Читайте также:
|
|
Еңбек ету барысында адамның денсаулығын және дұрыс жұмыс істеу қабілетін сақтауды қамтамасыз ететін заңды актілердің жүйесін еңбекті қорғау деп айтады. Бұл - әлеуметтік-экономикалық, техникалық, гигиеналық, емдеу-профилактикалық заңды актілер.
ЕҚ -дың негізгі мақсаттары: өндірістік жарақаттан, кәсіби аурулардан алдын ала сақтандыру және жұмыс істеу жағдайын жан - жақты жақсарту.
Ең бастапқы құжаттар: Қазақстан Республикасының Конституциясы (30.08.1995ж.), ҚР еңбек туралы заңы, еңбекті қорғау туралы заң еңбек кодексі (15.05.2007 ж.).
Қауіпсіздік техниканың ережелері ұйымдастыру және техникалык шараларды, сонымен қатар қауіпті өндірістік факторлардан сақтайтын құралдарды анықтайды. Электр токтың әсерін электр-қаупсіздік ережелері анықтайды. Өндірістік санитария – ұйымдастыру, гигиеналық және санитарлық – техникалық шараларды қарастырады. Өрт қаупсіздік - өрттен, жарылыстан сақтайтын ережелерді анықтайды. ҚР конституциясы ҚР азаматарына еркін еңбек етуге, демалысқа, денсаулық қорғауға, кәрілік, ауру немесе еңбекке жарамсыздық кезінде материальдық қамтамасыз етуге құқығына кепілдеме береді. Конституцияның еңбек туралы баптары: 24, 29 31, 38. Еңбек кодексі 40 бөлімнен тұрады, 341 бабы бар. Сол баптардың негізі:
- еңбек заңшылықтың принциптері;
- мемлекеттік органдардынның еңбек барысында қарым қатынастарды жанжақты реттеу билігі;
- еңбек барысында қарым қатынастардың пайда болу негіздері;
- жұмыс берушімен жұмыс орындаушының негізгі міндеттерімен құқықтары;
- еңбек келісім шартты құру, тоқтату және мүлдем үзу тәртібі;
- жұмыскердің жеке мәліметтерін қорғау;
- жұмыс уақыттың тәртібі және оны нормалау;
- еңбек ақысы;
- кәсіби дайындық, жайындықты жаңалату және мамандықты жоғарлату;
- кепілдік және компенсациялық төлемдер;
- жеке еңбек дауларды қарастыру;
- әйелдер және басқа жанұялық міндеттері бар адамдардың еңбегін реттеудің ерекшіліктері;
- басқа жұмыс орынбен қосып, үйде жұмыс істейтін, мүгедектер және
- азаматтық кызметкерлердің еңбегін реттеудің ерекшіліктері;
- кіші кәсіпкерлікте жұмыс істейтін жұмыскерлердің, жетекшілердің және коллегиялық атқарушы органдардың мүшелерінің, сонымен қатар басқа қызметкерлер категорияларының еңбегін реттеудің ерекшіліктері;
- әлеуметтік партнерлық және еңбек ауласындағы ұжымдық қарым қатынастар;
- жеке және ұжымдық еңбек дауларды қарастыру тәртібі;
- еңбек қаупсіздігі және қорғау сұрақтары;
- еңбек заңдарының орындалуы туралы мемлекеттік және қоғамдық бақылау;
- еңбек қауіпсіздігі және қорғау жөніндегі ішкі бақылау.
Сонымен қатар ЕҚ жөніндегі заңшылықтың негізі тағы бір қатар норматмвті актілермен қамтамасыз етіледі:
Бақылау сұрақтары:
1. Тіл тазалығына не жатады?
2. Еңбекті қорғау актісі неге сүйенеді?
3.Еңбекті қорғау актісінде нелерді ескереді?
Глоссарий:
Желілеулер | Проводка | Cable |
Құбырлар | Конструкция | Construction |
электр қондырғыларының құрылғы ережелері | ПУЭ(Правила устройства электроустановок) | The system for installation of electrical tools |
Жерлестіргіш құрылғы | Зазаемляющее устройство | Grounding tools |
Еңбек шарты | Условия труда | Conditions |
Ішінде | Внутри | Within |
Дәнекерлеу тәсілі | Способ сварки | Techniques |
Көзі | Источник | Source |
СӨЖ: 1. Берілген мәтінен жанаса байланысқан тіркестерді көрсетіңіздер.
2. Мәтіннің мазмұнын қысқаша айту.
СОӨЖ: 1. Берілген тест сұрақтарына жауап беру.
2. «Казахский язык для всех» 446 бет, 17 жаттығу
Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 822 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Негізгі және қосымша оқулықтар тізімі. | | | Тест сұрақтары |