Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тесттік тапсырмалар. Интернатураға қабылдау емтиханға арналған

Периодонтиттер | Пародонтология | АҚШҚ аурулар |


Читайте также:
  1. Ан түзу жүйесі» модулі бойынша тесттік тапсырмалар
  2. Ас қорыту жүйесі» модулі бойынша сынамалық тапсырмалар
  3. Жүйке жүйесі» модулі бойынша тесттік тапсырмалар
  4. Жүрек-тамыр жүйесі» модулінен патофизиология бойынша тесттік тапсырмалар
  5. Модулі бойынша тесттік тапсырмалар
  6. Отбасы тәрбиесімен байланысты шығармашылық тапсырмалар жазу
  7. СОӨЖ тапсырмалары

Оқу жылына

Интернатураға қабылдау емтиханға арналған

Терапиялық стоматология» пәні бойынша

тесттік тапсырмалар

Мамандығы «Стоматология»

«Терапиялық стоматологияның пропедевтикасы»

 

1.Науқасты қарап тексергенде 33 тістің мойын бетінде ақшыл-сары дақ анықталды. Эмаль жылтырлығы жоғалтқан. Шұқып тексергенде ауру сезімі жоқ. Метилен көгімен бояп тексергенде, дақ көкшіл түске боялды. Көрсетілген обьективті көріністер қай аурудың клиникасына сай келеді://

гипоплазия, дақты түрі//

беткей тісжегі//

флюороз, дақты түрі//

бастапқы тісжегі//

флюороз, бор түсті-бұдырлы (меловидно-крапчатая) түрі

***

Науқастың жасы 32, қышқыл, қантты тағамдарды жегенде қысқа уақытпен ауырып басылатын ауру сезімге шағымданады. Қарап тексергенде: 17 тістің шайнау бетінде эмаль денгейде фиссура маңында тісжегі қуысы анықталды. Шұқып тексергенде қуыстың табанында ауру сезімі жоқ. Диагноз қойыңыз://

орта тісжегі//

бастапқы тісжегі//

флюороз, дақты кезеңі//

беткей тісжегі//

ошақты гипоплазия

***

Науқасты қарап тексергенде 14 тістің мойын бөлігінде тісжегі қуысы бар, түбі дентин-эмаль шекарасынан тереңірек орналасқан. Тістің түсі өзгермеген. Шұқып тексергенде табаны ауырмайды, қабырғаларында ауру сезімі бар. Қағып тексергенде ауру сезімі жоқ. Көрсетілген обьективті көріністер қай аурудың клиникасына сай келеді://

баяу дамыған терең тісжегі//

орта тісжегі//

беткей тісжегі//

сына тәрізді (клиновидный) ақау//

тез дамыған терең тісжегі

***

Науқастың жасы 20,тамақ ішкенде қысқа уақытпен ауырып басылатын ауру сезімге шағымданады. Қарап тексергенде: 27 тістің дистальды бетінде үлкен емес, бірақ терең тісжегі қуысы бар, ақ түсті, жұмсарған дентинмен толы. Шұқып тексергенде қуыстың табанында ауру сезімі бар, қағып тексергенде ауру сезімі жоқ. Суық температураға ауру сезісі қысқа. Диагноз қойыңыз://

тез дамыған терең тісжегі//

орта тісжегі//

созылмалы периодонтит//

жедел жартылай ұлпа қабынуы//

баяу дамыған терең тісжегі

***

Науқасты қарап тексергенде 36 тісте тамақ қалдығымен толы терең келген тісжегі қуысы анықталды. Қуыстың түбі мен қабырғаларында қатты пигменттелген дентин анықталады. Шұқып тексергенде қуыстың табанында аздап ауру сезімі бар. Суықтан әлсіз, қысқа мерзімді ауру сезімі пайда болады. ЭОД – 5 мкА.Диагноз қойыңыз://

баяу дамыған терең тісжегі//

жедел ошақты ұлпа қабынуы//

тез дамыған терең тісжегі//

созылмалы периодонтит//

орта тісжегі

***

Науқастың жасы 20. Профилактикалық шарамен қарап тексеруде 11, 12 тістердің кесу қырында, сонымен қатар 16 және 26 тістердің төмпешіктерінде ақ дақтар анықталды. Дақтар 2% метилен көгінің ерітіндісімен боялмайды және қарап тексергенде басқа тістерде анықталмайды. Болжалды диагноз қойыңыз://

Флюороз, дақты түрі//

Гипоплазия, дақты түрі//

Бастапқы тіс жегі//

Беткей тіс жегі//

гиперплазия

***

Науқас химиялық зат өндіретін заводтың жұмысшысы. Жоғарғы жақтың тістерінде ақаудың пайда болуына шағымданып келеді. Обьективті көрінісі: 11, 12, 21, 22 тістерде эмаль денгейінде және дентиннің жоғарғы қабатында дөңес (овальные) пішінді ойықтар анықталады, ойықтырдың қабырғалары мен табаны тегіс және тығыз. Шұқып тексергенде эмаль-дентин шекарасында сәл ғана ауру сезімі бар. Температуралық тітіркендіргіштерге реакция қысқа мерзімді. Болжалды диагноз://

беткей тісжегі//

сына тәрізді ақау//

орта тісжегі//

тістің қатты тіннің эрозиясы//

дақты гипоплазиясы

***

Науқас химиялық зат өндіретін заводтың жұмысшысы. Жоғарғы жақтың тістерінде ақаудың пайда болуына шағымданып келеді. Обьективті көрінісі: 11, 12, 21, 22 тістерде эмаль денгейінде және дентиннің жоғарғы қабатында дөңес (овальные) пішінді ойықтар анықталады, ойықтырдың қабырғалары мен табаны тегіс және тығыз. Шұқып тексергенде эмаль-дентин шекарасында сәл ғана ауру сезімі бар. Температуралық тітіркендіргіштерге реакция қысқа мерзімді. Дәрігер науқасқа жұмыс уақытында міндетті түрде жеке қорғаныс затты қолдануға кеңес берді. Осындай ақауда қандай қосымша ем жүргізу керек://

Реминералдау терапиясы//

Қуыстарды егеп, композициялық материалмен пломбылау//

Ақау бар тістерді жылтырататын пастамен өңдеу//

Реминералдау терапия курсын жүргізіп, композиттік материалмен пломбылау, кейін ремтерапиясын қайталау//

Ақау аумағын фтор лакпен жабу

***

Науқастың жасы 36, тістерін тазалағанда жоғарғы жақ тістерінің сезімталдығының жоғарлағанына шағымданады. Қарап тексергенде: жоғарғы жақтағы сүйір және кіші азу тістердің вестибулярлы беттерінде мойын бөлігінде ақаулары бар, қабырғалары қатты, тегіс, көлденен кесіндіде үшбұрышты пішіндес. Шұқып тексергенде сезімталдығы байқалады. Диагноз қойыңыз://

Тістердің қатты тіндерінің эрозиясы//

Эмаль некрозы//

Сына тәрізді ақау//

Эмаль тіс жегі//

Гипоплазия, бұдырлы түрі (бороздчатая)

***

10.Науқастың жасы 36, тістерін тазалағанда жоғарғы жақ тістерінің сезімталдығының жоғарлағанына шағымданады. Қарап тексергенде: жоғарғы жақтағы сүйір және кіші азу тістердің вестибулярлы беттерінде мойын бөлігінде ақаулары бар, қабырғалары қатты, тегіс, көлденен кесіндіде үшбұрышты пішіндес. Шұқып тексергенде сезімталдығы байқалады. Осы патологияны емдеуде қандай ем жүргізу керек://

Егеп тазалау және композициялық материалмен пломбылау//

10 күн бойы күнделікті 10% кальций глюконатының ерітіндісімен аппликациялау//

Жылтырататын пастамен дақтарды өңдеу//

10 күн бойы күнделікті 10% кальций глюконатының ерітіндісімен және 2% натрий фторидінің ерітіндісімен аппликациялау//

Реминерализациялық терапиясы

***

25 жасар науқас тістерінде пигменттелген дақтарға шағымданады. Анамнез: науқастың айтуынша – эмальдың өзгеруі жас кезінен басталған. Эмальдың өзгеруі ауылдағы туысқандары мен таныстарында байқалады. Қарап тексергенде: барлық тістерінің түстері бозғылт, сары түсті, көптеген пигменттелген дақтар бар. Алдын ала қойылған диагноздың қайсысы дұрыс://

гипоплазия//

сына тәрізді ақау//

дақ тәрізді тісжегі//

флюороз//

эмальдің некрозы

***

20 жастағы науқас тістердегі пигменттелген дақтың болуына шағымданады. Анамнезінен – бала кезінен тіс түсінің өзгеруі анықталады, тістердің түсінің сондай өзгеруі туыстарында да кездеседі. Тіс эмальін тексергенде көптеген бор тәрізді, кейбір аймақтарда пигменттелген дақтар анықталды, олар тістің бүкіл бетінде орналасқан. Дақ аймағындағы эмаль тегіс, жылтыр, зонд зақымдалған аймақ бетінен сырғиды, метилен көк ерітіндісімен боялмайды. Осы аурудың себебі не болуы мүмкін://

ауық қуысының гигиенасын сақтамау//

көмірсуларды артық қолдану //

ас суында фтор құрамының шамадан артық болуы //

ас суында фтор құрамының аз болуы//

ас суында йод құрамының аз болуы

***

13.18 жасар жігіт жоғарғы жақ тістеріндегі косметикалық ақауға шағымданады. Тісінің түсінің өзгеруін бала кезінен байқаған. Бала кезінде рахитпен ауырған. Қарап тексергенде: алдыңғы күрек тістерінің вестибулярлы бетінде және бірінші азу тістердің төмпешіктерінде симметриялы орналасқан бор тәріздес дақтар орналасқан. Дақтың беті тегіс, жылтыр. Қосымша зерттеу әдісінің қай түрін ең бірінші қолдануға тиімді://

рентгенография//

қағып тексеру//

электроодонтометрия//

сипап тексеру//

витальды бояу

***

 


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 87 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Практична частина| Терапиялық стоматология

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)