Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ТАҚЫРЫП.Экономикалық жүйелердің типтері мен олардың даму заңдылықтары.

Экономикалық теория негіздері» курсы бойынша СОӨЖ өткізу формалары | Зін- өзі бақылауға арналған сұрақтар | Сынылатын әдебиеттер | СОӨЖ тапсырмалары | Химфарм» АҚ дамуының экономикалық көрсеткіштері | Тақырып. Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері | Тақырып. Сұраныс пен ұсыныс | ТақырыпТАР. Бәсеке және монополия. Капитал (қорлар). Ауыспалы айналым мен айналым. | Тапсырма | Сынылатын әдебиеттер |


 

Әдістемелік нұсқаулар. Дайындықты ұсынылатын әдебиеттерді оқудан бастап, экономикалық жүйе типтеріне түсінік беріп, олардың айырмашылықтарын анықтаңыз, сонымен бірге, «нарық» және «өтпелі экономика» түсініктеріне ерекше назар аудару керек. «Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты», «Қазақстанның экономикалық жүйесі: қалыптасу және даму ерекшеліктері», «нарықтық экономикалық жүйе: іргелі міндеттері мен мақсаттары», «аралас экономика теориясы» тақырыбында баяндама жазып, презентация формасында талқылаған дұрыс.

СОӨЖ тапсырмалары:

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындық.

2. Өзіндік бақылау сұрақтарына жауап беру.

3. Берілген тапсырмаларды орындау.

4. тест тапсырмаларына жауап беру;

5. дайындалған баяндамаға жеке шолу жасап, статистикаға талдау жасау.

6. тақырып бойынша глоссарий құру.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Экономикалық жүйелерді модельдерге бөліп қарастыруда меншіктің рөлі қаншалықты маңызды?

2. Мемлекет пен нарықтық қатынасы туралы экономистердің көзқарастары қандай?

3. Барлық нарықтық экономика модельдеріне тән ортақ белгілер қандай?

4. ҚР нарықтық экономика моделінің қандай ерекшеліктері бар?

5. Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезен дамыған елдердегі постиндустриалды сатыға өту кезеңімен сәйкес келеді. Осыған байланысты, ҚР өз даму стратегиясында постиндустриалды қоғамның параметрлеріне бағдарлануы қажет пе, оған объективті негіз бар ма? Пікір-сайысты ҚР индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын талдау негізінде өрбіткен жөн.

Тапсырмалар:

1. Экономикалық жүйедегі субъектілердің ақпарат алу тәсілдерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бөліп көрсетініз.

Табиғи тәртіп Сатылы тәртіп
артыкшылықтары: кемшіліктері: артықшылықтары: кемшіліктері:
       

2. Кестені толтырыңыз.

Экономикалық жүйенің модельдері Сипатты белгілері
Жоспарлы экономика  
Нарықтық экономика  
Аралас экономика  

3. Өтпелі экономика мен аралас экономикалық жүйенің мағыналары бірдей ме? Қазақстанда өтпелі экономика мен ара­лас экономика кезеңдерінің тұспа -тұс келуін қалай түсіндіресіз?

Тестілік сұрақтар:

1. Экономикалық жүйенің тиімділігі... анықталады:

a)алынатын пайда мөлшерімен;

b)өндірілетін тауарлар көлемімен;

c)сатылған тауарлар көлемімен;

d)қойылған мақсаттарға жету деңгейімен;

e)жаңа экономикалық жүйеге ауысумен.

2. Экономикалық жүйенің қасиеттері:

a)тұрақтылық, біртұтастылық, қозғалғыштық;

b)ашықтық, қарама-қайшылық, өзгергіштік;

c)күрделілік, тәуелсіздік, орнықтылық;

d)нақтылық, либералдық, ашықтық;

e)қарапайымдылық, мақсаттылық, жалпылық.

3. Нарықтық экономика моделінің белгісі:

a)нарықта әлеуметтік әділеттілікке көп көңіл бөлінеді;

b)ақпараттар ашық, ресурстар қозғалысы икемді;

c)экономикада жоспарлаудың рөлі басым;

d)макроэкономикалық көрсеткіштерді мемлекет қатаң бақылайды;

e)мемлекеттік инвестициялардың үлесі жоғары.

4. Аралас экономикалық жүйедегі мемлекет рөлінің артуын қалай түсіндіруге болады:

a)экологиялық мәселелерді шешу;

b)экономикалық тиімділік пен әлеуметтік мобильділікті қамтамасыз ету;

c)көлеңкелі экономиканы заңдастыру;

d)макроэкономикалық өсу және тепе-теңдік;

e)барлық жауап дұрыс.

5. Жоспарлы экономикалық жүйенің белгілері:

a)мемлекеттік меншік пен жоспарлаудың үстемдігі;

b)жеке меншік және еркін бәсеке;

c)меншіктің көптүрлілігі және еркін кәсіпкерлік;

d)стратегиялық және индикативті жоспарлау;

e)инвестициялық ресурстарға жеке меншік және әлеуметтік әділеттілік.

6. Әлеуметтік бағытталған нарықтық экономиканың мақсаттары:

a)шығындарды минималдау және пайданы максималдау;

b)экономикалық қауіпсіздік және экономикалық өсу;

c)әлеуметтік үйлесімділік және әлеуметтік тұрақтылық;

d)экономикалық тиімділік және экология;

e)көлеңкелі экономиканы шектеу және экономикалық тұрактылық.

 


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 515 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Химфарм» АҚ инвестициялық бағдарламасы| Тақырып. Қоғамдық шаруашылықтың нысандары. Тауарлы өндіріс. Ақша.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)