Читайте также:
|
|
Негізгі құралдар болған жағдайда, олар жинақталған амортизацияны және/немесе құнсызданудың жинақталған шығындарын шегергендегі бастапқы құн бойынша есептелінеді. Мұндай құн жабдықтардың бір бөлігін ауыстыру құнын және ұзақ мерзімді құрылыс жобаларын капиталдандыру критерийлері орындалған жағдайда займдар бойынша шығындарды қосады. Белгілі уақыт аралығынан кейін негізгі құралдардың едәуір компоненттерін ауыстыру қажет болғанда, Топ мұндай компоненттерді оларды пайдалы қолдану мен амортизациялаудың жеке мерзімдеріне сәйкес жеке активтер ретінде танитын болады. Негізгі техникалық байқауды өткізу кезінде баламалы түрде оларға байланысты шығындар, егер барлық тану критерийлері орындалса, негізгі құралдардың баланстық құнында жабдықтарды ауыстыру ретінде танылады Жөндеу мен техникалық қызмет көрсетудің барлық басқа шығындары жатқызылу сәтінде пайда мен шығындар туралы есепте танылатын болады. Активті пайдаланудан шығару бойынша күтілген шығындардың берілген құны, егер болашақтағы шығындарға резервті тану критерийлері орындалса, оны пайдаланғаннан кейін тиісті активтің бастапқы құнына қосылады.
4 кестеде көріп отырғандай тозу активтерді пайдалы қолданудың келесі есептік мерзімдері ішінде жүйелік әдіспен есептелінеді:
Кесте 4 - Активтерді пайдалы қолданудың есептік мерзімдері
Жылдар | |
Ғимараттар | |
Орынжайлар | 10-20 |
Техникалық жабдықтары | 3-20 |
Тағы басқалары | 3-20 |
Бұрын танылған негізгі құралдарды немесе олардың айтарлықтай құрамдасын тануды тоқтату олардың кетуі барысында немесе болашақта пайдаланудан экономикалық пайда болмайтын жағдайда немесе осы актив істен шыққанда жүзеге асырылады. Активті тануды тоқтатумен байланысты (істен шығарудан түскен таза түсімдер сомасы мен активтердің баланстық құны арасындағы айырма ретінде есептелген) пайда немесе шығындар актив істен шығарылған жылдың пайда мен шығындары туралы есебіне қосылады.
Келесі кестеде жыл соңына негізгі құралдар көрініс тапты:
Кесте 5 – Жыл соңына негізгі құралдардың қозғалысы
Мың теңгемен
Жер | Ғимараттар мен Орынжай-лар | Жабдық | Басқалары | Аяқталма- ған құрылыс | Барлығы | ||
Бастапқы құны | |||||||
2013 ж. 1 қаңтарға | 604.085 | 28.954.417 | 277.271.980 | 10.579.104 | 24.458.446 | 341.868.032 | |
Түсімдер | 37.306 | 217.083 | 22.069.787 | 797.047 | 17.141460 | 40.262.683 | |
Аударымдар | 20.715 | 2.637.635 | 11.302.637 | 169.003 | (14.129.990) | - | |
Істен шығу | (3.362) | (312.089) | (4.707.891) | (325.247) | - | (5.348.589) | |
Материалдық емес активтерлегі аударымдар | - | - | - | - | (1.321.346) | (1.321.346) | |
2013 ж. 31 желтоқсанға | 658.744 | 31.497.046 | 305.936.513 | 11.219.907 | 26.148.570 | 375.460.780 | |
Түсімдер | 18.388 | 266.391 | 26.025.642 | 1.379.178 | 20.130.282 | 47.819.881 | |
Аударымдар | (13.916) | 2.200428 | 16.138.086 | 144.127 | (18.468.725) | - | |
Істен шығу | (10.573) | (126.034) | (3.740.540) | (269.451) | (24.321) | (4.170.919) | |
Материалдық емес активтерлегі аударымдар | - | - | - | - | (589.995) | (589.995) | |
2014 ж. 31 желтоқсанға | 652.643 | 33.837.831 | 344.359.701 | 12.473.761 | 27.195.811 | (418.519.747) | |
Жинақталған тозу мен құнсыздану | |||||||
2013 ж. 1қаңтарға | - | 6.426.772 | 117.135.868 | 5.959.830 | 24.321 | 129.546.791 | |
Есептелген тозу | - | 1.217.092 | 30.488.336 | 1.170.882 | - | 32.876.310 | |
Істен шығу | - | (81.880) | (3.213.879) | (2943416) | - | (3.590.175) | |
2013ж. 31 желтоқсанға | - | 7.561.984 | 144.410.325 | 6.836.296 | 24.321 | 158.832.926 | |
Есептелген тозу | - | 1.191.069 | 33.180.284 | 1.148.267 | 89.165 | 35.608.785 | |
Істен шығу | - | (32.346) | (2.962.883) | (249.171) | (24.321) | (3.268.721) | |
2014ж. 31 желтоқсанға | - | 8.720.707 | 174.627.776 | 7.735.392 | 89.165 | 191.172.990 | |
Қалдық құны | |||||||
2013ж. 1қаңтарға | 604.085 | 22.527.645 | 160.136.112 | 4.619.274 | 24.434.125 | 212.321.241 | |
2014ж. 31 желтоқсанға | 658.744 | 23.935.062 | 161.526.188 | 4.383.611 | 26.124.249 | 216.627.854 | |
2014ж. 31 желтоқсанға | 652.643 | 25.117.124 | 169.731.975 | 4.738.369 | 27.106.646 | 227.346.757 | |
5-кесте мәліметтері бойынша негізгі құралдардың шоттар корреспонденциясында көрінісі келесідей:
Дт Кт Сомасы, мың тг.
Түсімдер 2410 3310 40 262 683
Істен шығу 7410 2410 5 348 589
Кәсіпорынның қаржылық жалдау шарттары бойынша пайдаланатын және негізгі құралдар құрамына енгізілген баланстық құны 22.244.663 мың теңге болды (2013 ж.: 20.241.901 мың теңге). Жыл ішіндегі түсімдерге қаржылық жалдау шарттары бойынша алынған 7.596.073 мың теңге (2013 ж.: 4.175.774 мың теңге) көлеміндегі негізгі құралдар кіреді.
Жалданған активтер тиісті қаржылық жалдау шарттары бойынша қамтамасыз ету ретінде кепілге берілген.
2013 жылғы 31 желтоқсанға 58.951.625 мың теңге сомасындағы негізгі құралдар толық амортизацияланды (2013 ж.: 49.134.335 мың теңге).
Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 696 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Ақша қаражаттарының, есеп-айырысулар мен міндеттемелер есебі | | | Еңбекақы есебі және оны төлеу |