Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

АҚшҚ аурулар

Тесттік тапсырмалар | Терапиялық стоматология | Периодонтиттер |


Читайте также:
  1. Жұқпалы аурулар» пәні бойынша

 

Науқастың жасы 76. Бетінде бөртпенің пайда болып, оң жақ бетінің неврагиялық жедел түрде ауру сезімінің құлаққа беріліп ауратынына шағымданып келген. Ауырғалы 5 күн болған. Аурудың басталуы жоғарғы жақтың оң жақ аймағында пайда кенет басталған ауру сезімі пайда болған, дене температурасы 39°С дейін көтерілген. Анамнезі бойынша жан ұясында бала жел шешек сырқатымен екі апта бойы ауырады. Жалпы аурулары: гипертонияның II дәрежесі; бала жасында жел шешек және қызылшамен ауырған. Қарап тексергенде: оң жақ ұрт және мұрын қанат терісі қызарған, беті сары қабықшамен жабылған ауратын көпіршіктер және жара анықталады. Ауыз қуысының шырышты қабатының оң жағы қызарған, ісінген, жоғарғы жақтың өтпелі қатпарында және қатты таңдайда топтасып орналасқан жаралар анықталады. Болжалды диагноз://

Пузырчатка (күлбірек)//

Тілме қабыну (рожистое воспаление)//

Белдемелі теміреткі//

Созылмалы қайталанған ұшық//

Пемфигоид

***

Жас адам, 22 жаста, төменгі еріннің құрғауына және қабыршақтануына шағымданады. Қарап тексергенде: төменгі еріннің шырышты қабығында Клейн сызығы маңында ұсақ сілекей бездерінің кеңейген өзектері анықталады, ішінен тамшы тәрізді сілекей бөлінеді. Болжамды диагноз?//

Контактті аллергиялық хейлит//

Экзематозді хейлит//

Ірінді гландулярлы хейлит//

Эксфолиативті хейлит//

Қарапайым гландулярлы хейлит

***

34 жастағы науқасты қарап тексергенде ауыз қуысында негізде қабынған инфильтраты бар және шеттері тығыз, көтеріңкі, ауратын ойық жаралар анықталады. Ойық жаралар тек қана ауыз қуысында байқалады, бірнеше ай бойы тыртықтанып жазылады. Анамнезінен: ауру бірнеше жыл бойы мазалайды. Бұл клиникалық көріністері қандай ауруға тән://

Венсан гинговостоматиті//

Сеттон афтасы//

Бехчет синдром//

Стивенс-Джонсон//

Туреннің үлкен афтозы

***

Науқастың жасы 30. Сөйлегенде, тамақ қабылдағанда сол жақ ұрт маңындағы қатты ауратынына шағымданады. Қарап тексергенде: сол жақ ұрттың қызарған кілегейлі қабығында, тістердің тістесу сызығында шеттері тегіс, пішіні сопақша, табаны ақ-сары фибринозды, оңай алынбайтын қақпен жабылған афта анықталады. Элементтің шеті (ободок) айнала қызарумен шектелген. Жергілікті жарақаттық факторлар анықталмаған. Алдын ала диагноз қойыңыз//

созылмалы механикалық жарақат//

қайталанбалы герпетикалық стоматит//

созылмалы қайталанбалы афтозды стоматит//

белдемелі теміреткі//

лейкоплакия, эрозивті түрі

***

Тіс-дәрігерге 28 жасар науқас келген. 26 тіске 2% лидокаин ерітіндісімен инфильтрациялық жансыздандыру жасалған. 15 минут кейін науқас өзін жағымсыз сезінеді. Бет аймағының, қолының қышу, әлсіздік, бас айлану, кеуде аймағында ауырлануына шағымданады. Қарап тексергенде: науқас бозарған, бет терісі қызарған, шынтақ бет терісінде қышынатын бөртпелер, АҚ 80/50 мм рт.ст дейін төмендеген, жүрек соғысы әлсіз, пульс жылдам, тыныс алуы жиірек. Ең дұрыс диагнозы://

жедел жүрек жетіспеушілігі//

анафилактикалық шок//

миокард инфаркті //

естен тану//

бронхиальды астманың приступі

***

Стоматологиялық клиникаға 27 жасар науқас таңертен тұрғанда бірден пайда болған ерін, тіл, ұртының ісінуіне шағымданып келген. Анамнезі бойынша: бір күн бұрын тіс-дәрігеріне қызыл иегінің қанайтынына және жағымсыз иіс шығуына шағымданып барған. Қызыл иекке ем жүргізген, тіс тастарын алып, антисептикалық өңдеу жасалған. Дәрігердің тағайындалуы бойынша сол күннің таңертенгі және кешкі уақытта қызыл иекке Метрогил-Дента гелімен аппликация жасаған. Қарап тесергенде: еріннің жоғарғы және төменгі терісінің көлемі бойынша үлкейген, еріндердің қызыл жиегі тырысқан, ауыз қуысында тіл көлемі үлкейген, екі ұрты ісінген. Бірақ бет терісінің, еріннің, ауыз қуысының шырышты қабатында өзгеріс жоқ, ісінген тіндерді сипап тексергенде ауырмайды. Болжалды диагнозын://

Квинке домбығу//

Пародонтоз//

Мелькерссон-Розенталь синдромы //

Тілме қабыну (рожистое воспаление) //

Пародонтальды абсцесс

***

Науқастың жасы 35. Қарап тексергенде ауыз қуысында беткей жара анықталады, өлшемі шамамен 7х7 мм, жараның шеті жұмсақ, ісінген, аздап аурады, түбінде таңқурайға (малинаға) ұқсас, қанағыш папиломатозды өсінді бар. Регионарлы лимфа түйіндері үлкейген, тығыз. Қандай аурудың суреттемесі://

біріншілік сифилис//

туберкулезды жегі (волчанка)//

үшіншілік сифилис//

лейкоплакия, веррукозды формасы//

Венсанның жаралы-некротикалық стоматит

***

Науқас 40 жаста, тілдегі ауырсынуға, тағам қабылдаған кезде және сөйлеген күшейетін ауырсынуға, дене қызуының кешкі уақытта соңғы ай ішінде жоғарлауына шағымданады. Қараған кезде: науқас жүдеу, әлсіз. Төменгі жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, пальпацияда ауырсынады. Таңдайда беткей, аз ауырсынатын, түбі сары-қызыл жағындымен және грануляциямен жабылған жара байқалады. Ауру этиологиясында қандай микроорганизм орын алады://

папиллома вирусы//

туберкулез микобактериясы//

Венсан спирохетасы//

бозғылт спирохета//

стафилококк

***

Науқастың жасы 22. Тіс-дәрігеріне тіл және ерін маңы шымырлап ауратынына шағымданып келген. Анамнезі бойынша: жарты сағат бұрын ауыз қуысына химиялық ерітіндіні құйып алған. Кейін осы симптомдар пайда болған. Науқас бірден бірнеше рет ауыз қуысын жақсылап шайған. Бірден стоматологиялық клиникаға барған. Қарап тексергенде: төменгі және жоғарғы ерінде, тілдің ұшында ісінген, қызарған фон үстінде ақ-сұр түсті тығыз пленкамен жабылған диаметрі шамамен 1 см-ге дейін некрозданған үш аймақ (участок) байқалады, астыңғы тіндермен тығыз байланысқан. Күю салдарын қандай ерітіндімен байланыстырасыз://

күкірт қышқылы//

калий перманганаттың ерітіндісі//

әк (известковый) ерітіндісі//

сіркесу қышқылы//

нашатыр спирт

***

70.Ауыз қуысының шырышты қабығының қандай ауруы жүре дамыған иммунтапшылығын синдромның алғашқы белгісі болып табылады: ақ түсті қатпарлы түрде, симптомсыз ошақтар көбінесе тілдің бүйір бетінде орналасады. Шырышты қабаттан көтерінкі болып тұрады және қырғанда алынбайды://

Капоши саркомасы//

түкті лейкоплакия//

Боуэн ауруы//

Манганотти хейлиті //

макроглоссит

***

18 жыл бойы темекі шеккен 36 жасар науқасты қарап тексеру барысында ұрт аймағында ақшыл (белесоватого) түсті күнгірт (помутнения) ошақ анықталды. Тістердің алдыңғы бөлігінің тістердің түйісу сызығы денгейінде, үшбұрышты тәріздес, үшбұрыштың шыңы (вершинасы) үлкен азу тістерге қарайды. Ошақ өз тіннен көтеріңкі емес, қырғанда алынбайды. Айналасындағы шырышты қабатында өзгерістер жоқ. Диагнозын анықтаңыз://

псевдомембранозды кандидоз//

қызыл жалпақ теміреткі, типтік түрі//

ауыз қуысының екіншілік мерезі //

жалпақ лейкоплакия//

Боуэн ауруы//

***

46 жастағы науқас стоматологиялық бөлімге ауыз қуысын сауықтыру және протездеуге дайындалу мақсатында келді. Объективті тексергенде қатты таңдай кілегей қабатының мөлдір емес көрінісінде оның артқы 1/3 бөлігінде майда қызыл түйіншіктер көрінеді. Олардың ортасында сілекей бездерінің кеңейген шығу өзектері нүкте тәрізді орналасқан. Қандай диагноз қоюға болады://

қызыл жалпақ теміреткі, қарапайым түрі//

қызыл жегі, қарапайым түрі//

лейкоплакия, жалпақ түрі//

созылмалы гиперпластикалық кандидоз//

Таппейнер лейкоплакиясы

***

Науқастың жасы 40. Қосалқы аурулары жоқ. Жалпы дені сау. Үш апта бұрын төменгі жақтың оң жақтағы тістің пломбасы түсіп қалғаннан кейін тілдің оң жақ маңында ауру сезімі пайда болғанына шағымданып келген. Қарап тексергенде: тілдің оң жақ бүйір бетінде өлшемі 0,5х0,4 см жара, беті некротикалық қақпен жабылған, шеттері қызарған, ісінген, сипап тексергенде аурады. 46 тісте үлкен тіс жегі қуысы бар. Тіл жақ шеттері өткір. Цитологиялық зерттеуде атипиялық клеткалар анықталмаған. Диагнозын анықтаңыз://

Трофикалық жарасы//

Декубитальды жарасы//

Туберкулездыжарасы//

мерезжарасы//

обыр жарасы

***

Науқастың жасы 32. Бір күн бұрын суық тиген. Содан кейін жоғарғы ерінде бөртпе пайда болғанына шағымданып келген. Соңғы 5 жыл бойы осындай бөртпелер мазалайды. Қарап тексергенде: сол жақ жоғарғы еріннің және тері шекарасында ұсақ, бір-бірімен жабысқан, топтасқан, диаметрі 1-2 мм, ауратын, күнгірт-лай (мутный) сұйығы бар көпіршіктер анықталады. Көпіршіктің сұйығынан көптеп Лангханс алып клеткалар табылған. Болжалды диагноз://

көптүрлі жалқықты эритема//

аллергиялық стоматит//

созылмалы афтозный стоматит//

созылмалы қайталанған ұшық//

жедел герпетикалық стоматит

***

Науқастың жасы 28, жалпы әлсіздікке, ауыз қуысының ауру сезімі және шіріген иістің шығуына шағымданып келеді. Қосалқы аурулары жоқ. Қатты салқындану әсерінен 3 күн бойы ауру сезімдер мазалайды. Қарап тексергенде: науқас бозғылт, дене температурасы 38,2 °С. Ауыз қуысында ретромолярлы аумаққа жақын жерінде екі ұртта ісінген қызарған фон үстінде некрозданған ошақ анықталады. Некрозданған ошақтың шеті тегіс емес, сұр-жасыл түсті, қақты алғанда астынан қанағыш ойық жара (язва) пайда болады. Жараның түбі және шеттері тығыз емес. Ауыз қуысының гигиенасы қанағаттанарлықсыз. Болжалды диагноз қойыңыз//

Венсанның жаралы-некротикалық стоматит//

Декубитальды жарасы//

Рак жарасы//

Трофикалық жара//

Сифилис жарасы

***

Науқастың жасы 52, ұрт маңы бұдырланған сияқты сезімінің пайда болуына шағымданып келеді. Қосалқы аурулары - қантты диабет, гипертония. Қарап тексергенде: екі ұрттың артқы маңында өзгермеген сілемейлі қабығында оюланған суреттегідей ақ түсті (папула) түйіншектер анықталады. Қырып тексергенде алынбайды. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз//

Созылмалы гиперпластикалық кандидоз//

Жалпақ лейкоплакиясы//

Қызыл жегі//

Күлдіреуік//

Қызыл жалпақ теміреткі, типтік түрі

***

Әйел адам, 40 жаста, ауыз қуысының құрғауына, шырышты қабығының тартылу сезіміне және кедір-бұдырлығына шағымданып келген. Қарап тексергенде: қызарған ауыз қуысының шырышты қабығының бетінде ақ-сұр түсті папулалар анықталады. Папулалар кесте торына, қаршаларға, сақиналарға ұқсас. Қол терісіндеде жазық, ақшыл-қызыл, жылтырлығы балауыз тәрізді папулар анықталады. Осы клиникалық көрініс қандай диагнозға сәйкес келеді?//

Лейкоплакия, веррукозды түрі//

Қызыл жалпақ теміреткі, жалқықтану-қызарған түрі//

Жедел атрофиялық кандидоз//

Созылмалы атрофиялық кандидоз//

Қайталанбалы афтозды стоматит

***

Науқастың жасы 50, тағам қабылдағанда, сөйлегенде, ауызында ауру сезімінің мазалауы 2-3 апта бұрын пайда болғанына шағымданады. Анамнезінде қантамырлы дистония, созылмалы гастриттің бары анықталды. Ауыз қуысының жұмсақ таңдайында өзгермеген шырышты қабатында шамамен 1,5-2 см өлшемді іркілген-қызыл түсті беткей жарасы (эрозия) бар. Никольский симптомы оң. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз//

Ауыз қуысы акантолитикалық күлдіреук//

Созылмалы қайталанған герпетикалық стоматит//

Созылмалы қайталанған афтозды стоматит//

Көп түрлі жалқықты эритема//

Қызыл жалпақ теміреткі, эрозиялы-жаралы түрі

***

Науқас 46 жаста, ауыз қуысындағы және терінің кейбір аймақтарындағы қатты ауырсынуларымен, жалпы әлсіздік, тәбеттің жоғалуына шағымданады. Қараған кезде: ұрттың өзгермеген шырышты қабық негізінде күңгірт – қызыл түсті қатты ауырсынатын шекарасында көпіршік қабыршақтарымен жабылған эрозия байқалады. Шыңтақ пен бел аймағындада аталған эрозиялар анықталады. Алғашқы диагноз қойыңыз://

созылмалы қайталамалы стоматит//

көптүрлі экссудативті эритема//

вульгарлы көпіршік //

қызыл жазық теміреткі//

жүйелі қызыл жегі

***

80.Зақымданған ошақтан алынған жақпаны цитологиялық зерттеу барысында, тікенекті қабаттағы клеткаларының өзгеріске ұшырағаны анықталды: клеткалардың өлшемі нормадан кішірек, дөнгелек пішінді, клетканың ядросы ірі қара-көк түске боялған, ядро маңындағы цитоплазмасы ашық-көк түстес- ал шеттері- қара-көк түсті. Сонымен қатар көпядролы алып (гигантті) клеткалары да кездеседі. Бұл цитологиялық сипаттама қандай ауруға тән көрініс//

Акантоликалық күлдіреуік (пузырчатка) //

Қызыл жалпақ теміреткі//

Созылмалы қайталанған герпетикалық стоматит//

Созылмалы қайталанған афтозды стоматит//

Созылмалы гиперпластикалық кандидоз

***

Науқас жедел бронхитпен сырқаттануына байланысты бірнеше рет антибиотикті бұлшық ет арқылы ем алған. Антибиотикті 3 күн қабылдағаннан кейін тілінде ақ қақ пайда болып, жағымсыз сезінеді. Қарап тексергенде: ісініп, қызарған тіл бетінде ақ түсті қақ байқалады. Қақ сүзбеге (творог) ұқсас. Қырып тексергенде алынады, қақ астында гиперемияланған ошақ байқалады. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз//

Лейкоплакия, жалпақ түрі//

Жедел псевдомембранозды кандидоз//

Қызыл жалпақ теміреткі, типтік түрі//

Десквамативті глоссит//

Ромб тәріздес глоссит

***

62 жастағы науқас жоғарғы жақтың оң жақ маңайында пайда болатын ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі алмалы-салмалы протезді дайындағаннан 2-3 аптадан кейін пайда болды және протезді қолданған кезде күшейе түседі. Объективті: жоғарғы жақтың оң жағында, 44 мен 45 тістердің проекциясының өтпелі қатпарда, протездің шеті түйісу орнында, көлемі 4-5 мм, жазық жара (эрозия) байқалады. Жараның перифериясында қатпар (складка) анықталады (фиброзды тканнің өсуі). Сіздің мүмкін қоятын диагнозыңыз.//

Папиллома//

Декубиталды ойық жара//

Бөлшектенген фиброма (дольчатая фиброма)//

Трофикалық ойық жара//

Лейкоплакия, сүйелтәрізді түрі

***

64 жастағы науқас қатты және жұмсақ таңдайдың кілегейлі қабығының өсуіне және ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі алмалы-салмалы протезді қолданған кезде күшейе түседі. Бұл симптомдар жоғарғы жаққа алмалы-салмалы протезді дайындағаннан 3 аптадан кейін пайда болды. Объективті: алмалы-салмалы протез базисінің түйісу орнында кілегейлі қабық қызарған, беті жұмсақ, дән тәрізді, сипап тексергенде аздап ауырады. Сіздің мүмкін қоятын диагнозыңыз.//

Катаралды стоматит (палатинит)//

Бөлшектенген фиброма (дольчатая фиброма)//

Лейкоплакия, сүйелтәрізді түрі//

Папилломатоз//

Кандидозды стоматит (палатинит)

***

42 жастағы науқас тілдің ауыратынына шағымданады. Ауру сезімі сөйлеген кезде және ас қабылдағанда күшейе түседі. Науқастың айтуы бойынша, осы симптомдар үйде 3-4 сағат бұрын, концентрациясы жоғары сірке қышқылын абайсыздан қабылдағаннан кейін пайда болды. Объективті: тілдің ұшында, көлемі 7 мм-ге дейін, ақшыл-сұр түстес, қоршаған тіндермен тығыз байланысқан, қатты қақ байқалады. Маңайындағы кілегейлі қабық қызарған және ісінген. Осы патология кезінде ауыз қусының шырышты қыбығында қандай патологиялық процесс дамиды?

Колликвациялық некроз//

Папилломатоз//

Коагуляциялық некроз//

Гиперкератоз//

Акантоз

***

25 жастағы науқас тілдің ауыратынына шағымданады. Ауру сезімі сөйлеген кезде және ас қабылдағанда күшейе түседі. Науқастың айтуы бойынша, осы симптомдар жұмыс орнында 3-4 сағат бұрын, концентрациясы жоғары едкий (ащы) натрдің (натрий гидроксидының) абайсыздан қабылдағаннан кейін пайда болды. Объективті: тілдің ұшында, көлемі 7 мм-ге дейін, ақшыл-сұр түстес, консистенциясы дірілдеген (іркілдек тәрізді) қақ байқалады. Маңайындағы кілегейлі қабық қызарған және ісінген. Осы патология кезінде ауыз қусының шырышты қыбығында қандай патологиялық процесс дамиды?//

Колликвациялық некроз//

Папилломатоз//

Коагуляциялық некроз//

Гиперкератоз//

Акантоз

***

Науқас 57 жаста, жоғарғы ерінде ұзақ уақыт жазылмайтын жараға шағымданып келді. Қараған кезде: еріннің қызыл жиегінде – жара, пальпацияда ауырсынбайды, негізінде шеміршек тінді инфильтрат бар. Төменгі жақ асты лимфа түйіндері шеміршекті тығыз, диаметрі 2-3 см дейін, тығыз консистенциялы, пальпацияда ауырсынбайды.

Диагнозды нақтылау үшін қандай реакция қажет://

гемагглютинация реакциясы//

Манту реакциясы//

Вассерман реакциясы//

лейкоциттер агломерация реакциясы//

лейкоцитолиз реакциясы

***

35 жастағы науқас стоматологиялық клиникаға жалпы жайсыздыққа, дене температурасының көтерілуіне, мойын мен бетте қызыл дақтардың пайда болуына шағымданып келді. Объективті: ауыз қуысында жайылған эритема мен кілегей қабаттың ісінуі, түрлі пішінді көпіршіктер пайда болған, олар тез жарылып фиброзды қақпен жабылған ауыратын эрозиялар түзеді. Қандай диагноз қоюға болады://

жүйелі қызыл жиегі //

көп түрлі жалқықты эритема//

созылмалы қайталамалы афтозды стоматит//

қайталамалы терең тыртықты афталар//

Бехчет синдромы

***

Шағымы жоқ. Объективті: тіл жұмсақ, аздап ұлғайған, терең қатпарлар -сайлар тілдің бүйір бетінде және арқасында орналасқан. Қатпарлардың түбі және бүйір беттері жіп тәрізді бүртіктермен жабылған. Қандай диагноз қоюға болады://

ромб тәрізді глоссит//

түленген глоссит//

қатпарлы тіл/

глоссодиния//

қара түкті тіл

***

18 жастағы науқас стоматолог – дәрігерге төменгі ерін қызыл жиегі ортасына берік бекіген сұр түсті жіңішке қабыршақтың болуына шағымданып келді. Науқас әрдайым қабыршақты тістейді. Ерін құрғақтығы және ауыз қуысы ыңғайсыздық сезімі, ашуы анықталады. Қандай диагноз қоюға болады://

еріннің экзематозды қабынуы//

еріннің жай гландулярлы қабынуы//

еріннің қабыршақтана қабынуы (эксфолиативті хейлит), құрғақ түрі //

еріннің атопиялық қабынуы//

еріннің актиндік қабынуы, құрғақ түрі

***

90.Стоматологиялық поликлиникаға Б.деген қыз бала ауыз қуысындағы ауырсыну шағымдарымен келді, сонымен қатар ұртында, қызыл иектерінде, тілінде «жаралардың» пайда болуына, дене температурасы 390С дейін көтерлуіне, бас ауруына, әлсіздікке шағымданды. Қарағанда: АҚШҚ-да беткей жаралар, полигональды пішінді, некротикалық қақтармен жабылған, тигізгенде ауырсынбалы. Ем тағайындаңыз://
жансыздандыру, антисептиктер, ферменттер, вирусқа қарсы препараттар//
ретинол ацетат антисептиктері, саңырауқұлаққа қарсы препараттар, ферменттер//
гриппқа қарсы гаммаглобулин 0,2 мл/кг б/е, антибиотиктер//
жансыздандыру, кең спектрлі әсері бар антибиотиктер, витаминдер//
антисептиктер, жансыздандыру, ферменттер, гидрокортизон, витаминдер

***

Науқастың ауыз қуысы шырышты қабатында қызыл жалпақ теміреткі анықталды, анамнезінде қант диабеті мен гипертониялық ауру анықталды. Клиникалық симптомокомплексті атаңыз://

Гриншпан синдромы//

Стивенсон-Джонсон синдромы//

Туреннің үлкен афтозы//

Мелькерсон-Розенталь синдромы//

Лайел синдромы

***

Ер адам, 45 жаста, ауыз қуысының құрғауына, тағам қабылдаған және сөйлеген кезде пайда болатын ауру сезіміне, тілдің күю сезіміне және дәм сезудің бұзылуына шағымданып келген. Бұл симптомдар бірінші рет байқалады. Объективті: тіл арқасы қызыл, таңқурай түсті, құрғақ, жылтыр, жіптәрізді бұртіктері атрофияланған, тіл қатпарлардің ішінде қақ анықталады. Осы клиникалық көрініс қандай диагнозға сәйкес келеді?//

Жедел псевдомембранозды кандидоз//

Созылмалы жайылмалы кандидоз//

Созылмалы атрофиялық кандидоз//

Жедел атрофиялық кандидоз//

Созылмалы гиперпластикалық кандидоз

***

Ер адам, 42 жаста, мамандығы – геолог, дәрігер-стоматологқа еріндердің құрғауына, күю сезіміне және қабыршақтануына шағымданып келген. Жақын арада ұзақ командировкадан келген. Қарап тексергенде: еріндердің қызыл жиектері аздап қызарған, құрғақ, ұсақ қабыршақтармен жабылған.Болжамды диагноз?//

Экзематозді хейлит//

Метеорологиялық хейлит//

Эксфолиативті хейлит,экссудативті түрі //

Қарапайым гландулярлы хейлит//

Аллергиялық контактті хейлит

***

Әйел адам, 52 жаста, ауыздың құрғауына және күю сезіміне, дәм сезудің бұзылуына шағымданып келген. Бұл сезімдер кешкілік уақытқа қарай күшейе түседі, тамақ қабылдаған кезде жоғалады. Анамнезі бойынша: жақын арада ауыз қуысына протез жасалған. Объективті: ауыз қуысының кіреберісінің шырышты қабығы бозғылт түсті, аз ылғалдырылған, тілдің бүртіктері аздап атрофияланған. Осы клиникалық көрініске қандай болжамды диагноз сәйкес келеді?//

неврит//

невралгия//

глоссалгия//

кандидоз//

гальваноз

***

Науқас, 35 жаста, еріндердің құрғауына және аздаған қабыршақтануына, қышуына, күю сезіміне шағымданады. Анамнезі бойынша – 3 күн бойы бұрын қолданбаған ерін далапты (губная помада) жағып жүрді. Бұл симптомдарды бірінші рет байқайды. Объективті: еріндердің қызыл жиегінде айқын шектелген эритемалар анықталады, олардың беттерінде ұсақ көпіршіктері мен ылғал ошақтары байқалады. Беттің және дененің тері жамылғысы өзгеріссіз. Диагноз қойыңыз//

Эксфолиативті хейлит//

Экзематозді хейлит//

Аллергиялық хейлит//

Атопиялық хейлит//

Актинді хейлит

***

Зақымдаушы элементті атаңыз: дөнгелек пішінді қуысты құрылым, диаметрі 5 мм-ге дейін, шырышты қабаттың денгейінде көтеріңкі, құрамында серозды немесе геморрагиялық сұйық бар. Кейде эпителий ішінде орналасуы мүмкін//

Түйін//

Төмпешік//

Күлдіреуік//

Көпіршік//

Киста

***

Кератопластик тобына жататын емдік препараттар://

гепаринді мазь//

синтомицинді мазь//

метилурацилді мазь//

гидрокортизон мазь//

оксолинді мазь

***

Из 167 тестов

Науқас, жасы 56. Оң жақ урты шымырлап-күйіп, керіліп-тырысуына шағымдарымен емханаға келген. Анамнезінде: бұрын протезделу мақсатымен тіс-дәрігерде болған. Ұзақ уақыт бойы шылым шегеді. Қарап тексергенде: ауыз қуысының кіреберісінің езу үшбұрышы маңының шырышты қабатында шекаралары анық, айналасындағы шырышты қабаттан шығыңқы орналасып тұрған шектелген түйіншектер (бляшки немесе табақшалар) анықталады. Сипап тексергенде ауырмайды, айналасындағы тіндермен тығыз жабысқан. Тіс қатарынды: 2.3, 2.4 және 2.7 тірек тістерде кобальт-хром қоспасынан жасалған көпіртәрізді протез бар. Протездің қырлары өткір. Алдын-ала диагнозын анықтаңыз://

жалпақ лейкоплакия//

екіншілік сифилис//

Веррукозды лейкоплакия//

Қызыл жалпақ темиреткі//

созылмалы гиперпластикалық кандидоз

***

Ер адам, жасы 56. Тағам қабылдағанда ауру сезімі мазалаумен шағымданады. Анамнезі бойынша: 2 жыл бойы тілінің сол жақ бүйір бетінде бұдырланып (бугристое) шығыңқы келген түзілім болған, бирақ ыңғайсыздық туғызбаған. Обьективті көрінісі: ауыз қуысы санацияланбаған. 3.4-3.7 тістерде сапасы төмен жасалған көпіртәрізді протез бар. Тілдің сол жақ бүйір бетінде айналасы бұдырланған сұр түсті ошақ, өлшемі 0,3х0,8см дей жара көрінеді. Алдын-ала диагнозын анықтаңыз://

Веррукозды лейкоплакия//

Лейкоплакияның табақшалы түрі (бляшечная)//

Лейкоплакияның мүйізденген түрі//

лейкоплакияның эрозиялы-жаралы түрі//

Қызыл жалпақ теміреткінің эрозиялы-жаралы түрі

***

100.Қызарған (гиперемия) ұрттың шырышты қабатында, тілдің денесінде, артқы таңдай бөлігінде үлкен ақ кактар пайда болған, олар бір бірімен қосылып табақша (бляшка) құру мүмкін, қақты қырығанда тек бөлшектеніп алынады. Кандидоздың қай түрі?//

форму кандидоза://

Кандидозды ойылу//

жедел атрофиялық кандидоз//

жедел псевдомембранозды кандидоз//

созылмалы гиперпластикалық кандидоз//

созылмалы псевдомембранозды кандидоз

***


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 267 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Пародонтология| Проводы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.048 сек.)