалылықты тұтушы максимизациялауының кардиналисттік және ординалисттік пайымдаулары» сұрақтары презентация түрінде талқыланады
7. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Тұтынушының тауарға сұранымының негізі не?
2. Сұранымға қандай факторлар және қалай әсер етеді?
3. Сұраным қисығы нені көрсетеді? Баға мен сұраным көлемі арасындағы тәуелділік сипаты қандай?
4. Сұраным заңының негізін қандай факторлар құрайды?
5. Қандай факторлардың әсерімен график бойынша сұраным қисығы жылжуы мүмкін?
6. Не себептен ұсыным көлемі тауарға баға көтерілгенде ұлғаяды және керісінше?
7. Егер бензиннің бағасы көтерілсе, көліктің ұсыным қисығы өзгере ме?
8. Ұсыным қисығының төмен жылжуының экономикалық мәні қандай?
9. Нарық ұзақ мерзім бойы теңсіздік күйінде тұра ала ма?
Тапсырмалар:
1. Тауар- субституттың бағасы өзгерсе, тауарға сұраным өзгере ме?
2. Келесі тауарлар өзара алмасушы және өзаратолықтырушы болып санала ма?
Тауар түрлері | Тауарға сұраным көлемі, Х | Тауар бағасы Y тенге | ||
айран | Q1=15 | Q2=25 | Y – ряженка P1=40 | P2=55 |
Сүт | Q1=125 | Q2=100 | Y-кофе P1=120 | P2=180 |
Коньяк | Q1=32 | Q2=28 | Y- шарап P1=500 | P2=340 |
Балмұздақ | Q1=38 | Q2=30 | Y-сироп P1=80 | P2=100 |
Апельсин шырыны | Q1=100 | Q2=100 | Y- ірімшік P1=60 | P2=100 |
3. Айталық, тұтынушы А тауарының әр түрлі көлемін тұтынғаннан кейін онық жалпы пайдалылығын шартты белгіде бағалай алады. Бағалану келесі кестеде көрсетілген:
А тауарының саны | ||||||
TU | ||||||
MU |
Тұтынушының А тауарын тұтынғаннан шекті пайдалылығын анықтаңыз. Сіз есептеген шекті пайдалылық шекті пайдалылықтың азаю заңына сәйкес келе ме?
4. Көп нүктенің орнына сәйкес келетін түсініктер мен анықтамаларды қойыңыз.
А. Арзан тауарлар..............
Ә. Гиффен тауары.............................
Б. Қымбат тауарлар..........................
1..................... тұтыну сапасы төмен, жалпы тұтынушылық шығындарда алатын орны үлкен емес, бағаның төмендеуі ол тауарға сұранымды ұлғайтады немесе мүлдем рыноктан ығыстырады.
2.................. сатып алушының әлеуметтік жоғары мәртебесін көрсететін айрықша сұранымға байланысты, бағаның төмендеуі «Веблен тиімділігі» тартымдылығын кемітуге алып келуі мүмкін.
3.................. тұтыну құрылымында орын алады. Бағаның көтерілуі сұранымның өсуіне, бағаның төмендеуі сұранымның азаюына алып келеді.
Тестілік сұрақтар:
1. Сұраным заңы - бұл:
а) ұсынымның сұранымнан артуы, бағаны төмендетеді;
ә) егер тұтынушылардың кірісі ұлғайса, сатып алатын тауар көлемі де өседі;
б) сұраным қисығының төмен жылжуы жағымды жағдаймен байланысты болады;
в) тауар бағасы төмендесе, сатып алу көлемі ұлғаяды.
2. Х тауарының сұраным қисығының өзгеруі неге байланысты болуы мүмкін?
а) кейбір себептерге байланысты, Х тауарының ұсынымы азайды;
ә) Х тауарының бағасы көтерілді, осымен байланысты ол тауарға сұраным азайды;
б) Х тауарына сұраным күрт өсті, сондықтан стаып алу көлеміне оның бағасының жоғарлауы әсер етпейді;
в) Х тауарының бағасы төмендеді, оған деген сұраным ұлғайды.
3. Басқа шарттар өзгерген жоқ, бірақ тауар бағасы өссе, ұсыным заңы келесі жайдан көрінеді:
а) ұсынымның өсуі;
ә) ұсынымның азаюы;
б) ұсыным көлемінің өсуі;
в) ұсыным көлемінің азаюы.
4. Тауар нарығы тепе- тең жағдайда болады, егер:
а) тауарға деген сұраным оған деген ұсыныммен тең болса;
ә) нарықта тауар тапшылығы, молшылығы болмайды;
б) берілген баға бойынша тұтынушы тауардың нақты санын сатып алуға, ал сатушының тауардың дәл сондай нақты санын сату ойы бар;
в) сұраным көлемі тауарға деген ұсыным көлемінен төмен.
5. Егер сұранымның икемділік коэффициенті кіріс бойынша 0-ден жоғары, 1-ден аз болса, онда мұндай тауар:
а) аса керемет тауар;
ә) күнделікті қажет тауар;
б) сапасы төмен тауар;
в) сапасы жоғары тауар.
Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 428 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тақырып. Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері | | | ТақырыпТАР. Бәсеке және монополия. Капитал (қорлар). Ауыспалы айналым мен айналым. |