Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Студенттің өз бетімен жұмысы: - 50 мин

Читайте также:
  1. Quot;Ризыгы киң, гомере озын булуны теләгән кеше туганнары белән арасын өзмәсен".3 1 страница
  2. Quot;Ризыгы киң, гомере озын булуны теләгән кеше туганнары белән арасын өзмәсен".3 2 страница
  3. Quot;Ризыгы киң, гомере озын булуны теләгән кеше туганнары белән арасын өзмәсен".3 3 страница
  4. Quot;Ризыгы киң, гомере озын булуны теләгән кеше туганнары белән арасын өзмәсен".3 4 страница
  5. Quot;Ризыгы киң, гомере озын булуны теләгән кеше туганнары белән арасын өзмәсен".3 5 страница
  6. Quot;Ризыгы киң, гомере озын булуны теләгән кеше туганнары белән арасын өзмәсен".3 6 страница
  7. Quot;Ризыгы киң, гомере озын булуны теләгән кеше туганнары белән арасын өзмәсен".3 7 страница

Практикалық дағдыны қалыптастыру: типтік және ситуациялық есептерді шешу.

 

Тарсырмалар:

І. Таңдама бойынша (Запрос на выборку) сұраныс құру:

А. «Емхананың барлық бөлімдерінің науқастарына таңдама жасайтын сұраныс құрыңыз Қорытынды кестеде дәрігердің аты-жөні болу керек».

a) MS Access бағдарламасын жүктеңіз.

b) «Емхана» файлын ашу үшін: «Office» батырмасына шертіп, «Ашу» командасын таңдап C:\STUDENT\ТОБЫҢЫЗДЫҢ НӨМІРІМЕН аталған қалтадан «Емхана» атты деректер қорын ашыңыз.

c) «Емхана» деректер қорының терезесінен ҚҰРУ (СОЗДАНИЕ) қосымшасын ашыңыз. БАСҚАЛАР (ДРУГИЕ) топтамсындағы СҰРАНЫСТАР ҚҰРАСТЫРУШЫСЫ (КОНСТРУКТОР ЗАПРОСОВ) пиктограммасына шертсеңіз – үлгі бойынша сұраныстың (ЗАПРОС ПО ОБРАЗЦУ) бланкісі ашылады. Сонымен қатар «Кесте қосу» (ДОБАВЛЕНИЕ ТАБЛИЦЫ) атты сұхбат терезесі ашылады.

d) «Кесте қосу» (ДОБАВЛЕНИЕ ТАБЛИЦЫ) сұхбат терезесінен «Науқастар» кестесін ерекшелеп, «Қосу» (ДОБАВИТЬ) батырмасын шертіңіз де, «Кесте қосу» (ДОБАВЛЕНИЕ ТАБЛИЦЫ) терезесін жабыңыз.

e) «Науқастар» кестесінен қорытынды кестеге қажет Дәрігердің аты-жөні, Науқастың аты-жөні, Бөлімшесі атты өрістерді таңдаңыз. Ол өрістерді таңдау үшін қажет өрісті ерекшелеп тұрып, тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертіңіз.

f) Үлгі бойынша сұраныс бланкісін жабыңыз. Жабу барысында сұранысқа «Науқастар - 1» атын беріңіз.

g) Құрылған сұранысты ашу үшін ӨТУ АЙМАҒЫНДАҒЫ (Область переходов) «Науқастар -1» сұранысына екі рет шертіңіз.

В. «Лор» немесе «Кардиолог» мамандықтары бойынша дәрігерлерге таңдама бойынша сұраныс құрыңыз.

a) ҚҰРУ (СОЗДАНИЕ) қосымшасын ашыңыз. БАСҚАЛАР (ДРУГИЕ) топтамысындағы СҰРАНЫСТАР ҚҰРАСТЫРУШЫСЫ (КОНСТРУКТОР ЗАПРОСОВ) пиктограммасына шертсеңіз – үлгі бойынша сұраныстың бланкісі ашылады. Сонымен қатар «Кесте қосу» (ДОБАВЛЕНИЕ ТАБЛИЦЫ) атты сұхбат терезесі ашылады.

b) «Кесте қосу» (ДОБАВЛЕНИЕ ТАБЛИЦЫ) сұхбат терезесінен «Қызметкерлер» кестесін ерекшелеп, «Қосу» (ДОБАВИТЬ) батырмасын шертіңіз де, «Кесте қосу» (ДОБАВЛЕНИЕ ТАБЛИЦЫ) терезесін жабыңыз.

c) «Қызметкерллер» кестесінен қорытынды кестеге қажет Дәрігердің аты-жөні, Мамандығы атты өрістерді таңдаңыз. Ол өрістерді таңдау үшін қажет өрісті ерекшелеп тұрып, тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертіңіз.

d) Мамандық өрісі үшін таңдау шартын қойыңыз. Ол үшін таңдау шарты жолына Лор or Кардиолог деп жазыңыз. Кестеден тек «Лор» және «Кардиолог» дәрігерлері таңдалады.

Ескерту: Егер таңдама шартының жолына «Not Лор» енгізсек, онда Лор мамандығынан басқалардың барлығы таңдалынады.

e) Үлгі бойынша сұраныстың бланкісін жабыңыз. Жабу барысында оған Мамандық деп ат беріңіз.

f) Мамандық сұранысын жүктеңіз.

С. «45000 теңгеден төмен айлық алатын дәрігерлерге таңдама бойынша сұраныс құрыңыз».

a) ҚҰРУ (СОЗДАНИЕ) қосымшасын ашыңыз. БАСҚАЛАР (ДРУГИЕ) топтамасындағы СҰРАНЫСТАР ҚҰРАСТЫРУШЫСЫ (КОНСТРУКТОР ЗАПРОСОВ) пиктограммасына шертсеңіз – үлгі бойынша сұраныстың бланкісі ашылады. Сонымен қатар «Кесте қосу» (ДОБАВЛЕНИЕ ТАБЛИЦЫ) атты сұхбат терезесі ашылады.

b) «Кесте қосу» (ДОБАВЛЕНИЕ ТАБЛИЦЫ) сұхбат терезесінен «Қызметкерлер» кестесін ерекшелеп, «Қосу» (ДОБАВИТЬ) батырмасын шертіңіз де, «Кесте қосу» (ДОБАВЛЕНИЕ ТАБЛИЦЫ) терезесін жабыңыз.

c) «Қызметкерлер» кестесінен қорытынды кестеге қажет «Дәрігердің аты-жөні», «Айлық» атты өрістерді таңдаңыз. Ол өрістерді таңдау үшін қажет өрісті ерекшелеп тұрып, тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертіңіз.

d) Айлық өрісі үшін таңдама шартын беріңіз. Таңдама шартының жолына <45000 енгізіңіз. Кестеден 45000 т-ден төмен айлық қана алатын дәрігерлер таңдалынады.

e) Үлгі бойынша сұраныс бланкісі жабыңыз. Жабу барысында оған «Айлық» деп ат беріңіз.

f) «Айлық» сұранысын жүктеңіз.

 

ІІ. «Параметрі бар» сұраныс құрыңыз.

a) ҚҰРУ (СОЗДАНИЕ) қосымшасын ашыңыз. БАСҚАЛАР (ДРУГИЕ) топтамасындағы СҰРАНЫСТАР ҚҰРАСТЫРУШЫСЫ (КОНСТРУКТОР ЗАПРОСОВ) пиктограммасына шертсеңіз – үлгі бойынша сұраныстың бланкісі ашылады. Сонымен қатар «Кесте қосу» (ДОБАВЛЕНИЕ ТАБЛИЦЫ) атты сұхбат терезесі ашылады.

b) «Кесте қосу» (ДОБАВЛЕНИЕ ТАБЛИЦЫ) сұхбат терезесінен «Қызметкерлер» кестесін ерекшелеп, «Қосу» (ДОБАВИТЬ) батырмасын шертіңіз де, «Кесте қосу» (ДОБАВЛЕНИЕ ТАБЛИЦЫ) терезесін жабыңыз.

c) «Қызметкерлер» кестесінен қорытынды кестеге қажет «Дәрігердің аты-жөні», «Мамандығы»» «Еңбек стажы», «Айлық» атты өрістерді таңдаңыз.

d) «Дәрігердің аты-жөні» өрісі үшін таңдама шартын беріңіз. Таңдама шартының жолына [Дәрігердің атын-жөнін енгізіңіз] деп жазыңыз. Сұранысты жүктеу кезінде тұтынушы қажет мәнді енгізу керек.

e) Үлгі бойынша сұраныстың бланкісін жабыңыз. Жабу барысында оған «Дәрігерлер» деп ат беріңіз.

f) «Дәрігерлер» сұранысын жүктеңіз.

 

ІІІ. «Есептеуі бар» сұраныс құрыңыз.

a) ҚҰРУ (СОЗДАНИЕ) қосымшасын ашыңыз. БАСҚАЛАР (ДРУГИЕ) топтамасындағы СҰРАНЫСТАР ҚҰРАСТЫРУШЫСЫ (КОНСТРУКТОР ЗАПРОСОВ) пиктограммасына шертсеңіз – үлгі бойынша сұраныстың бланкісі ашылады. Сонымен қатар «Кесте қосу» (ДОБАВЛЕНИЕ ТАБЛИЦЫ) атты сұхбат терезесі ашылады.

a) «Кесте қосу» (ДОБАВЛЕНИЕ ТАБЛИЦЫ) сұхбат терезесінен «Қызметкерлер» кестесін ерекшелеп, «Қосу» (ДОБАВИТЬ) батырмасын шертіңіз де, «Кесте қосу» (ДОБАВЛЕНИЕ ТАБЛИЦЫ) терезесін жабыңыз.

b) «Қызметкерлер» кестесінен қорытынды кестеге қажет «Дәрігердің аты-жөні», «Айлық» атты өрістерді таңдаңыз.

c) Жаңадан өріс қосыңыз, оның атауы Курс: [Айлығы]/150 болу керек.

d) Үлгі бойынша сұраныстың бланкісін жабыңыз. Жабу барысында оған «Доллар» деп ат беріңіз.

e) «Доллар» сұранысын жүктеңіз.

 

ІV. Кестелер арасына байланыс құрыңыз.

a) ДЕРЕКТЕР ҚОРЫМЕН ЖҰМЫС (РАБОТА С БАЗАМИ ДАННЫХ) атты қосымшасын ашыңыз. КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ЖАСЫРУ (ПОКАЗАТЬ ИЛИ СКРЫТЬ) топтамасындағы ДЕРЕКТЕР СХЕМАСЫ (СХЕМА ДАННЫХ) пиктограммасын шертіңіз. Сұқбат терезесі ашылады.

b) КЕСТЕНІ КӨРСЕТУ (ПОКАЗАТЬ ТАБЛИЦУ) пиктограммасына шерту арқылы КЕСТЕ ҚОСУ (ДОБАВЛЕНИЕ ТАБЛИЦЫ) сұқбат терезесін ашыңыз және «Дәріхана», «Қызметкерлер», «Науқастар» кестелерін таңдаңыз.

Ескерту: Егер ДЕРЕКТЕР СХЕМАСЫ (СХЕМА ДАННЫХ) терезесінде кестелер үнсіздік белгісі бойынша таңдалынып қойылған болса, онда КЕСТЕ ҚОСУ (ДОБАВЛЕНИЕ ТАБЛИЦЫ) терезесінен тек жетпей тұрған кетені ғана қосу керек.

c) «Дәріхана» кестесінен Дәрінің коды өрісін ерекшелеңіз.

d) Осы өрісті «Науқастар» кестесіндегі Дәрінің коды өрісіне дейін тасып апарыңыз. Өрісті жіберер кезде автоматты түрді Байланыстарды өзгерту сұқбат терезесі ашылады.

e) Байланыстарды өзгерту сұқбат терезесінде ҚҰРУ (СОЗДАНИЕ) батырмасына шертіңіз. Деректер схемасының терезесінде құрылған байланысты қарастырыңыз.

Ескерту: Деректердің тұтастылығын қамтамасыз ету өрісіне жалауша қоймаңыз: берілген жаттығуда бұл талап етілмейді.

f) «Қызметкерлер» кестесіндегі Дәрігердің коды өрісін ерекшелеңіз.

g) Осы өрісті «Науқастар» кестесіндегі Дәрігердің коды өрісіне дейін тасып апарыңыз. Өрісті жіберер кезде автоматты түрді Байланыстарды өзгерту сұқбат терезесі ашылады.

h) Байланыстарды өзгерту сұқбат терезесінде ҚҰРУ батырмасына шертіңіз. Деректер схемасының терезесінде құрылған байланысты қарастырыңыз.

i)ДЕРЕКТЕР ҚОРЫ (БАЗА ДАННЫХ) терезесін жабыңыз.

 

V. «Параметрі бар» сұраныс құрыңыз. Емхана науқастарының дәрі-дәрмек қабылдау дозасына сұраныс құрыңыз.

a) ҚҰРУ (СОЗДАНИЕ) қосымшасын ашыңыз. БАСҚАЛАР (ДРУГИЕ) топтамасындағы СҰРАНЫСТАР ҚҰРАСТЫРУШЫСЫ (КОНСТРУКТОР ЗАПРОСОВ) пиктограммасына шертсеңіз – үлгі бойынша сұраныстың бланкісі ашылады. Сонымен қатар «Кесте қосу» (ДОБАВЛЕНИЕ ТАБЛИЦЫ) атты сұхбат терезесі ашылады.

b) «Кесте қосу» (ДОБАВЛЕНИЕ ТАБЛИЦЫ) сұхбат терезесінен «Науқастар», «Дәріхана», «Қызметкерлер» кестелерін ерекшелеп, «Қосу» (ДОБАВИТЬ) батырмасын шертіңіз де, «Кесте қосу» (ДОБАВЛЕНИЕ ТАБЛИЦЫ) терезесін жабыңыз.

c) «Науқастар» кестесінен «Науқастың аты-жөні», «Бөлімшесі» атты өрістерді таңдаңыз.

d) «Дәріхана» кестесінен «Дәрінің аты», «Дозасы» атты өрістерді таңдаңыз.

e) «Қызметкерлер» кестесінен «Дәрігердің аты-жөні», «Мамандығы» атты өрістерді таңдаңыз.

f) «Доза» өрісі үшін шарт қойыңыз. Таңдама шарты жолына [Дәріні қабылдау дозасы] деп жазыңыз. Сұранысты жүктеу кезінде тұтынушы қажет мәнді енгізу керек.

g) Үлгі бойынша сұраныстың бланкісін жабыңыз. Жабу барысында оған «Дәрі қабылдау» деп ат беріңіз.

g) «Дәрі қабылдау» сұранысын жүктеңіз.

 

 

VI. Қорытынды сұраныс құрыңыз.

«Дәрінің бағасы» өрісінен деректердің ең үлкен мәнін таңдау үшін қорытынды сұраныс құрыңыз. Қорытынды кесте әдеттегідей «Науқастың аты-жөні» және «Дәрінің аты» атты өрістерді қамтуы тиіс.

a) ҚҰРУ (СОЗДАНИЕ) қосымшасын ашыңыз. БАСҚАЛАР (ДРУГИЕ) топтамасындағы СҰРАНЫСТАР ҚҰРАСТЫРУШЫСЫ (КОНСТРУКТОР ЗАПРОСОВ) пиктограммасына шертсеңіз – үлгі бойынша сұраныстың бланкісі ашылады. Сонымен қатар «Кесте қосу» (ДОБАВЛЕНИЕ ТАБЛИЦЫ) атты сұхбат терезесі ашылады.

b) «Кесте қосу» (ДОБАВЛЕНИЕ ТАБЛИЦЫ) сұхбат терезесінен «Дәріхана» және «Науқастар» кестелерін ерекшелеп, «Қосу» (ДОБАВИТЬ) батырмасын шертіңіз де, сұхбат терезесін жабыңыз.

c) Үлгі бойынша сұраныс бланкісіне келесі өрістерді енгізіңіз: «Науқастар» кестесінен «Науқастың аты-жөні», «Дәріхана» кестесінен «Дәрінің аты» және «Бағасы».

d) «Науқастың аты-жөні» өрісіндегі деректерді өсу реті бойынша сұрыптаңыз.

e) СҰРАНЫСТАРМЕН ЖҰМЫС (РАБОТА С ЗАПРОСАМИ) қосымшасының КӨРСЕТУ НЕМЕСЕ ЖАСЫРУ (ПОКАЗАТЬ ИЛИ СКРЫТЬ) топтамасындағы ҚОРЫТЫНДЫ (ИТОГИ) пиктограммасына басыңыз. Бұл команда бланкінің төменгі бөлігіндегі ТОПТЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР (ГРУППАВАЯ ОПЕРАЦИЯ) жолын құру үшін қажет. Соның негізінде топтық операциялар (Топтастыру мәні) құрылады. Басқа өрістер үшін осы жолда «Топтастыру» батырмасына шертіңіз – берілген өрісте мәнді есептеу үшін қорытынды функцияны таңдауға болатын ашылған тізімнің батырмасы пайда болады.

f) «Дәрінің аты» өрісі үшін first қорытынды функциясын.

g) «Дәрінің бағасы» өрісі үшін MAX қорытынды функциясын.

h) Үлгі бойынша сұраныстың бланкісін жабыңыз. Жабу барысында оған «Қорытынды» деген ат беріңіз.

i)«Қорытынды» сұранысын жүктеңіз.

 

VII. «СҰРАНЫСТАР ШЕБЕРІ»-нің (МАСТЕР ЗАПРОСОВ) көмегімен «Қарапайым» (ОБЫЧНЫЙ) сұранысты «Дәріхана», «Қызметкерлер», «Науқастар» кестелерінің негізінде құрыңыз.

 

VIII. ФОРМАЛАР ШЕБЕРІ-нің (МАСТЕР ФОРМ) көмегімен «Дәріхана», «Қызметкерлер», «Науқастар» кестелерінің негізінде формалар құрыңыз. (бір бағандық (в один столбец), ленталық (ленточный), кестелік (табличный), түзетілген (выровненный)).

 

IX. ЕСЕП БЕРУЛЕР ШЕБЕРІ-нің (МАСТЕР ОТЧЕТОВ) көмегімен «Дәріхана», «Қызметкерлер», «Науқастар» кестелерінің негізінде есептер құрыңыз. (бағандық (в столбец), кестелік (табличный), түзетілген (выровненный)).

Әдебиет:

1. Сергеев А.П. Самоучитель.-Microsoft Office 2007. М.:Санкт-Петербург.Киев, 2007 г.стр. 432.

2. Алексеева И.В. Сборник задач и упражнений по курсу «Информатика». – Обнинск: Обнинский институт атомной энергетики, 2007.

3. Власов В.К., Королев Л.Н. Элементы информатики./ Под. Ред. Л.Н. Королева.- М.: Наука, 2008 г.

4. Информатика: Учебник для вузов.- / Под ред. С.В. Симоновича. – СПб.: Питер, 2008.

5. Кураков Л.П., Лебедев Е.К. Информатика. – М.: Вуз и школа, 2009. – 636с.


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 59 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Зіліс - 10 мин| Acknowledgements 1 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)