Читайте также:
|
|
Әдістемелік нұсқаулар. Практикаға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. ең алдымен, «Мемлекеттің әлеуметтік саясаты: қажеттілігі, мәні және мақсаттары», «табыстардың құрылымы. Қоғамдық табыстарды бөлу,теңіздік мәселесі», «ҚР-дағы халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттары», «Аймақтық саясат. Аймақтық саясатты жүзеге асырудың әдістері мен құралдары» түсініктеріне мән беріңдер. Мемлекеттіі әлеуметтік саясатын жүргізу үшін қандай күш жұмсап, және қандай жағдайларда одан ауытқу болатынын түсіндіріңдер. Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік сала, Лоренц қисығы, Джини коэффициенті, субсидия, мемлекеттің экономикалық саясаты, Парето оптиумымы, әлеуметтік саясат терминдеріне анықтама беріңдер, түрлері мен себептерін қарастырыңдар.
СОӨЖ тапсырмалары:
1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
3. Тапсырмаларды орындау
4. Тест сұрақтарына жауап беру
5. «ҚР-дағы әлеуметтік қорғау жүйесіне талдау жүргізу», «Қазіргі кезеңдегі аймақтық саясат ерекшеліктері», «Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірибесін пайдалану мәселелері», «Аймақтардағы дағдарыстардың басты белгілері» тақырыптарына баяндама дайындау
6. «Табыстарды бөлудегі теңсіздік» тақырыбына эссе жазу
7. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Экономикадағы мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары қандай?
2.Өмір сүру дәрежесінің көрсеткіштер жүйесі дегеніміз не?
3.Мемлекеттің еңбекті қорғау саясатының мәні неде?
4.Әлеуметтік саясаттың теріс экономикалық салдары бар ма?
5.Әлеуметтік саясат қандай бағыттарда жүзеге асырылады?
6.Әлеуметтік салаға нелер жатады?
7.Лоренц қисығын қалай түсінесіз?
Тапсырмалар:
1. Неліктен субсидия жүйесі нарықтық механизмге қарама-қайшы?
2.Табыстардың бөлінуі. Сипаттама беріңіз. (Парето, Лоренц, Джини методологиясы негізінде өлшеу)
3.Лаффер қисығы қаншалықты практикалық? Оның қолдану аймағы.
Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 535 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тақырып. Мемлекеттік реттеу: маңызы, мақсаттары, құралдары | | | Тестілік сұрақтар. |