Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері

Экономикалық теория негіздері» курсы бойынша СОӨЖ өткізу формалары | Зін- өзі бақылауға арналған сұрақтар | Сынылатын әдебиеттер | СОӨЖ тапсырмалары | Химфарм» АҚ дамуының экономикалық көрсеткіштері | Химфарм» АҚ инвестициялық бағдарламасы | ТАҚЫРЫП.Экономикалық жүйелердің типтері мен олардың даму заңдылықтары. | ТақырыпТАР. Бәсеке және монополия. Капитал (қорлар). Ауыспалы айналым мен айналым. | Тапсырма | Сынылатын әдебиеттер |


Читайте также:
  1. Тақырып.
  2. Тақырып.
  3. тақырып.
  4. Тақырып. Қоғамдық шаруашылықтың нысандары. Тауарлы өндіріс. Ақша.
  5. Тақырып. Желілік технологиялар. Интернет. HTML тілінің негіздері
  6. Тақырып. Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаты.
  7. Тақырып. Мемлекеттік реттеу: маңызы, мақсаттары, құралдары

Әдістемелік нұсқаулар. Дайындықты ұсынылатын әдебиеттерді оқудан бастап, «нарық», «нарық инфрақұрылымы» ұғымдарына сипаттама беріп, олардың түрлерін зерттеңіз, сонымен бірге, нарықтың құрылымына ерекше назар аудару керек. Нарықтың артықшылығы мен кемшіліктерін зерттеңіз. «Нарық-өркениеттіліктің ұлы жетістігі», «нарықты реттеудің классикалық және кейнстік тұжырымдамасы», «нарықтық экономикаға көшудің салдарлары», «ҚР-сының нарыққа өту кезеңі» сұрақтарын презентация формасында талқылаған дұрыс.

 

СОӨЖ тапсырмалары:

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындық.

2. Өзіндік бақылау сұрақтарына жауап беру.

3. Берілген тапсырмаларды орындау.

4. Тестілік сұрақтарға жауап беру.

5. «нарықты реттеудің классикалық және кейнстік тұжырымдамасы», «нарықтық экономикаға көшудің салдарлары», «ҚР-сының нарыққа өту кезеңі» сұрақтары презентация түрінде талқыланады

6. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Нарықтық қатынастардың қандай субъектілері мен объектілерін білесіз?

2. ҚР еркін бәсекені қорғау және қолдау көрсету іс-шаралары қандай?

3. Монополия теориясының негізін қалаушылар кімдер және олардың идеялары қандай?

4. Мемлекттік реттеуге жиі ұшырайтын нарықтық құрылымның қандай типі? Түсіндіріңіз.

5. Нарықтық инфрақұрылымның негізгі элементтері қандай?

6. Нарық инфрақұрылымы нені білдіреді және қандай факторлары бар?

7. Нарық конъюнктурасы дегеніміз не, оған қандай факторлар әсер етеді?

Тапсырмалар:

1. «Нарық шарасыздығы» Қазақстан экономикасына тән құбылыс па? Нарық шарасыздығының себептерін және оның барынша кең байқалатын салаларын талдаңыздар.

2. Көлеңкелі экономиканың (заңсыз іс-әрекеттер) болуы бәсекеге қабілетті тұлғаның емес, пара беруге дайын тұлғалардың артықшылыққа ие болуына әкеледі. Осыған байланысты нарықтық бәсеке механизмі тиімділігінің төмендеуі, жалпы, нарықтық бәсеке идеясының жоққа шығарылуы мүмкін бе?

3. Қазіргі уақытта экономикалық теорияда монополияның шын мәнінде қоғамға зиян екендігі туралы бірыңғай пікір жоқ. Монополия экономикалық пайдаға ие бола отыра, маңызды зерттеулерді, тәуекелділігі жоғары инновациялық жобаларды қаржыландыру мүмкіндігіне ие. Оның үстіне, монополиялық баға дискриминация саясаты қоғамдық әл-аукаттылықка да оң әсер етеді. Сондықтан, мерзімді басылымдар және басқа да дерек көздерін пайдалана отырып, аудиторияда монополияньщ қоғамға қажеттілігін талдау ұсынылады.

Тестілік сұрақтар:

1. Нарық шеше алмайтын мәселелер:

a)инфляция, жұмыссыздық, экология;

b)тауар сапасын арттыру, ҒТП жандандыру;

c)нарық инфрақұрылымын, институттарын дамыту;

d)экономикалық тиімділік;

e) ақпараттардың ашықтығын қамтамасыз ету.

2. Нарық жүйе ретінде өзінің дамуында келесідей белгілерге ие:

a)стихиялы, бәсекеге негізделген, ұйымдасқан, монопольды;

b)дәстүрлі, нарықтық, аралас, жоспарлы;

c)натуралды, тауарлы;

d)эволюциялық, революциялық, аралас;

e)жеке меншік, қоғамдық еңбек бөлінісі.

3. Нарықтың артықшылығы:

a)әлеуметтік әділеттілік орнайды;

b)ресурстарды тиімді бөледі;

c)экология мәселесін тиімді шешеді;

d)толық жұмысбастылық орнайды;

e)монополияны қалыптастырады.

4. Бәсекенің артықшылығы:

a)қоршаған ортаны сауықтырады;

b)ресурстарды тиімді бөледі;

c)жарнаманың рөлін өсіреді;

d)қаржылық өнеркәсіптік топтарды қалыптастырады;

e)әлеуметтік теңсіздікті төмендетеді.

5. Жетілген бәсеке жағдайында сұраныс қисығы сәйкес келеді:

a)шекті және орташа табыс қисықтарына;

b)жалпы табыс қисығына;

c)жалпы шығындар қисығына;

d)шекті шығындар қисығына;

e)айнымалы шығындар қисығына.

6. Нарықтың инфрақұрылымының негізгі элементтері:

a)баға, бәсеке, сұраныс пен ұсыныс;

b)жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлік;

c)биржа, жәрмеңке, аукцион;

d)материалдық және материалдық емес өндіріс;

e)білім, идея, ғылым, денсаулық.

7. Нарықтық инфрақұрылымның мәні:

a)мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпкерлер арасында мүдделер үйлесімділігін қамтамасыз ету;

b)сатушылар және сатып алушылардың табыстары мен шығыстары туралы ақпарат беру;

c)экономика салалары арасындағы тепе-тендікті қамтамасыз ету;

d)тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысы үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету;

e)монополияны шектеу және бәсекені қолдау.

 


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 637 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып. Қоғамдық шаруашылықтың нысандары. Тауарлы өндіріс. Ақша.| Тақырып. Сұраныс пен ұсыныс

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)