Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Пародонтология

43.Тісін тазалағанда және тамақ жегенде қызыл иектің қанағыштығына, сонымен қатар қызыл иектің ауратынына, қышуына шағымданады. Анамнезінде жедел респираторлық аурумен сырқаттанған. Симптомдар бірінші рет пайда болған. Қарап тексергенде қызыл иектің сілемейлі қабығы ісінген, қызарған. Пародонталды қалталар жоқ. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз://

созылмалы катаральды гингивит//

созылмалы катаральды гингивиттің өршуі//

жедел катаральды гингивит//

гипертрофиялық гингивит, ісінген түрі//

гипертрофиялық гингивит, фиброзды түрі

***

Науқастың шағымы: тістерді тазалаған кезде қызыл иектің анда-санда қанайтына. Қарап тексергенде – қызыл иек емізікшелердің және жиегінің ісінуі мен цианозы. Жалған қалталар мен пародонт қалталары жоқ. Рентген суреттемеде: сүйек тінде өзгерістер жоқ. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз://

созылмалы катаральды гингивит//

жаралы гингивит//

жедел катаралды гингивит//

гипертрофиялық гингивит, ісінген түрі//

гипертрофиялық гингивит, фиброзды түрі

***

Науқастың шағымы: қызыл иектің тістерді тазалаған және ас қабылдаған кезде қанағыштығына, ауру сезіміне. Анамнезі бойынша 1 жыл бұрын қызыл иек курс емін қабылдаған. Қарап тексергенде қызыл иектің цианозбен бірге қызаруы мен ісінуі анықталады, қызыл иек тиіп кетсе қанайды. Пародонт қалталар жоқ. Рентген суреттемеде: сүйек тінде өзгерістер жоқ. Сіздің алдын-ала қоятын диагноз://

жедел жаралы гингивит//

созылмалы катаральды гингивит//

созылмалы катаральды гингивиттің өршуі//

гипертрофиялық гингивит жайылмалы түрі//

жаралы гингивит

***

Жайсыздыққа, әлсіздікке, дене температурасының жоғарылауына, қызыл иекте күрт ауырсынулардың болуына, олардың қанағыштығына, ауыз қуысының жағымсыз иісіне шағымданады. Объективті: қызарған, ісінген қызыл иек көрінісінде кір – сұр түсті қақ түрінде қызыл иек жиектерінің өліеттенген аймағы анықталады. Тістерде көп мөлшерлі жұмсақ қақ, тіс тастары бар. Сілекей қою, тұтқыр. Қан анамнезінде- лейкоцитоз, ЭТЖ жеделдеуі. R – граммада сүйек тінінің өзгерістері жоқ. Қандай диагноз қоюға болады://

жедел катаральды гингивит

созылмалы катаральды гингивит

созылмалы катаральды гингивиттің өршуі

жаралы гингивит

созылмалы жайылмалы пародонтиттің өршуі, жеңіл дәрежелі

***

Тісті щеткамен тазалағанда және тамақ ішкенде қызыл иектің қанағыштығына, қызыл иек бүртіктерінің өсуіне шағымданады. Объективті: тіс сауытының 1/3 бөлігіне дейін тіс бүртіктерінің ұлғаюы анықталады, тигенде оңай қанайды. Қызыл иек бүртіктері көгілдір түсті.Рентгенограммада сүйек тінінде өзгеріс жоқ. Науқасқа қандай диагноз тән://

жаралы гингивит//

созылмалы катаральды гингивиттің өршуі//

гипертрофиялық гингивит, ісінген түрі//

гипертрофиялық гингивит, фиброзды түрі //

жайылмалы катаральды гингивит

***

Қызыл иек емізікшелердің өсіп кетуіне шағымданады. Қарап тексергенде қызыл иек жиегі деформацияланған, яғни қызыл иек емізікшелері ісініп үлкейген, олар көрші жатқан тістердің сауыт бөліктерінің үлкен бөлігін жауып тұрады. Қызыл иек ақшыл-қызыл. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз://

созылмалы катаральды гингивит//

жаралы гингивит//

жедел катаральды гингивит//

гипертрофиялық гингивит, ісінген түрі//

гипертрофиялық гингивит, фиброзды түрі

***

Қызыл иектің шырышты қабаты ісінген, цианозды, тиіп кетекенде қанайды. Тістері мықты, тістің мойын бөліктері ашылмаған. Пародонт қалтаның тереңдігі 3,5 дейін, қызыл иек асты мен қызыл иек үсті тіс қақтары бар. Сіздің алдын-ала қоятын диагноз://

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының орта дәрежесі//

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі//

созылмалы катаральды гингивит//

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесі, ремиссия кезеңі//

созылмалы гипертрофиялық гингивит

***

50.Науқастың шағымы: тісін тазалағанда қызыл иектің қанайтынына және оның соңғы уақытта күшейе түскеніне. Обьективті: қызыл иек шеті, емізікшелер айқын қызарған, ісінген, аспаппен тексергенде бірден қанайды. Кейбір тістерде тереңдігі 3 мм дейін пародонт қалталар анықталады. Аздап тіс тастары бар. Төменде аталған диагноздардың қайсысына сай келеді://

созылмалы катаральды гингивиттің өршуі//

гипертрофиялық гингивит, ісінген түрі//

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі, өршу сатысы//

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының орта дәрежесі//

созылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі

***

Науқас тістер арасы ашылып кеткеніне, кейде қызыл иектің қанайтынына, тістердің қозғалығыштығына, дискомфорт сезіміне шағымданады. Обьективті: тіс қақтары өте көп, қызыл иекке тиіп кеткенде қанайды, қызыл иек шеті және емізікшелері әртүрлі деңгейде атрофияланған. Тіс түбірлері 1/3 ұзындығына дейін ашылған, кейбір тістердің 1-2 дәрежелі қозғалыштығы. Пародонт қалтаның тереңдігі 4-5 мм дейін. Клиникасы бойынша қандай диагноз қоюға болады://

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының орта дәрежесі//

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесі//

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесінің өршуі//

гипертрофиялық гингивиттің ісініген түрінің өршуі//

гипертрофиялық гингивит, сініген түрі

***

Науқас 26 тіс маңында ауратынына шағымданады, қызыл иек ісінген, ауыздан жағымсыз иіс шығады. 26 тіске 4 жыл бұрын металлдан жасалған сауыт кигізілген. Обьективті: 26,27 тістердің маңындағы қызыл иек шеті және тісаралық емізікшелердің шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, цианозды, борпылдақ, тиіп кетсе қанайды. 26 және 27 тістердің арасында пародонт қалта бар. Тереңдігі 4-5 мм, қалтадан іріңді сүйық бөлінеді. 26 тістің жасанды сауыты қызыл иекке терең кіреді. Горизонтальды бағытта қағап тексергенде аурады. Рентген суреттемеде: 26 және 27 тістердің тісаралық пердесінің тіс түбірінің 1/2 ұзындығына дейін резорбциясы анықталады. Диагноз қойыңыз://

созылмалы ошақты гингивит//

созылмалы ошақты пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі//

созылмалы ошақты пародонт қабынуының ауыр дәрежесі//

созылмалы ошақты пародонт қабынуының орта дәрежесі, өршу сатысы//

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі, өршу сатысы

***

Науқас 65 жаста, тістердің қозғалуына, ауызынан жағымсыз иістің шығуына, қызыл иектің қансырауына шағымданады. Қараған кезде: қызыл иек үсті және - асты тіс жұғындылары, қызыл иек жиегі көкшіл түсті, пародонталды қалталар тереңдігі 6 мм, басқан кезде ірің бөлінеді. Жоғарғы және төменгі жақ алдыңғы және азу тістер түбірлері ығысқан және ½ ұзындыққа жалаңаштанған. Тіс қозғалуы II-III дәрежелі. Алғашқы диагноз қойыңыз://

жеңіл дәрежелі созылмалы пародонтит//

орташа дәрежелі пародонтоз//

орташа дәрежелі созылмалы пародонтит//

ауыр дәрежелі созылмалы пародонтит//

ауыр дәрежелі пародонтоз

***

Қызыл иектің түсі бозғылт, төменгі және жоғарғы тістер арасы желпеуіш тәрізді ашылған. Пародонт қалта және тістердің қозғалғыштығы жоқ. Рентген суреттемеде: тісаралық қалқаларының 1/3-ге дейін бір келкі төмендеген, кортикальды пластинкасы бұзылмаған. Сіздің диагнозыңыз://

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі//

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының орта дәрежесі//

жайылмалы пародонт қабынуының ремиссия кезеңі//

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесі//

пародонтоз, жеңіл дәрежесі

***

Науқас 47 жаста, тітіркендіргішке сезімталдықпен қызылиектегі қышу сезіміне шағымданады. Қарағанда: қызыиек жиегі ашық қызыл түсті, жұқарған, пародонталды қалталар жоқ, тістер тұрақты. Тіс түбірлерінің 1/2 ұзындыққа бір текті жалаңаштануы байқалады. Ортопантомограммада – тіс аралық перделердің биіктігінің ½ деңгейге бір текті азаюы. Кортикалді пластика тұтастығы бұзылмаған. Алғашқы диагноз қойыңыз://

жеңіл дәрежелі пародонтоз //

орташа дәрежелі пародонтоз//

ауыр дәрежелі пародонтоз//

жеңіл дәрежелі пародонтит//

орташа дәрежелі пародонтит

***

Бұл ауру көбінесе балаларда кездеседі. Аурудың дамыған сатысында ауыз қуысында гингивит белгілері, пародонт қалталар, тістердің қозғалғыштығы анықталады. Пародонт тіндерінің патоморфологиялық зерттеу кезінде ретикулярлық клеткалармен бірге эозинофилдер көп табылады. Ауруды анықтаңыз://

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесі//

созылмалы катаральды гингивит, ауыр дәрежесі//

пародонтома//

Папийон-Лефевр синдромымен пародонтолиз//

эозинофильді гранулемамен пародонтолиз

***

Ауру балаларда кездеседі. Табандарының және алақандарының гиперкератозбен және қабыршықтануымен сипатталады. Сонымен қатар барлық тістер түсіп қалғаннан кейін басылатын, жақ сүйектер альвеола өсіндісінің прогрессияланған еруімен (остеолиз) сипатталады. Ауруды анықтаңыз://

Летерер-Зиве ауруындағы пародонтолизі//

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесі//

Папийон-Лефевр синдромындағы пародонтолиз//

пародонтома//

Хенд–Шюллер-Крисчен ауруында пародонтолиз

***

Саңырақұлақ тәрізді формалы, өсіп кеткен (гипертрофияланған) тісаралық емізікше сияқты, аяқшада (на ножке) орналасады, қозғалмалы түзілісті қалай атайды?://

фиброма//

липома//

эпулис//

пародонт кистасы//

гранулема

***

Науқас 45 жаста. Диагноз: Орта дәрежедегі пародонттың созылмалы жайылмалы қабынуының өршуі, пародонталды абсцесс. Ірің қалтаны тіліп ашқаннан кейін ең дұрыс физиотерапиялық ем://

ультракүлгін сәулелендіру//

қызыл иекүстілік гальванизация//

қызыл иекке массаж жасау//

дәрілік электрофорез//

ультрадыбытық терапия

***

60.Қызыл иектегі қышу сезіміне шағымданған науқасқа қандай физиоем әдісін қолдануға болады://

КУФ//

флюктуоризация//

ультрадыбыс//

дарсонвализация//

СВЧ

***

 


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 122 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Периодонтиттер| АҚШҚ аурулар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)