Читайте также:
|
|
№ | Өндіріс атауы | Қуаттың өлшем бірлігі | Қуаттылығы | Инвестиция, млн.тенге |
1. | Өнім сапасын бақылау лабораториясын және инъекцияға арналған суды алу үшін монтаждық құрылымды инъекциялар өндірісін ашу. | Жылына млн. ампула | 596,4 | |
«boutlepack» қолданумен инфузионды ерітінді алу өндірісін ашу | Жылына млн. флакон | 6-7 | 332,2 | |
Стерилді емес спирттік ерітінді өндірісн ұйымдастыру | Жылына млн.флакон | 10-12 | 22,6 | |
Полиграфиялық және картонаждық бөлім ашу | 133,7 | |||
Қоймаларды қайта конструкциялаудан өткізу | 21,5 | |||
Барлық инвестиция: | 1106,4 |
«Химфарм» АҚ жарғылық қоры 1527,3 млн.тенгеге ұлғаяды, оның ішінде қайта ұйымдастыру жұмыстарына -1106,4 млн.тенге жұмсалады. Қолда бар қорларды қайта бағалаумен шұғылданатын индексация қоры қосымша қаржы құралдарына эмитент бермейді. Қажетті қаражатты 1106,4 млн. тенгені құрайтын 3725252 дана көлемінде акция пакеттерін сатумен қана табуға болады. Акцияны ашық сату күткен нәтижені бермеуі мүмкін, біріншіден – меншіктің бөлінуі, екіншіден «Химфарм» АҚ акциясына сұраным жоқ. Сондықтан акционерлер акция пакетін инвесторлардың шектелген санына сатуға шешім қабылдады:
- мемлекеттің уәкілді органдарына;
- «Donnadel LTD» компаниясының басқарушысына.
Мемлекет 04.04.1994 жылы жасалған келісім міндеттері орындалса ғана, акция пакеттерін басқарушының сатып алуына рұқсат берді.
Акция пакеттері сатылғаннан кейін «Химфарм» АҚ жарғылық қоры төмендегіні құрады:
а) «Donnadel LTD» фирмасы -71%;
ә) мемлекет мүлкін басқару бойынша Оңтүстік Қазақстан территориялық комитеті - 23 %;
б) инвестициялық жекешелендіру қоры – 3 %;
в) еңбек ұжымы – 3 %.
Талқылауға берілген сұрақтар:
1. Акционерлік меншіктің экономикалық мәні.
2. Ф. Дзержинский атындағы Шымкенттік химия – фармацевтік зауытын акционерлеуге талдау жасаңыз. Акционерлік капитал құрылымы қалай қалыптасты?
3. Акционерлік қоғамның қызметі тиімді болу үшін қандай шарттар жасалды? Неге Қазақстанда жекешелендірудің акционерлік формасы инвестициялық жекешелендіру қорын қалыптастырудың негізі болды? Неге ИЖҚ инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асырудың басты жұмысшы құралы болмады?
4. Неге 12 ИЖҚ акция иегері болғанмен, өндіріске инвестиция көзін тартпады?
5. Неге ҚР Үкіметі мемлекеттің акция пакетін пайдалану құқын беретін басқару келісіміне тендер жариялауға шешім қабылдады?
6. «Химфарм» АҚ «Donnadel LTD» ирландтық компаниясына берген дұрыс деп ойлайсыз ба?
7. Тендерде басқа қуатты инвесторларды тарту мүмкіндігі болды ма?
8. «Donnadel LTD» ирландтық компаниясы алғаннан кейінгі уақытта «Химфарм» АҚ дамуының экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасаңыз. Неге кредиторлық және дебиторлық қарыз жоғары болды?
9. «Химфарм» АҚ инвестициялық бағдарламасын жүзеге асырудың тиімділігі бар ма?
10. Қосымша эмиссияға жекешелендіру моделін өңдеу дұрыс па (жекешелендірудің дара жобасы шегінде)?
11. «Химфарм» АҚ жарғылық қорының төмендегідей бөлінгені Сіздің ойыңызша дұрыс па?
а) «Donnadel LTD» фирмасы -71%;
ә) мемлекет мүлкін басқару бойынша Оңтүстік Қазақстан территориялық комитеті -23 %;
б) Инвестициялық жекешелендіру қоры – 3 %;
в) еңбек ұжымы – 3 %.
Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 153 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Химфарм» АҚ дамуының экономикалық көрсеткіштері | | | ТАҚЫРЫП.Экономикалық жүйелердің типтері мен олардың даму заңдылықтары. |