Читайте также: |
|
Негізгі әдебиет: [5;6; 7; 8; 17; 18]
Қосымша әдебиет: [1; 2; 6; 7; 9; 11; 12]
ТАҚЫРЫП 2. Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы
Әдістемелік нұсқаулар. Дайындықты ұсынылатын әдебиеттерді оқудан бастап, оқу барысында ең алдымен, адам, экономика, өндіріс, ресурс, фактор, шектеулік деген категорияларға анықтама беріңіз. Еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілік түсініктерін ажыратыңдар.
СОӨЖ тапсырмалары:
1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындық.
2. Өзіндік бақылау сұрақтарына жауап беру.
3. Берілген тапсырмаларды орындау.
4. Тестілік сұрақтарға жауап беру.
5. Тақырып бойынша глоссарий құру
6. «Экономикалық адамның ұтымды іс-әрекетінің түрлі үлгілері», «21ғасыр экономикасындағы адам, нарық және капитал», «Қазақстандағы өндіріс» атты тақырыптарға баяндама дайындау.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Адамның «экономикалық іс-әрекеті» деген не?
2. Экономикалық адамның рационалды іс-әрекетінің түрлі модельдерін атаңдар
3. Еңбек құралдары және заттарының бір-бірінен айырмашылықтары қандай?
4. Пайдалы қазбаларды алу өндіріс процесі деп атала ма?
5. Радиоактивті қалдықтарды тасымалдау өндіріс процесі деп атала ма?
6. Спекуляция (алыпсатарлық) өндіріс процесі бола ала ма?
7. Материалдық және материалдық емес өндіріс деген не?
8. Өндірістік фунция мен оның мәніне анықтама беріңдер
9. Қоғамдық өнімнің қозғалу кезеңдерін атаңдар.
Тапсырмалар:
1. Кестеде көрсетілген анықтамалардың қайсысы натуралды шаруашылықты, қайсысы тауар шаруашылығына түсінік беретінін табыңыз.
№ | Анықтамалар | Ұйымдастыру формалары |
Тұйықталған экономикалық шеңберде дайын өнімді өндіру және тұтыну жүреді | ||
Жеке сала щеңберінде шаруашылық байланыстармен дәстүрлік салтта еңбек процесі жүзеге асырылады. | ||
Өндіріс меншіктің дара еңбегіне негізделе отырып, жалдамалы жұмыс күшін де қолданады. | ||
Дайын өнім меншік иегерінің иелігінде болады және рынокта еркін сатуға белгіленген. |
1. Бос төртбұрыштарға сәйкес келетін анықтаманы қойыңыз
|
3. Төменде келтірілген анықтамалардың қайсысы марксистік экономикалық ілімге, қайсысы –неоклассикалық теорияға дұрыс келеді?
Анықтама | Теория |
Тауар – сату-сатып алу жолымен айырбасқа арналған еңбек өнімі | |
Тауар – төлемқабілетті сұранымға ие айырбасқа арналған шектелген экономикалық игіліктер. |
4. Келесі тезистер ақшаның қай теориясына сай келеді?
№ | Тезистер | Ақша теориясы |
Бұл теорияның өкілдері ақша табиғатының құнын теріске шығарып, ақша мәнін айырбастың техникалық құралы ретінде қарастырады. | ||
Бұл теорияға сай ақша құны номиналмен анықталады |
5. Кестені толтырыңыз.
№ | Ақшаның мазмұнды қызметі | Ақша қызметтерінің атауы |
Келешекте қоғамда тауарлар мен қызметтерді тұтынуды жақындастырудың мүмкіншіліктері мен қабілеттерін қамтамасыз ету. | ||
Тауарлар мен қызметтердің құнын өлшеу қабілеті | ||
Тауарлар мен қызметтерді сатып алу, сондай-ақ салықтарды төлеу қабілеті |
6. Төмендегі ситуацияның қайсысы ақша қызметінің мәнін толық көрсетеді:
№ | ситуациялар | ақша қызметтері |
Көлік сатып алу үшін сізге ақша керек, ол үшін қала шетіндегі үйіңізді сатпақ ойыңыз бар. | ||
Сіз үнемделген ақшаны жинақ банкісінен шот ашып салып қойдыңыз. | ||
Ақша жетпегендіктен, Сіз тоңазытқышты несиеге сатып алдыңыз. |
Тестілік сұрақтар:
1. Қоғамдық өндіріс құрымына не жатады:
а) материалдық өндіріс
б) материалдық емес өндіріс
в) материалдық емес және материалдық емес өндіріс, өндірістік емес сала
г) материалдық және материалдық емес өндіріс
д) ұлттық өндіріс көлемі
2. Өндірісті сипаттау үшін келесі экономикалық категориялар қолданылады:
а) өндіріс факторлары, игілік
б) қажеттілік, өндіріс факторлары
в) өндіріс факторлары, игілік, қажеттілік
г) игілік, қажеттілік
д) фирма үшін неғұрлым пайдалы ресурстардың төменгі бағаларындағы өндіріс көлемі
3. Экономикалық тиімділік:
а) шаруашылық іс-әрекет нәтижелерінің қоғамның әлеуметтік мақсататрына сәйкестігі
б) аз шығынмен жоғары нәтижеге жету
в) өндірістің соңғы нәтижесі мен жиынтық еңбек шығындарының ара-қатынасы
г) өндіріс факторларын сандық ұлғайту есебінен қоғамдық өнімді арттыру
д) фирма үшін неғұрлым пайдалы ресурстардың төменгі бағаларындағы өндіріс көлемі
4. Адам еңбек процесінде ықпал ететін заттар кешені:
а) еңбек құралдары
б) өндірістік күштер
в) өндірістік қатынастар
г) еңбек заттары
д) еңбек күштері
5. Өндірістік қатынастар жүйесіне кіретіндер:
a)Өнім өндіру, бөлу, айырбастау жэне тұтыну қатынастары
b)Әлеуметтік қатынастар
c)Құқықтық қатынастар
d)Өндірістік ресурстарды пайдалану
e)Техника-экономикалық қатынастар
6. Еңбек заттары-бұл:
a)Адам еңбегі бағытталған заттар.
b) Жеке өндіріс факторы.
c) Адам қызметі.
d) Механикалық еңбек түрінің жиынтыгы,
e) Қоғамдық өндіріс алғы факторлары.
Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 340 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Зін- өзі бақылауға арналған сұрақтар | | | СОӨЖ тапсырмалары |