Читайте также: |
|
Дәріс.
Быр өндірісінің жалпы мәселелері.
Болат құбырларының негізгі түрлерінің жіктелуі.
Болат құбырларының негізгі түрлерін дайындау әдісімен екі топқа бөлуге болады: жіксіз және пісірілген құбырлар.
Жіксіз құбырларды өндіру процестері «Арнайы пішіндер мен құбырларды өндіру» пәнінде қаралатындықтан пәннің бұл курсында құбырларды пісірумен өндіру процестері мен жабдықтары қарастырылған.
Қимасының пішіні бойынша құбырларды келесідей бөледі: шеңберлі және пішінді, сопақ, тікбұрышты, квадратты, төрт‑, алты‑ және сегізқырлы, сегментті, тамшы тәріздес және басқалар (1‑сурет). Құбырлардың сыртқы диаметрі 0,3‑ 2520 мм, қабырғасының қалыңдығы 0,05‑ 75 мм құрайды. Құбырларды сыртқы диаметрі бойынша келесі топтарға бөледі, мм:
‑ кіші мөлшерлі (қылтүтікті) 0,3 – 4,8
‑ кіші мөлшерлі 5 – 102
‑ орташа мөлшерлі 102‑ 426
‑ үлкен мөлшерлі 426‑дан жоғары
Сыртқы диаметрінің қабырғасы қалыңдығының қатынасына байланысты құбырларды келесі топтарға бөледі:
D/S S/D
‑ ерекше қалыңқабырғалы 5,5 0,18
‑ қалыңқабырғалы 5,9‑ 9 0,18 – 0,12
‑ нормалы 9,1 – 20 0,12 – 0,05
‑ жұқақабырғалы 20,1 – 50 0,05 – 0,02
‑ ерекше жұқақабырғалы > 50 < 0,02
Бойлық қималарымен құбырларды конусты, сатылы шеттері шөктірілген т.б. деп бөледі. Бөлек топта екі және үш қабатты металдан тұратын, өзара қондырмамен, пісіру немесе балқытумен берік байланысқан, биметалды және үшметалды құбырлар бар.
1‑сурет. Пішінді болат құбырлар
Арналуына байланысты құбырларды келесі негізгі топтарға бөледі:
1) мұнай және газ өнеркәсібіне арналған;
2) құбыржолдарға арналған;
3) өнеркәсіптік және азаматтық құрылысқа арналған;
4) машинажасауға;
5) ыдыстар мен баллондарға арналған: бұларды кеме жасауда, атомдық, медициналық өнеркәсіптерде және басқа халық шаруашылығының салаларында қолданады.
Болат құбырларды 350‑ден аса болат таңбаларынан жасайды: көміртекті, легірленген және жоғары легірленген (хроммолибденді, хромникельді, марганецті тоттануға берік, ыстыққа шыдамды) және әртүрлі қорытпалардан жасайды.
Құбырлардың стандарттары мен техникалық шарттарында құбырлардың өлшемдері мен техникалық сипаттамалары, металдың химиялық құрамы, пішіннің түрі, механикалық‑құрылымдық қасиеттері, сынау тәртіптері, қабылдау, орау және тасымалдау шарттары анықталады.
Техникалық шарттар (ТУ) нақты өнімге қатысты техникалық шарттардың мемлекеттік стандартында жоқ болғанда құбырларды дайындау және жеткізуге, сондай‑ақ стандарттардағы бұйым қасиеттерін қатаңдату немесе толықтыру мақсатында жасалады.
Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 720 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Отзывы слушателей Школы Олега Андреева, освоивших метод быстрого чтения | | | Болат құбырларын сынау тәсілдері. |