|
Тақырып. Деректер қоры. Деректер қорының көмегімен жеке медициналық карталар құру
Мақсаты: Реляциялық үлгідегі ДҚ құруды және түзетуді оқып үйрену, оларға сұраныстар жасауды іске асыру (таңдамаға сұраныс, параметрлік сұраныс және қиылысқан сұраныстар және т.б.), күрделі есеп берулер мен формаларды қалпына келтіру.
Оқытудың міндеттері: біркестелі және реляциялық деректер қорына, деректер сызбасына енгізілген деректердің қолданыстағы формаларын өңдей білуді, деректерді іздеу мен таңдап алуға арналған сұраныстар құруды, сұраныстардың әр түрлі тәсілдерін пайдалануды, арифметикалық тұрғыдағы формулалар мен функцияларды қолдануды, деректерді шығаруға арналған есептеулер нәтижелерін құруды қалыптастыру.
Йымдастыру кезеңі: - 5 мин
Студенттердің сабаққа қатысуын тексеріп, келмеген және дайындалмаған себептерін айқындап, жаңа сабаққа назар аударуын ұйымдастыру.
Тақырыптың негізгі сұрақтары: - 45 мин
1. Сұраныстар.
2. Сұраныстарды құрастырушы режимінде құру.
3. Сұраныстың түрлері.
4. Күрделі формалар мен есеп берулерді шебердің көмегімен құру.
зіліс - 10 мин
Оқыту және сабақ беру әдістері: тізбектелу әдісі.
Құзыреттілікті қалыптастыру әдістері:
Ø Компьютерде сауалнама тапсыру (студент берілген тақырып бойынша минималды білімді және дағдыны тексеруге арналған теориялық сұрақтардан, негізгі анықтамалардан тұратын сауалнамаға жауап беруі тиіс). Ауызша сұрау (студент берілген тақырып бойынша әдістемелік нұсқауда көрсетілген сұрақтарға дайындықпен келуі тиіс).
Ø ДК-де практикалық жұмыстың нәтижесін тексеру (студент сабақта нақты дағдыны алу үшін жеке тапсырмаларды орындауы тиіс).
Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 106 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Mona Lisa Smile | | | Студенттің өз бетімен жұмысы: - 50 мин |