Читайте также: |
|
Заң | Закон | law |
Еңбек | Труд | Labour, work |
Фактор | Фактор | factor |
Экология | Экология | ecology |
Қауіпсіздік | Безопасность | Safety |
Заңшылық | Законодательство | The legislation |
Жағдай | Случай | Occasion |
Қарсы тұру | Противодействовать | Oppose |
Тест сұрақтары:
1. Үздіксіз сигналдың санау нүктелерін белгілегенде нені дұрыс таңдау керек?
Нені қай септіктің сұрағы?
А) табыс, В) атау, С) ілік, Д) барыс
2. Кеңістікте берілген хабардың өзгертуін көрсететін физикалық шама сигнал деп аталады. Термин сөзді көрсет.
А) физикалық
В) хабардың
С) кеңістікте
Д) шама
3.Тәуелдік жалғаудың І жағындағы сөзді көрсет
А) байланысшыларымыз С) импульстерін
В) каналдары Д) тасымалдаушы
Hand outs Кәсіптік қазақ тілі Топ: 11 – 609, - 612, - 904. 7 сабақ ІІІ курс. Ауд № 606 Тақырып: Орфографиялық норма І семестр. 2013/2014 оқу жылы Лексика: Конденсаторларды жалғау Хайрлиева Роза Абдрахмановна |
Сабақтың қысқаша мазмұны: Әдеби тілде орфографиялық норманы сақтау жазуда бірізділікті қалыптастырады. Мысалы:
Кез келген сөзін кейде дефис арқылы жазады. Бұл дұрыс емес. Сәбит қызы. Бұл қате жазылуы. Дұрысы Сәбитқызы. Сан есімдерді де дұрыс жаза білу керек. 8 адам. 8- сынып. ХХІ ғасыр. ІІ бөлім.
Конденсаторларды жалғау
Конденсаторларды параллель, тізбектей және аралас жалғауға болады..
Параллель жалғау дегеніміз барлық конденсаторларды электр энергия
көзіне тура жалғау. Параллель жалғанғанда барлық конденсаторлардың
кернеулері бірдей және электр энергия көзінің, кернеуіне тең болады, ал
заряд әрбір конденсаторлардың зарядының қосындысына тең.
Q ЭКВ = Q1 + Q2 + Q3 = C1U + C2U + C3U = U (C1 + C2 +C3 )
Q ЭКВ= U·C ӘКПАР=U(C1+C2+C3 )
CЭКВ= C1 + C2 + C3 = ∑ C
Конденсаторларды параллель жалғағанда, олардың эквиваленттік сыйымдылығы әрбір конденсаторлардың сыйымдылығының арифметикалық қосындысына тең болады.
Тізбектей жалғау дегеніміз бір конденсатордың теріс зарядталған пластинасын келесі конденсатордың оң зарядталған пластинасына жалғау.
Тізбектей жалғауда әрбір конденсатордың зарядтары өзара тең, ал кернеу конденсатордың кернеулерінің қосындысына тең.
Q = Q1 = Q2 = Q3
U = UC1 + UC2 + UC3= Q/C1 + Q/C2 + Q/C3
Q/C ӘК (ПОСЛ) = Q/C1 + Q/C2 + Q/C3
1/C ӘКВТІЗБ = 1/C1 + 1/C2 + 1/C3
Егер екі конденсатор тізбектей қосылса, онда
1/СӘКВТІЗ = 1/C1 + 1/C2 = C2 + C1/C1·C2 → CӘКВ1 = С1·С2/С1 + С2
Конденсатордың электр энергиясы WЭ= CUC2/2 формуласымен анықталады.
Аралас жалғау деп, схемада конденсаторлардың параллель де, тізбектей де
жалғануын айтамыз.
Бақылау сұрақтары:
1. Тізбектей жалғау дегеніміз не?
2. Тізбектей жалғағанда конденсатордың жалпы сыйымдылығы қалай өзгереді?
3. Параллель жалғау дегеніміз не?
4. Параллель жалғағанда конденсатордың жалпы сыйымдылығы қалай өзгереді?
Глоссарий:
Сыйымдылық | Емкость | Capacity |
Конденсатор | Конденсатор | Condensator |
Кернеу | Напряжения | Voltage |
Кернеулік | Напряженность | Intensity, strain |
Заряд | Заряд | Load |
Анықталады | Определиться | To become clear |
Әрбір | Каждый | Each, every |
Барлық | Все | In all, only |
СӨЖ:
1. Өзге тілден енген сөздерді жазып алып, орысша баламасын бер.
2. Конденсаторлар туралы қосымша мәлімет жаз.
7. СОӨЖ:
1. Мәтінен омоним тұлғалы қосымшада тұрған сөздерді талда.
2. Студент, радист, байланысшы сөздерін жіктік жалғаумен жікте (жекеше, көпше) түрде.
Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 545 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Жазық конденсатордың электр сыйымдылығы. | | | Электр сыйымдылығының өлшемін көрсет |