Читайте также:
|
|
1. Агасьян М.В. «Электротехника и электротехнические измерения»
М. Р и С.1983г
2. Добротворский И.Н. «Теория электрических цепей»М. Р и С 1989г
3. Ачкасова Г.А. «Сборник задач по теории электрических цепей»
М. Р и С
3. «Қазақ тілі для всех» Бектұров, Бектұрова
4. «Кәсіби қазақ тілі» Ұ. С. Байсақалова
5. Қазақша – орысша, орысша – қазақша сөздіктер.
7. «Справочник» Из. Москва «Связь» 1989
Тесті сұрақтары:
1. Амплитудалық импульстік модуляция кезінде сигналдың амплитудасы өзгереді.
Пысықтауышты көрсет.
А) кезінде
В) амплитудалық
С) амплитудасы
Д) импульстік
2. Көпарналы жүйеде магнитті гармоникалық генератор кеңінен қолданылады.
Бастауышты көрсет.
А) жүйеде
В) магнитті
С) генератор
Д) кеңінен
3. Жұпты гармониканы алу үшін екі жарты периодты кодалар қолданылады.
Сан есімді көрсет.
А) кодалар
В) алу
С) периодты
Д) екі жарты
Hand outs Кәсіптік қазақ тілі Топ: 11 – 609, - 612, -904 11 сабақ ІІІ курс. Ауд № 606 Тақырып: Іскерлік ортада сөйлеу мәдениеті І семестр. 2013/2014 оқу жылы Лексика: Ресурстар және оны қолдану Хайрлиева Роза Абдрахмановна |
Кез келген адамның қарапайым да түсінікті болуы керек. Әсіресе, іскер адамның сөзі – өзінің нақтылығымен ерекшеленуі керек. Сөзді айтудағы кемшілік не сөзді өз орнына дұрыс қолданбау тыңдаушыны негізгі іске байланысты негізгі мазмұнынан адастырып жібереді, тіпті кейде түсінбеушілікке әкеліп соқтырады. Әрбір іскер адам шешен бола білуі керек. Шешендік өнер кез келген жағдайда емес, пікір таластыру немесе әлеуметтік мәні үлкен тақырып бойыншы көпшілікпен тілдескенде жұмсалады.
Ресурстар, оларды қолдану.
Өндіріс процесінде ресурстар пайданылады.
Ресурстар – материалдық және рухани игіліктер мен қызметтерді жасау процесінде пайдаланылуы мүмкін түрлі өндіріс элементтерінің жиынтығы.
Ресурстардың бес түрін ажыратуға болады:
1) табиғи ресурстар – бұл адамның тіршілік етуінің табиғи жағдайларының барлық жиынтығының бір бөлігі, өндіріс процесінде пайдаланылатын қоршаған ортаның ең маңызды құрамдас бөліктері (топырақ, су ресурстары, пайдалы қазбалар);
2) еңбек ресурстары – еңбекке жарамды жастағы халық, жұмыс күшіне ие адамдар;
3) өндіріс құралдары (машиналар, жабдықтар) және қоғам өндірістік процесс үшін бөлетін ақшалай қаражат түріндегі капитал;
4) ақпараттық ресурстар – автоматтандырылған өндірістің қызмет етуіне және оны компьютерлік техника көмегімен басқару үшін қажетті мәліметтер;
5) кәсіпкерлік қабілет – басқа ресурстардың барлығын игіліктер мен қызметтер жасау мақсатында үйлестіру мен құрамдастыру бойынша әрекет түрінде көрінген адамдар капиталының айрықша түрі.
Ресурстардың абсолютті және салыстырмалы шектеулілігі ажыратылып жүр.
Абсолютті шектеулілік ретінде өндірістік ресурстардың қоғам мүшелерінің барлық қажеттіліктерін бір мезгілде қанағаттандыруға жетіспеушілігін айтады.
Егер қажеттіліктер шеңберін тарылтса, онда қажеттіліктердің абсолюттік шектеулілігі салыстырмалы болады, өйткені қажеттіліктердің шектеулі шеңбері үшін ресурстар салыстырмалы түрде шексіз болмақ.
Өндіріс процесінде бастапқы ресурстардың адамдардың қажеттіліктеріне бейімделуі, игіліктердің жасалуы жүзеге асады.
Ресурстар өндіріс факторлары, өнім жасау факторлары ретінде көрінеді. Әрбір өнімнің өндірілуіне қажетті өзінің факторлар жиынтығы бар.
Факторлар былай жіктеледі:
1) өндіріс процесінде жүзеге асатын еңбекке деген қабілеттілігі бар адамдар ресурстары;
2) табиғи ресурстар және адамдардың бүкіл қызметінің нәтижесінде өзгеретін, олардан жасалатын материалдар еңбек заттары ретінде көрінеді;
3) адамдар олар арқылы еңбек процесінде заттарға әсер ететін еңбек қызметінің жинақталған ресурстары (еңбек құралдары, жабдықтар) еңбек құралдары ретінде көрінеді.
Еңбек құралдары мен еңбек заттары бірге алғанда өндіріс құралдарын құрайды.
Адамдар қоғамының тіршілік етуі үшін өндіріс процесі қажет.
Өндіріс – адамдардың өмір сүру үшін қажетті материалдық игіліктер мен қызметті жасау мақсатында табиғат заттарына әсер ету процесі.
Материалдық игіліктерді өндіру тәсілі - өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың диалектикалық бірлігі болып табылады. Бұндайда өндірістік күштер өндіріс тәсілінің материалдық – заттық мазмұнын, ал өндірістік қатынастар – олардың өмір сүруі мен дамуының әлеуметтік – экономикалық нысанын құрайды.
Бұндай өзара байланыс жұмыс күшіне ие адам бір жағынан, өндірістік күштер элементі, екінші жағынан – экономикалық қатынастар субъектісі болып табылатынына тәуелді.
Өндірістік күштер бұл адамның өз өндірісі мен тұтынуы үшін бейімдей алған күштері. Олардың ішкі құрылымы бар. Олардың іштерінде ең алдымен өндіріс құралдары мен жұмыс күші бөлінеді, өндіріс процесінде адамдар арасындағы қатынастар, яғни өндірістік қатынастар қалыптасады.
Өндіріс процесінде өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың өзара ықпалдасуы жүзеге асады.
Экономикалық ресурстар – бұлда өндіріс факторы, табиғатта пайда болады және оны адамдар өндіреді. Оған: көмір, газ, мұнай, бензин, керосин, темір рудасы, темір, болат, машина, станок, жабдық, үй және т.б. жатады. Адам ресурстары – олардың еңбек әуелеті, кәсіпкерлік қабіліттілігі болмақ.
Планетамыздағы барлық экономикалық ресурстар шектеулі мөлшерде болады. Мысалы, жер өте көп, бірақ жыртуға жарамды жерлер шектеулі мөлшерде ғана бар. Жердің көптеген көлемін тау сілемі, орман, тундра, құм массивтері – бос дала және т.б. алуда. Бұрындары қуатты пайдалы қазбалар болған жерлер – оларды алудың нәтижесінде тозады. Мысалы, атақты «Магнит» тауының орнында, Магнитогорск қаласы ауданында – бұрын магнит темір рудасының үлкен қоры болған, қазіргі кезде ол жерде үлкен шұңқыр қалып отыр. Сондай-ақ өндірістік үйлер, алып құрылыстар, машина, жабдықтар саныда шектеулі болады – мұның барлығы экономиканың даму жолына белгілі шектеу қояды. Осыдан барып, экономикалық ғылымның алдында бар ресурстарды мейлінше тиімді қолдану мәселесі туындайды. Себебі, тұрғындардың тез өсіп келе жатқан сұранымдарын қанағаттандыру қажет.
Бақылау сұрақтары:
1. Қолданылуына қарай ресурстар неше түрге бөлінеді?
2. Іскерлік ортада сөйлеу нені қажет етеді?
3. Ресурс факторлары қалай жіктеледі?
Глоссарий:
Тұтынушы | Потребитель | Consumer |
Сұраным | Спрос | Demand |
Ұсыным | Предложение | Sentence |
Ресурстар | Ресурсы | Resource |
Пайда | Прибыль | Profit |
Өндіріс | Производство | Production |
Тәсіл | Метод | Method |
Қажеттілік | Нужда | Need |
Үрдіс | Процесс | Process |
СОӨЖ – Ресурстардың шектеулігі және оларды талдау мәселелері.
Шеденов Ө.Қ., «Жалпы экономикалық теория» Ақтөбе-2004ж. Б.40-42
СӨЖ – Ресурстарды тиімді пайдаланудың жолдары. Қандай қалалардағы пайдалы қазбаларды білесіз?
2. «Қазақ тілі для всех» 412 бет, 26 – жаттығу
Тесті сұрақтары:
1. Ресурстар дегеніміз не?
А) бұл адамның тіршілік етуінің табиғи жағдайларының барлық жиынтығының бір бөлігі;
В) материалдық және рухани игіліктер мен қызметтерді жасау процесінде пайдаланылуы мүмкін түрлі өндіріс элементтерінің жиынтығы;
С) өндірістік қатынастардың қандай да бір тұстарын көрсететін ғылыми абстракциялар;
D) ол тауарларды өндіру және айырбастаудан тұратын әрекетті зерттейді.
2. Ресурстардың түрлері:
А) табиғи ресурстар, ақпараттық ресурстар;
В) өндіріс құралдары, табиғи ресурстар, кәсіпкерлік қабілет;
С) табиғи ресурстар, еңбек ресурстары, өндіріс құралдары, ақпараттық ресурстар, кәсіпкерлік қабілет;
D) кәсіпкерлік қабілет, өндіріс құралдары, ақпараттық ресурстар.
3. Абсолюттік шектеулілік дегеніміз не?
А) өндіріс процесінде бастапқы ресурстарды адамдардың қажеттіліктеріне бейімделуі;
В) өндірістік ресурстардың қоғам мүшелерінің барлық қажеттіліктерін бір мезгілде қанағаттандыруға жетіспеушілігін айтады;
С) бұл адамның өз өндірісі мен тұтынуы үшін бейімдей алған шектеулілік;
D) өндірістік қатынастардағы мәнді, тұрақты себеп-салдарлық байланыстар.
Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 214 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Кернеу көзінің ішкі кедергісі. | | | Еңбекті қорғау жөніндегі негізгі заңды актілер актілер |